СЕНІ БІРЕУ ҰРСА,
ҚАЛАЙ ЖAУАП БЕРЕСІҢ?
Немесе ПРОАКТИВТІЛІКТУРАЛЫ
МОНОЛОГ
Өмірде әсер ете алмайтын нәрселер бар: ауа райы,
адамның өлімі, ақша бағамының өзгеруі. Қала-
сақ та, қаламасақ та бұларды өзгерте алмаймыз. Бірақ,
әсер ететін нәрселер бар: біліміміз, іс-әрекетіміз, табы-
сымыз. Өзімізді дамыту арқылы басқа жайттарға әсер
ете аламыз.
Проактивтілік дегеніміз – өрт лаулаған сәтте әрекет
ету емес, өртті болдырмау үшін, алдын ала әрекет ету.
Сені біреу ұрған кезде, жауап қайтару емес, сені біреу ұр-
мас үшін не істеу керегін ойлау.
Мысалы, студент болып жүрген кезде, жоғары оқу ор-
нын бітіргенде жұмыс істеу емес, оқу орнын тәмамдаған-
да, саған жұмыс берушілер кезекке тұру үшін әрекет жа-
сау. Отбасыңның қашан ыдырап кететінін күтіп отырмау,
оны болдырмау үшін жарыңды сыйлау, оған гүл әкелу,
бұл – проактивтілік.
Егер біз болған жағдайға реактивті емес, проактивті
көзқараспен қарасақ, біздің өміріміздегі көптеген кері
әсер тигізетін жағдайлардың болмауына әсер ете аламыз.
Осы қағиданы дұрыс ұстансақ, көптеген жеңістерге жете
аламыз.
214
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КІТАПТАР МЕН
ФИЛЬМДEP TIЗІМІ
• «Переломный момент» фильмі.
• «Құстар әні» сериалы.
• Малкольм Гладуэлл. «Переломный момент: Как не
значительные изменения приводят к глобальным переме
нам».
• Коносуке Мацуста. «Твой путь».
ТҮЙІН
Байқасаң, бұл кітапта революциялық ештеңе жоқ.
Алғы сөзде уәде еткенімдей, жеңіс туралы көр-
ген-білгеніммен аянбай бөлістім. Мұны жазудағы логика
қарапайым еді. Тренингіме келуге мүмкіндік таппайтын
барша қазақтың баласына бір идеяны жеткізу.
«Сен лузер
74
» емессің. Бірінші болып туғансың. Ендеше,
барға қанағат қылма. Кедей отбасында, бай отбасында,
ауылда, қалада, қыз болып, ұл болып, сұлу болып, сұрық-
сыз болып, сау болып, мүгедек болып... қандай жағдайда,
қандай сипатта дүниеге келсең де, бұл – сені, тек қана
сені пьедесталға көтеру үшін жаралған дүние. Қандай
жағдайда өмірге келсең де, осы өмірге келу фактіңнің өзі
үлкен мүмкіндік
Саған қалай мақсат қою керегін, мақсат қоюдың мәні
мен жолдарын көрсеткім келді (түсінікті болу үшін
«мақсат» деген сөзді нысанаға ауыстырмадым). Мақ-
сатқа жету жолында қандай ішкі қасиеттерді дамы-
тып, қайсысынан айырылу керегін айтуды жөн көрдім.
Және осы жолда өзіңмен жұмыс істеудің, біліміңді
дамытып, тәжірибе жинаудың, жай ғана ақшаның
соңындағы зомби емес, толыққанды тұлға болудың
маңыздылығын жеткізгім келді. Себебі, ұлы жеңістерге
дайындалып, шыңдалу керек. Тіпті сөздікте де «дайын
Достарыңызбен бөлісу: |