Бұл кітапты оқып шығып, маған алтын уақытыңның
бір бөлігін арнағаның үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Бәлкім, болашақта жолдарымыз тоғысып жатса, осы
кітапты маған көрсетуді ұмытпассың.
Қажетті жері сы-
зылған, керек парағы қайырылған болса, мен тек қуана-
мын. Себебі, кітаптың оқырман кәдесіне жарағаны, ойға
алған мақсатымның ақталғаны, еңбегімнің зая кетпеген-
дігі деп білемін.
Сонымен қатар, күн сайын жанымнан табылып,
менімен бірге дамуға мүдделі болған, менің өзгеруімнің,
нәтижеге жетуімнің куәсі болып келе жатқан жақындары-
ма, туыстарыма, достарым мен қызметкерлеріме шынайы
алғысымды білдіремін. Маған алтын уақыттарыңды
бөліп, өз өмірлеріңнен орын бергендерің, ал менің жүре-
гімде өздерің ойып алар орын алғандарың үшін, қолдап,
демегендерің үшін, сенім артқандарың үшін мың алғыс.
Достарыңызбен бөлісу: