калатынын
кайтереін. Мәселен, Сыр бойында «күріш арқасы-
'мен күрмек су ііііеді» деген мәтел бар. Оныц «жақсының арқа-
сында жаман күн көреді» деген мағына беретіні күріш еккен
алқапта онымен бірге күрмек (арам шөп) те су ішетінін, мәселен,
күрмекті білмек түгіл күріштің өзіғі «іріс» (рис) деп атайтын
теріскей қазағы қайдан біле қойсын? Ал осы сөзді пайдаланып,
диалект «қүрай» салудың ыңғайы бола қояр ма екен?
'
Іілге жанкүйер болып, сабылып жүргендер мүны неге ойла-
на бермейді. Гәп міне, осында жатыр.
Өмірімде бір-ақ рет терминкомның мәжілісіне қатысып, тал-
дықорғандық бір азаматтың қауынды «діңке», қарбызды д<қау-
ын» деп жазғызғысы келіп шарық үрғанын да көргенім бар-
г_тын. Сонда, оның ауылында солай атаса, бүкіл қазақ болып
қайталауы қажет пе?
Ілгеріде алғаш рет іс сапарымен Семейде болғанда Абайдың
әдеби-мемориалдық музейінің экспозициясымен таныспақ бо
лып, сонда барғанда көріп-білгенім бүлардан да асып түскен еді.
Әдеби тақырыпқа өжептәуір әңгіме-дүкен қүрып келе жатып,
қабырғада ілулі түрған Хлудовтың «Бай ауылдың көші» деген
суретінің түсына барғанда экскурсия жүргізген музей қызмет-
кері «тегі бұл қазақ өмірінен алынбаган болса керек, жорғаға
мініп, көшті жетелеген қыздың бұрымының бірнеше тарам бо
лып өрілгеніне, басындағы бөрігінің шектен тыс қоқырайғанына
қарағанда көш ұйғырдікі болуы мүмкін. Тек тараншылар ғана
осылай көшіп-қонған»,— деп қалғаны. Мен бұған қайран қа-
лып:
— Бұл не дегеніңіз, ол өзі байдың еріккен қызы болса, шашын
бірнеше тарам түгіл тоқсан тарау қып өргізем десе де еркі бар
емес пе? Ал басына кигені көш бастайтын қыздардың мұндайда
арнайы киетін қазақтың қарқара бөркі болса ше? дегенді айт-
тым. Ол да менімен жарыса сөйлеп:
— Кешіріңіз. Сіз мені дұрыс тусінбедіңіз. Жетісудың қазағы
тараншы (ұйғыр), Талас-Шу атырабының елі қырғыз, Шым-
кенттіктер — өзбек болып кеткендіктен олардың тілі де, киген
киімі де өзгешелеу ғой,— деп жуып-шайған болды. Мен оның
әңгімесіне тағы да қанағаттана қоймай:
— Ау, сіздің мына суреттегідей, түйесіне шаңырағын арта
көшкен үйғырды көргеніңіз бар ма еді? Оның үстіне суретші де
туындысын «Бай ауылдың көші» деп тегіннен-тегін атамаған
шығар. Осы «бес үй қазақ отырып» жіктеле қалмасаңдар іште-
рің кебе ме қалай? Тым болмаса осы бір жаман әдетті тоқта-
татын уақыт ж еткен шығар? Мен Шымкенттің қазағымын, біл-
гіш болсаңыз айтыңызшы, менің айтқандарымнан өзбектің қан-
ша сөзін тауып алдыңыз? Ал сіздің он сөзіңіздщ сегізінен татар
лебі есіп тұр. Идеологиялық мекемеде отырып, бұлай сөйлеуге
болмайды. Мүндай әңгімені менен басқа ешкім естімей-ақ қой-
сын, үятқа қаласыз!— дедім. Ол болса:
— Кешіріңіз, кешіріңіз, ақсақал,—* дей берді...
— Мен сізге ақсақал түгіл көксақал болуға да жарамаймын.
Әкемдей екенсіз, мүндай әңгімеге үйір болмаңыз!— деп қолым-
ды үсындым.
Абайдың «алты бақан алауыз» дейтінінің сыры міне, осын-
дайда жатса керек.
Сүхбатымызға арқау еткен ел тағдыры жайлы әңгімемізді
соңына жеткізу үшін де, оқушым, өзіңмен сыр шерту қажет
болды. Бүл қазіргі өтпелі кезеңде қоғамдық болмыс пен сананы
айқындап, жетілдіре түсу қажеттігінен туындалған ой еді.
Мүның өзі қазіргі «интеграциялық» үрдістермен де тікелей
байланысты бола бермек. Несін жасырайын, кейде маған бүкіл
қазақ даласын интеграциялық елес кезіп жүргендей болып кө-
рінетіні де рас. Эрине, өтпелі кезеңде көрші елдермен бірлесе
отыра, экономикалық ынтымақтастықты мемлекетаралық қарым-
қатынастарға арқау еткенге не жетсін! Десек те интеграцияныц
жемісті болуы оған қатысатын жақтардың «терезесі» тепе-тең
болмаса да, өндіргіш күштері, ұлттық даму дөрежесі бір шамада
болуы қажет ақ. Онсыз күшті ж ақ әлсізді «жүтып» қоюы ық-
тимал, немесе өз арамыздан ұлттық жүмысшы табын өрбіте
алмай, қазіргі заманғы инженер-техник қызметкерлерін аяғы-
нан тұрғыза алмай, та^ы да орта жолда қалып қоюымыз мүмкін.
Бір мысал. Бұрынғы экономикалық өзар көмек кеңесіне (СЭВ)
ең соңғы болып енген Моңғол халық республикасын қабылда-
ғанда оның экономикасын көптеп-көмектеп, таяудағы жылдарда
дамыган елдердің қатарына қосу көзделген болатын. Өкінішке
қарай, Монғолияның табиғи ресурстарын Шығыс Еуропанын
социалистік елдерімен бірігіп пайдаланудан әрі аса алмаған
«интеграцияның» нәтижесінде онсыз да тапшылық көріп келген
моңғол елі сол баз-баягы қалпында қалып қойған.
Сөз жоқ, е^ропалық иіітеграцйяіп.ің тілге тиек ётерлік жақ-
тары молшылық. Әйтсе де ондағы жағдайды, ортақ валютаны
енгізген күнде де, біздің қал-ахуалымызбен салыстыруға бол-
майды ғой. Бізде әлі Еуропадағыдай экономика, мәдениеттілік,
әлеуметтік коммуникация, хұқық қорғау ісі орныға қойған жоқ.
Ш ама-шарқы жағынан дағдарыстық қиыншылықтарға қарсы
тұратындай институтгарымыз да шамалы.
Бәлкім, қайсы біреулерді Қазақстанның табиғи байлықтары
қызықтыратын да болар. Соңғы бес-алты жылға дейін Орталық-
тың шикі зат қоры есебінде пайдаланылып келген Қазақстанда
өндірілген әр бір килограмм жүн, шопандардың жалақысын,
кеңшардың шығынын қоса есептегенде 15 сомға бағаланып,
Орталықтың кәсіпорындарына жөнелтіліп келген. Ал сол бір
килограмм ж үннен шығарылған тоқымадан әр қайсысы 250
сомнан түратын екі костюм тігіліп, біздегі сауда орындарына
қайтадан түсіп жататыны дағдыға айналған екен. Тіптен түскен
пайданың Орталықта қалып қоятынының өзі алдын ала үйлес-
тірілген шарттылық іспетті болып көрінетін. Кім білсін, егер
тағы да осындай «интеграцияның» кебіне үшырайтын болсақ,
онан не пайда? Тегі жариялылық, ашықтық қағидаттарға жүрттың
қолы әлі де жете алмай келе жатқанына қарағанда басқашаі
ойлану қиын.
Қазір бізге мемлекетаралық қарым-қатынастардан шағын
бизнеске дейін қай саланы алып қарасақ та, тепе-тең серіктес-
тікті (равноправное партнерство) қалыптастырудың алдыңғы
шептен көріне беретіні белгілі. Өйткені серіктестіктің бір жағы
сәл басымырақ болса-ақ, алдын-ала үйлестірілген шарттылық-
тың берекесі кете бастайтыны қақ. Осыған қарағанда тепе-тең
серік болу алға қойылған мақсаттың табысты болуына апаратын
бірден бір жол болатындықтан оған немқүрайлы қарауға негіз
жоқ. Егер ол ел алдындағы қарыз бен парызға бейімдейтін
адамгершілікпен, имандылықпен ұштасып жататын болса, та-
быстың қосымша көзі ашылатыны даусыз.
Өкінішке қарай, біз жүртты бизнеске, сауда-саттыққа дағды-
ландырамыз деп жүріп, маңдай терін шығара еңбек етуден бой
жазғызып алдық па, қайдам, қазір ондай шаруамен айналысқы-
сы келетіндер кездесе бермейтін болып алган. Станокта тұрған-
да, мал бағып, егін салғанда не пайда, онда табатын азынаулақ
жалақыны (оны да уақтылы алу қиын) мен мұнда бизнес жасап
бір сағаттың ішінде таба алам дейтіндер де азая қоймағанға
ұқсайды.
Сондықтан да бізге тепе тең, хұқылы серіктестікті дамыту
қажет ақ. Мұның өзі Қазақстан секілді жас мемлекеттің түлға-
сын сомдай түсуге тіреле беретінін де үмытуға болмайды.
Мәселен, қазіргі бой көрсете бастаған көп келеңсіздіктерден
ұлттық арқаудың қырқыла бастағанының, тәлім-тәрбиенің ға-
сырлар бойы қалыптасқан имандылық-эстетикалық жүйесінен
бірте-бірте ауытқып бара жатқанын көруге болады.
Өкініштісі, мәселенің бұл жағын үйлестіріп, ұқсатып жатқан-
дар жоқ, оның жолдарын қарастырып, халық игілігіне пайдала-
нуға ұсынып, сабылып жүрген қоғамтанушыларды да көрген
емеспіз. Сол «баяғы жартас, бір жартас» дегендей айналамызға
қарайлап, жалтақтаумен келеміз.
Қазақтың қазақ болғалы қалыптастырған үлттық ерекшелік-
тері оның ж еке дара сыйпатын, әлеуметтік ортамен, тарихпен
байланыстыра отырып, өзіне тән әдептілігіне, сыпайыгершілігі-
не, үйлесіміне, тәрбие жүйесінің үйқастығына үңіле түсуді қа-
жет етеді. Мұның Қазтуған жыраудың, Асанқайғының, Қаз дау-
ысты Қазыбектің, Әйтекенің, Төле бидің, Ақтамбердінің, үлы
Абайдың пәлсафалық, педагогтік, дүниетанымдық мұрасын иге-
руге талпыныс жасауды керек ететіні мәлім.
Біз соңғы кезге дейін әлеуметтік-экономикалық жағынан
жалпыланудың рухани өмірге түбегейлі ене бастағанын, оның
түрмыстағы әмбебаптыққа, сайып келгенде, адамның ж еке ба-
сының орташалануына, алып келгенін аңғармаппыз. Оның үсті-
не жалпыға ортақ игі қасиеттердің бәрі көп жылдар бойы ин-
тернационалдық сыйпатта ғана насихатталып келгендігінен
ұлттық мақтаныштың өзі өрісі тар надандарға бүркеме немесе
ашықтан-ашық ұлтшылдық болып көрінетін.
Шүкір, мүның бәрі қазір келмеске кетіп бара жатқан сияқ-
ты. Әйтсе де олардың жанталасып қарсыласа бастағандығынан
жалпылық ызың анда-санда бой көрсетіп жүр. Бірақ қалай болған
күнде де адам мен табиғаттың арасындағы сәйкессіздік, бірінен
соң бірі апат аймағына айналып бара жатқан аудандардың көбейе
бергені елдің мінез-құлқынан, салауаттылығынан көріне баста-
ғаны нақтылы шаралар іске асырылмаса орны толмас олқы-
лықтарға алып баратыны ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |