Приоритет қоя білу. Брайан Трейси «Оставьте брезгливость, съешьте
лягушку!» деген кітабында эффективті жұмыс істеудің заңдылығын бүге-
шігесіне дейін баяндады. Кітаптың сығындысы мынау: ұсақ-түйекке
алданба, ең қиыны, ең қорқыныштысы болса да, ең маңызды істі бірінші
бітір. Ол ең күрделі, ұнамсыз болуы мүмкін, бірақ егер оған бірінші
кіріспесең, ешқашан кіріспейсің.
«Құрбақаны» желкесінен алмасаң, күнделікті күйбеңге алданып өмірің
өтіп кетуі де ықтимал. Біздің алдымызда өте көп мақсаттар бар, істейтін
жұмысымыз да көп. Бірақ приоритет деген болу керек. Қайсысы сенің
болашағыңа, арғы, түпкі мақсатқа неғұрлым жақындатады? Содан баста.
Ұсақ-түйекке алтын уақытты қор қылма.