Қазақ тіліндегі етіс категориясын зерттелуі
Бәрімізге мәлiм:ең қиыны қазақ тiлiнде етістік бөлімін окыту. Соның ішінде, етістіктің етіс категориясы-өте қиын, күрделі тақырып.
А. Қалыбаева-Хасенова айтқандай: «Ең алдымен етіс категориясының бөлінуі, сөз жасау және сөздердi түрлендіру категорияларына қатысы, сабақты және салт етiстiктерiмен ауыс-түйгiсi, етiстiктердiң басқа да грамматикалы категорияларымен байланысы, сондай-ақ лексика мен грамматиканы морфология мен синтаксисті жақындастырудағы рөлі», - басшылыққа алынуы тиіс.
Р. Сыздықова етіс категориясының тарихын зерттеп айтса, «Қазақ тілі» кітабында бірнеше топ авторлар, олар: Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев етіске қатысты мынадай мағлұмат береді: «Қимылдың обьекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің түрін етіс дейміз». Етістер жұрнақтарының түрлеріне, олардың мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді. Қазақ ғылыми зерттеушілердің арасында да етіс категория түрлерінің саны да өзгеше. Бір топ ғалымдар, олар: Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев етіс категориясын төрт түрге бөліп, көрсеткен. Осыған қарағанда қазақ тіліндегі етіс категориясының топтау мен сандық жағы әлі де толық зерттелмеген. Қазақ тiлiндегі етіс категориясының зерттелу тарихына қатысты зерттеулердің бірі – А.С.Аманжоловтың түркі тіл әлеміне қосқан үлесі туралы айтар едік, А.С Аманжоловтың «Көне түркі ескерткіштер тіліндегі етістіктің меңгеруі» атты ғылыми еңбегінде ырықсыз етіс сияқты, қимыл-әрекеті грамматикалық обьектімен жасалына отырып, грамматикалық субьектіге ауысуы аркылы болатындығы көрсетiледi.
А. Қалыбаева-Хасенова етістіктің салт және сабақты болып бөлінуін өз алдына күрделі мәселе екендігін белгілей отырып, етіс те өз алдына тиянақты дербес категория деп, бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын көрсетеді, себебі етіс категориясы мен оның түр-түрге бөлінуін салт етістік пен сабақты етістіктің сөйлемде әртүрлі мағынада қолданылуынан пайда болатындығында жатыр деген пікір туындайды. Тілші С. Аманжолов етісті: өзгелік, ырықсыз және ортақ деп үш түрге бөледі де, етіс категориясына енетін өздік етіс пен етістіктің өсіңкі, дүркiндi сияқты «вид» мағынасы бар түрлерін рай категориясына жатқызады.
А. Қалыбаеваның жазылған енбегіне сүйене отырып, етіс категориясы туралы айтылған ой-пікірлерді айтуды жөн көрдік. Олар: етіс категориясының ерекшеліктерін морфологиялық және синтаксистік көлемінде зерттеп қарауымыз, себебі көркем туындымен танысу үстiнде, әр шығарманың ішінде ой, сезім, қиял мен қимыл-әрекеттерді білдіретін сөздер етістік арқылы беріледі, бірақ, әр қимыл-әрекеттің болуы, немесе жасалуы өзiне тән объект пен субьектіге сүйенеді, осының бәрi етіс категориясымен тығыз байланысты.
Тарихқа көз салсақ, кезеңнің соңғы жылдарында академик И.М. Мещанинов, профессор М.Н. Гухман т.б. тiл ғалымдары индоеуропа тілдерінің етіс категориясын бiр-ақ жағынан алып, немесе грамматиканың басқа салаларымен байланыстыра қарап, бiрді-екілі құнды пікірлер айтқан.
Тілші-ғалым С. Аманжоловтың егiс категориясын зерттеуiне қосқан үлесі туралы аса зор құрметпен айтуымыз керек, себебi қазiргi таңға дейiн С. Аманжоловтың қазақ тiлiндегi етiс категориясын зерттеу еңбегі мектеп оқулықтарында ғана емес, жоғарғы оку орындарының оқу құралдарында да тиiстi орнын алды. Осыларды меңгере келе, етiс категориясының лексика грамматикалық табиғатын ашуда, бұл категорияны жан-жақты зерттеу деген бағыт туындап тұр.
Етіс жұрнақтарына байланысты С. Аманжоловтың «Қазақ әдеби тіл синтаксисiнiң қысқаша курсы» енбегінің ерекше практикалык мәнi бар.
Етіс категориясының Ы.Маманов еңбектерінде зерттелуі.
Қазақ тілінде етіс категориясы, негізінен, морфологиялық тәсіл арқылы жасалады. Әрбір етіс түрі арнайы аффикстермен сипатталады және барлық етістіктен етіс формасын жасауға болады. Алғашқы грамматикалардан бастап, 30 жылдарға дейінгі еңбектерде етіс түрліше бөлініп келді. Бұл категория 50-жылдардан бастап арнайы зерттеу нысанына алынып, ғылыми негізде қарастырыла бастады.
Етіс қосымшалары түркологияда үш түрлі бағытта зерттелгендігі байқалады. Өз зерттеуінде Н.А.Баскаков сөз тудырушы деп анықтаса, қазақ тіл білімінде етіс категориясын арнайы қарастырған А.Қалыбаева сөз тудырушы қосымша деп қарастырады.
Қазақ тіл білімінде етісті Ы.Маманов грамматикалық категория ретінде қарап, етіс формаларын форма тудырушы қосымшалар қатарына қосады. Бірақ бұл қосымшалар туралы даулы пікір әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Етіс қосымшалары жалғану мүмкіндігі жоғары қосымшалардың қатарынан орын алады. Етіс жұрнақтарының сөзге жалғану жиілігіне 10 томдық түсіндірме сөздік бойынша статистикалық зерттеу жүргізген С.Мырзабеков сөздіктегі етіс формаларының саны 22 мыңнан асып кетеді. Бұл сөздіктегі барлық сөздің 33 пайызына тең деп көрсетеді. Демек, етіс қосымшаларының сөзге жалғану мүмкіндігі мол, олар Ы.Маманов көрсеткендей, грамматикалық абстракция жасай алады.
Етіс қосымшаларының сөзжасам мен формажасамға қатысын зерттеген А.Жаңабекова етістердің жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескере келе, «етіс қосымшалары барлық кезде сөз тудыру қатарын құрай бермейді, тек объектілік-субъектілік қатынасты білдіріп, грамматикалық категория құрай алады. Екіншіден, етіс категориялары белгілі бір етістік тобына түгелдей жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды. Ал оның кейбір сөздердің құрамында келіп, лексикалық дербестікке жетуі етіс қосымшаларының сөзжасамдық қабілетінің емес, сөзжасамның семантикалық тәсілінің, яғни мағына дамуының нәтижесі деп қараған жөн», - деп Ы.Маманов, С.Исаев пікірлерімен орайлас тұжырым жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |