212
деп атайды: барынша аз күш жұмсап,
дене салмағын қал-
пында сақтауды мақсат етеді. Он сегіз жасынан өз нәтиже-
лерін тіркей бастайды. Соның арқасында қандай режим-
де ол жақсырақ ұйықтайды, жақсырақ тынығады,
азырақ
ауырады, тезірек жазылады… соның бәрін анықтай алатын
деңгейге жетті. Мұндағы идея – өзіңді тану және өзіңді
тану бойынша сарапшыға айналу.
Мүмкін, сенің негативке байланып қалатын әдетің
бар шығар. Жюль Еванс «Өмірге арналған философия»
(Philosophy for Life and other Dangerous situations) деген
кітабында «Ризалық күнделігі» деп атайтын күнделік
жүргізуді ұсынады. Бұл өмірдің қараңғы
жақтарын көру-
ге бейім жандарға өзін өзгертуге тамаша мүмкіндік дейді
ол. Мысалы, Марк Аврелий екі мың жыл бұрын «Меди-
тация» деген кітап жазды. Онысы тек қана күн сайынғы
алғыс еді. Қазіргі смартфондарда көңіл күйіңді, ішімдік
пайдалануыңды, ұйықтауыңды, диетаңды,
физикалық
жаттығуларыңды, шығыстарың мен кірістеріңді, қысқа-
сы өміріңнің кез келген аспектісін тізіп отыратын қосым-
шалар толып жатыр. Өз әдеттерің мен эмоцияларыңды
тізіп отыру, өз өзіңе есеп беруге және өзіңді тәртіпке са-
луға көмектесетін жақсы құрал дер едім.
Және әрине, жеңістерді де тізіп отыру керек. Темекі
шекпеуге шешім қабылдадың ба, оны атап өт. Күн сайын.
Қанша уақыт темекісіз өмір сүрсең,
соншалықты өзіңе
деген бағаң артады. Грек философы Эпиктет кез келген
жаман әдеттен арылу үшін отыз күн керек деген. Тізім,
жасауға күніне ұйқыға кетерде уақыт бөл. Қажет болса,
телефонға ескертпе орнат. Бірақ тізім жасамайынша, ұй-
қыға кетпе. Сократ айтқан: «Қандай ас ішіп,
қандай жат-
тығу жасағанын үнемі қадағалап жүретін адамға дәр-
гердің керегі жок». Қысқасы, тізім жасау өзіңді жетілдіру
жолында жүйелі қадағалаудың кұралы бола алады.