АнүсБриевтен запигқа акеліп
берді. Онда
тезірек жет, алаЩ а^сұрт жиналып жатыр деп жазылған екен.
Апыр-ау, сонша не болып қалды екен деп екі сағаттық лекция-
ны 1 сағат 20 минутта бітіріп, алаңға келсем, шынында да мың
қаралы адам жиналып қалыпты.
Олардың арасынан Ануфриевті көре алмай, өзіміздің қыз-
меткерден осындағы бір қазақ мектебінен өрт шыққаны жай-
ында жұрттың у-шу болып жатқанын біліп, Орталық Комитеттің
қабылдау бөлмесіне барсам, бәрі сонда екен. Залдан Ануфриев-
тен басқа Байжановты, Төлебековті, Сұлтановты, қаланың бас-
шыларын көрдім. Орта жастағы біреу партияны сыбап-сынап
жатыр екен, бірақ менің келгенімді байқаған соң сабасына түсе
қалды. Күнде араласып-құраласып жүргендіктен бе қайдам,
әйтеуір бейресми үйымдардың белсенділері бізден айылын тар-
татын. Сүлтанов маған қарап жымиып күлді. Кейіннен мүның
мәнісін сүрағанымда ол маған әлгі адамның мен келгенге дейін
бет бақтырмай сөйлеп, сізді көрген соң: «Өз-еке, жаңа ғана
партия түк істемейді деп сіздерді жазгырган едік, олай емес
қой, оғаштау кетсек кешірерсіз, бүгін партия да аз күш салып
жатқан жоқ, тек қазақ мектебін өртеп жатқанда мыналардың
қол қусырып отырғаны, Ардаев дегеннің («Известия» тілшісі)
анық-қанығына жетпей-ақ газетке ақпар беріп үлгіргені жаны-
мызға батып кеткені ғой» деп жуып-шайған болып жатты. «Ал
енді төрелігін өзіңіз айтыңыз,
біз не істеуіміз керек, бірақ
Нурсултан ^бішүлы бізден екі-үш адамды өзі қабылдаса, нақты-
лы ұсыныстарымыз бар еді»,— деп сөзін доғарды.
Мен Нурсултан Әбішұлыйың Алматыда ж оқ екенін ескертіп,
бәлкім, ертең келіп қалар, мүмкіндігі болса сіздермен кездесер,
мұны ол кісі өзі іііешеді. Ал енді мына алаңға жиналған жұртты
тарқатыңыздар, өрттің себебін анықтайық, мүмкін ол электр
желісінен шыққан болар, басы-қасында болған ешкім жоқ қой,
дегенімде ол менімен келіскендей болды. Ардаевтан тексерудің
нәтижесі бойынша газетке қысқаша ғана ақпар (корреспонден
ция) бере салуДы өтіндім. Ертеңіне бірінші хатшымен кездес-
кенде әлгі адамдар өздерінің жағдайын айтып (біреуіне пәтер,
біреуіне телефон керек дегендей) жайына кетті. Тексертіп қа-
рағанымызда, өрт деп жүргені ешқандай қазақ мектебіне жа-
салған қастандық емес, тозығы жеткен электр желісінен шық-
қан от болтаны дәлелденді.
1989 жылғы қыркүйек айында Алматыда өткізілген студенттер-
дің бүкілқалалық митингі де есімізде қалды. Республика басшы-
лары (бірінші хатшыны қоса) Мәскеуде бір үлкен жиьшда бо-
латын. Күмісжан Өмірбаевамен (үкімет төрағасының орынбаса-
ры) ақылдасып, біз де митингке барып, студенттерді тыңдап
қайтпақ болдық. Алматы медицина институтының үлкен залын-
да өткізілген митингке екі мыңға жуық студент қатынасты.
Ж иналгандардың алдында сөз сөйлеген республика прокуроры
Ғ.Елемесов болса, қандай шаралар белгілегенін айтып берудің
орнына 1986 жылгы оқиға кезінде кімнің қай жерде тұрып, не
істегені жайлы, «ескі әңгімесіне басып кеткендіктен», ызаланған
ж ұрт оны да, басқа да құқық қорғайтын орындардың басшыла-
32
рын сөйлетпей тастады. Шығып сөйлегендердің (әңгіме 1986
жылғы желтоқсан оқиғасына қатысты болғандықтан) «Өзбекәлі
аға»!, «Өзбекәлі аға!» деп маған жалтақтай бергенін көріп, оныц
үстіне Сафуағі Шаймерденовтың кейбір шешендердің сөзін қостап
«бүған өзіміздің жақсы көретін хатшымыз Өзбекәлі Ж әнібеков
не айтар екен?» деп қақпалағанын есітіп, маған да мінберге
көтерілуге тура келді.
Мен қысқаша сөйледім. Ж елтоқсан оқиғасына қатысты
мәселелерді бүге-шігесіне дейін мүқият тексеріп, нақтылы ұсы-
ныстар еғігізетін депутаттық комиссия қүрылатынын және у й
мет та ра пі.і нан айыгіты деп танылған сот, прокуратура және
милиция қызметкерлеріне ш ара қолданылатынын, жазықсыз
кінәланған жастардың «ісі» қайта қаралатынын айтып, жұртты
тыныштандырғандай болдым.
Сөйтіп, алғашқы бүкілқалалық митинг қақтығыссыз-соқты-
ғыссыз тарады. Бірақ сол күні түнде-ақ Мәскеуде жүрген бірін-
ші басш ымызға «Ж әнібеков жиналғандарға отпор бермеді,
жүрттың тыныштығын
бүзып, аузына келгенін лаққандарға
тойтарыс жасамады» деген мәліметтеме (депеша) жетіп те үлгі-
ріпті.
Сонымен не керек, бірінші хатшы екі күннен кейін жаңа
митинг өткізіп, студенттерді тыңдайтын болды. Мұны көрген
Күмісжан: «Ал енді Нүрекеңнің өзінің студенттерге қалай отпор
бергенін көрейік» деп қасыма келіп отырды. Митинг сол залда
болды. Сонша студент тағы да жинадды. Сол әңгіме айтылды.
Сол бүрынғы берілген уәде қайталанды. Тек бұл жолғы митин-
гке қатысқандар желтоқсан оқиғасының жазықсыз қүрбанда-
рын еске алып орындарынан түрды. Төрде отырған басшымыз
да сахна сыртындағы көмекшісінен бір құжат сүратқан боп
орнынан тұрып, оған дейін саны да, аты-жөні де беймәлім 1986
жылғы желтоқсан қүрбандарын еске түсіру рәсіміне қатысуға
мәжбүр болды.
Жасыратыны жоқ, бұрын алдын ала орайластырып қойыла-
тындықтан ба, қайдам, мұндай сәт көзге түсе бермейтін. Әйтсе де
үлкеннің беделін қүрмет түту сияқты атадан алмасып келе жатқан
қасиетгі дәстүрдің шайқала бастағанын сол митингтен көрдім...
Бәлкім, бізге, бұрын қалаған министрін шақырып алып тап-
сырма беруге дағдЫланған Орталық Комитеттің басшы қызмет-
керлеріне жаңа жағдайға үйлесе қою оңайға түспеген болар.
Олай дейтінім алғашқыда өздерін қоярға ж ер таппай,- идеоло-
гиялық бөлімнің жұмысына да килігіп кетіп жүргендер болды.
Бірде мен өзіммен қатар жүрген әріптесімнің Алматыдағы сла
вян қауыМдастығына барып, анық-қанығына • жетпей-ақ, оның
экстремистік басшылығының қылықтарына жоғары баға беріп,
қүптап келгенін көрдім. Мұның есесіне өзіне сеніп тапсырылған
з
544
33
әлеуметтік-экономикалық саясаттың шешімін таба алмай булы-
ғып жатқан мәселелерімен тереңірек айналысса, қоғамға да,
бұрынғы беделінен айрыла бастаған партияға да пайдалырақ
болатын еді.
Сөз орайына қарай тағы бір айта кетейін дегенім, өзіне
бекітілген партия ұйымдастыру бөлімінің, іс басқармасының,
жалпы бөлімнің, партиялық бақылау комиссиясыньщ қызметіне,
сол сияқты партия шаруашылығына қатысты мәселелер аздық
қылғандай, біздің бөлімнің жұмысына орынсыз араласа берген
соң, бір жолы Ануфриевпен де ренжісір қалғаным бар-тын.
— Әрине, сіздің екінші хатшы ретінде маған да, идеология-
лық бөлімге де тапсырма беріп, қадағалап отыруға қақыңыз бар,
бірақ Сұлтановқа қандай тапсырма бергеніңізді менің білуім
қажет емес пе? Біздің де өз жоспарымыз бар, идеологиялық
қызметке қатысты ыңғайтабыстарымыз бар. Бостан-босқа үятқа
қалмас үшін біздің қызметімізге мен арқылы араласқанымыз
жөн болар дегенді айттым.
Ол қызараңдап, әбіржіп қалды.
Қысқа мерзімде, ағымдағы мезеттің әр түрлі қисысында
қызмет істесе де, жаңа қүрылымдарға басшылық еткен Әбіш
Кекілбаев, Күмісжан Өмірбаева, маған кеңесшілікке бекітілген
Сейділда Көпбаев (қазір арамызда жоқ), Нүрсан Әлімбаев, Ас-
қар Егеубаев, сол сияқты Саяси үрдістер социологиясы орталы-
ғының жетекш ісі Сейіг Қасқабасов, Баспасөз орталығының
жетекшісі Ербол Шаймерденов, көмекшілерім — Сансызбай
Нүркамалов, Владимир Печерских секілді қызметтестерім де
әрқашан орындарынан табыдып (бүл әрине кабинеттерінен —
деген мағына бермейді), мезгіл ерекшеліктерімен айқындалған
сан алуан оқиғалардың қою ортасынан көрініп жүрді.
Өз басым республиканың партия белсенділігі (активі) жөнінде
де осындай пікір айтқан болар едім. Десек те біздің елде қалып-
таса бастаған Коммунистік партияға теріс көзқарасты оның пай-
дасьша өзгерте алмайтынымызға көзіміз жете бастаған еді. Бүл
партияның ақырына келе жатқанын аңғарта бастаған түсы бола
тын. Олай дейтінім бүрын шетелдік баспасөзде, басқа да ақпарат
құралдарында кеңес үкіметінін саясатына қайшы келетін пікір
айтылса-ақ, пгүғыл түрде жауап қайтаратын ТАСС, АПН тағы
басқа да насихатщы орындардың өз пікірін немесе үкіметтің
көзқарасын жария ете бермейтін болып алғалы қашан. Тіпті Кеңес
Одағьі жойылардан екі жылдан астам уақыт бұрын, АҚШ-тың
бүрынғы мемлекеттік хатшысы 3. Бжезинский бейтарап орыс
баспасөзі арқылы кеңес империясының тез арада өзін-өзі тарату
-жолымен қүлайтынын бізге паш еткен ж оқ па?
Мұны қостаған да, даттаған .да пікір айтқан кеңес жағы
болған жоқ.
КПСС Орталық Комитетіне, Горбачевқа 1963 жылғы Кариб
дағдарысы кезінде президент Кеннедидің үйғарымымен бірне-
ше нақтылы пункттен түратын Кеңес Одағьін қүлатуға бағыт-
талған американдық жоспар қабылданғаны, оның Рейганның,
Буштың кезінде қайтадан дәлденгені ж әне тікелей басшыльіққа
алынғаны белгілі бола түра, кеңес жағынан қарсы әрекет жа-
салмады.
Ал мүның бәрін жиып тастағанда, 1991 жылғы «тамыз төң-
керісі» дегеннің кезінде Горбачевтың елді иесіз қалдырып, іс-
түзсіз қүрып кеткені, онан «Форос түтқынының» көбін еске
салатын жүпыны куртка киіп, арнайы үшақпен Мәскеуге қай-
тып оралғаны, Ельциннің Ресей Ж оғарғы кеңесінің мәжілісінде
Горбачевты түрғызып қойып, «бәсеңдік» үшін Коммунистік
партияға (КПСС) тыйым салған шешімге қол қойғаны барлық
теледидар көріп, радио тыңдайтын қауымның көз алдында өтке-
нін қалай үмытарсың.
Керек десеңіз, сол жылғы желтоқсанның 9 жүлдызында
Кеңестік Одақты қүраған басқа республикалардың келісімінсіз-
ақ (мүнан артық залымдық бола қоймас), Беловежское пущеге
(Белоруссия) жиналған Ресей, Украина, Белоруссия басшылары
Кеңес Одағын тарқату туралы шешімге қол қойғанда Мәскеуде,
Кремльде өз орнында отырған Горбачевтың шын мәнінде ары
таза болса (менің бүған күмәнім бар), қолында шектен тыс
үкімет билігі, қарауында армия, авиация, флот, КГБ, МВД, қа-
зіргі заманғы байланыс коммуникациялары, ақпарат қүралдары
бола түра, нақтылы іске талпыныс жасамағанын басқаша түсі-
нуге болмайтын еді.
1991 жылғы оқиғалардың Қазақстан жағдайында қалай өріс-
тегені жайында мерзімді баспасөзде, басқа да ақпарат қүралда-
рында аз айтылған жоқ. Оларды қайтадан тәптештеп жатудың
қажеті бола қоймас. Десек те біздегі өзгерістердің сыр-сыйпа-
тына көңіл аудармасқа қақымыз жоқ. Несін жасырайық, Казақ-
стан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі бес жылда екі рет
парламент сайлауын, екі рет бүкілхалықтық референдум өткі-
зіп, көп мәселелерді «конституциялық жолмен» реттеп алғаны-
мыздың өзі қажағаймен таңба басқандай болды. Соньщ арқа-
сында
мемлекеттің жаңа Конституциясын қабылдап, Елбасы-
ның өкілеттігін тағы бір мерзімге үзартып алдық. Егер бүл шын
мәнінде саяси-әлеуметтік тиянақтңлыққа жұргтың қолын жеткі-
зетін бірден-бір тәсіл болса, бұған да шүкіршілік етейік, оқу-
шым!
Тоқсаныншы жылдар мен үшін дүниежүзілік өркениеттің
алтын бесігі іспетті, тарихы мыңйдған жылдарға кететін ескі
мәдениеті бар Азия елдеріне — Лаосқа, Непалға сапарыммен де
қызғылықты болды.
Лаосқа мен КПСС делегациясын басқарып барғандықтан
негізгі мақсатымыз Лаос халықтық демократиялық партиясы-
ны ң ұ сақ ұлы старды ң тілін, м әд ен иетін дам ы тудағы іс-
тәжірибесімен танысу болғандықтан елдің президенті Пхуми
Вонгвичитпен (ол партияның атынан ұлтаралық қатынастарды
да үйлестіреді екен) кездескенде естіп-білгендеріміз, жергілікті
ұйы м дарда к ө р ген д ер ім із Л аоста кіш ігірім х алы қтарды ң
мәдениетін сақтап қалатындай тәп-тәуір іс-тәжірибесі жинақ-
талғанын байқатты. Бұл жайлы делегация өзінің КПСС Орта-
лық Комитетіне жолдаған хабарламасында атап көрсетті.
Ал енді елден алған әсеріміз жөнінде әцгімелейтігГ бблсақ,
Лаос жері, әсіресе тау бөктерлері, сол баз-баяғы американ ави-
ациясы жарақаттаған, қансыратқан қалпында қиыршық тастары
сыртқа шығып қалған шұңқырлармен айшықталған күйінде қүс
ұшар биіктен қарағанда сары ала, қотыр-қотыр болып көрінеді
екен. Ал жердегі көргеніміз азғантай халыққа жасалған қастан-
дықтың «қарғыс атқырлап» тұратын көрінісі ретінде резина
төселген жолақтармен кез келген бомбалайтын үшақтарды қа-
былдап-ұшыра алатын далалық аэродромның қалдығы болды.
Тегі әуеде американдықтардың, жерде — лаостықтардың басым
боЛғанын «Тас қүмыралы аңғарда» болғанда күштірек сезінген-
дей болдық.
Лаостықтар аласа бойлы, бет пішімі жағынан бізге үқсас
халық. Бүл оның арғы атасының о баста Алтайдан Қытайға
қоныс аударғаны .жайлы гипотезаны растайтын сияқты.
Қайсыбіреулерінің биіктігі 1,5—2 метрдей, ал екінші біреуле-
рі бір метрдей немесе сәл биігірек, ал үшінші біреулері бір
метрдей ғана, осы бір үлкен аңғарға өз атын берген тас қүмы-
ралар не үшін қашалған? дегенімде жергілікті білгірден шарап
құю үшін жасалған болса керек дегенді естідім.
Сонда не Лаос елі шараптарын түгелдей бір жерден ітттіп
келген бе қалай? Оның үстіне мүнда тау басында ескі жүзім-
діктер болды дегенге сену қиын. Ал егер бүлар өлік жерленген
табыт болса ше? Біздің жақта мұндай дәстүр ертеде болған.
Өлікті ашық алаңға апарып тастап, ит-қүсқа жегізгеннен кейін,
күн қағып, әбден қаңсыған сүйегін құмыраға салып ж ерге бе-
ретін дәстүр ғылымға көптен белгілі. Сіздерде бәлкім, тас құмы-
раларға салып, ашық аспан астында қалдыратын болған шығар
дегенімде тыңдап отырғандар менімен келісті. Қалай еткенде де
Лаостағы «Тас құмыралы аңғар» басқа елдерде кездеспейтін
бірден бір тарихи ескерткіш, мемлекет қарауында болуға түрар-
лық объект деген қорытындыға келдік.
Дүние жүзіндегі ең биік Гималай тауларына орналасқан Непал
корольдігінің үстімен ұшып келе жатқанда бұрын мүнда болма-
ған жолаушы онда-мұнда сорайып, көкке мойнын созған «сегіз-
мыңдықтарға» таңдайын қақса, Катмандуға тақап келгенде елдің
астанасын жан-жағынан қоршаған таудың жотасына дейін са-
лынған тұрғын үйлерді, ұқсатылған егістіктерін көріп тағы да
қайран қалады екен.
Гималайдың сұлу да қатал табиғатының әр түрлі қисынында
өмір сүрген непалдықтар бәріне де көніккен төзімді халық. Тау
жоталарының жалында кішкенгай атыздарға орналастырылған
азынаулақ егістігін жамап-жасқау үшін арқасына асынған себе-
тіне топырақ толтырып алып Катмандудан бір шақырым, кейде
онан да биігірек көтерілетін ж үрт болмысынан үнсіз, бірімен
бірі ым қағып та «сөйлесетін» болғандықтан езу тартып, жымия
бермейді екен. Катмандудың түрғын халқының арасында қым-
бат бағамен төменнен ж ер сатып алуға қауқары жоқтары тау-
дағы егістігінің маңынан үй тұрғызып, сонда қоныс теуіп қала
беретіндіктен көршілерімен күнделікті сөйлесудің қажеті де
шамалы болса керек.
1990 жылғы қазанның 27-нен қарашаның 3-жүлдызына дейін
Непал корольдігінде Қазақстан күндері болып өтті. Оған қатыс-
қан ресми делегациясыньщ құрамында менен басқа Ж езқазған
облыстық кеңес атқару комитетінің төрағасы Шәріпбек Шар-
дарбеков болды. Непал премьер-министрі К. К. Бхаттаранмең,
Непалдың шетелдермен достық қоғамының басқарма мүшелері-
мен болған кездесулерде екі елдің арасында достық ж әне мәдени
байланыстарды онан әрмен дамытудыц мүмкіндіктері қарасты-
рылды.
Непалдағы Қазақстан күндеріне қатысқан «Алтынай» халық
биі ансамблі үқыпты іріктелген, асқан шебер орындаушылықты
талап ететін қазақ билерінен құрастырылған қызғылықты бағ-
дарлама үсынып, жиналғандардың көңлінен шыққанын сахнаға
қайта-қайта шақырған қол шапалақтаудан, бүкіл залды басына
көтеріп кетіп отырған «Жарайсыңдардан!» да байқадық. Непал-
дықтарға қазақ биінің бүрамы, орындау тәсілдері, киім ерекше-
ліктері, мәңгі есте қаларлықтай бояу-нақышы қатты үнағанын
шығып сөйлегендерден де естідік. Катмандудағы кеңес мадени
орталығының қызметкерлері таңданғанын жасыра алмай, «біз
қазақта дәл осындай жоғары билеу мәдениеті бар деп ойлама-
ған едік» десе, ондағы Кецес елшісі Қ. Қүлматов: «Менің қайран
қалғаным сіздерге дейін мүнда өзбек, молдаван, эстон артистері
де өнер көрсеткен еді, бірақ оларға дәл бүгінгідей қошемет
болған жоқ. Мен «Алтынайға» шығармашыл табыс тілеймін»
дегенді айтты.
Шынында да, езу тартып күле қоймайтын, күн үзын бір
ауыз сөз сөйлей бермейтін непалдықтардың әрбір жаңа биден
кейін еденді тарсылдатып, қол шапалақтап, қазақ бишілеріне
сүқтанған кейіп білдіргенін біз де көрдік. Өнердің күші міне
осындай баурап алатын мүмкіндіктерінде екен. Ғажайып, тама-
ша үйлесімділік.
Непал — жері тар, таулы болғанымен табиғи ресурстары
мол ел. Оның сан түрлі ағаш өскен қалың ну ормандарып былай
қойғанда, шақырымнан астам биіктіктегі ж арқабақтан сызық
түзеп, қүлап аққан сарқырамаларын көргенде қанша байлық
игерусіз жатыр деп ойлайсыз. Адам тіршілігінің ең алғашқы
іздерін ашқан тарихи-археологиялық орындарға бай Непал жері,
оның өзіндік сәулет өнері, этнографиясы, халықаралық туризм-
ді, спортты дамытатын бірден бір мүмкіндіктері бар осы бір
кішігірім мемлекеттің аса бай, қазіргі заманғы жүрттардың қа-
тарынан тез арада-ақ орын алатынына кәміл сеніммен елге
оралдық.
Тоқсаныншы жылдарда мен қазақгың дәстүрлі өнерін тари-
хи-этнографиялық тұрғыдан зерттеуге қатысты шығармашыл
Ізденістерімді жалғастыра түстім. «Жаңғырық... Алтын домбыра
жайлы аңыздың ізімен» (1990 ж.) «Уақыт керуені» (1992 ж.),
«Жолайырықта» (1995 ж.) «Қазақ киімі» (1996 ж.) атты кітапта-
рым ж арық көрді. Ал 1991 жылғы 22-сәуірде Одақтық Ғылым
АкадемиясыньКң Сібір бөлімшесіндегі тарих, филология ж әне
философия институтының арнаулы кеңесінде ғылыми баянда-
мам тыңдалып, тарих ғылымының кандидаты деген атаққа ие
болдым. Шығып сөйлеген ресми оппоненттерім — тарих ғылы-
мының докторы Н. А. Алексеев, ғылым кандидаты X. А. Кауа-
нова екі бірдей монографияның негізінде жасалған ғылыми
баяндама түріндегі диссертация қай жағынан алып қарасақ та
ғылыми-танымдық, сарамандық мәні бар, этноөнертану ғылы-
мына қосылған күрделі үлес болып табылады дегенді айтып,
диссертантқа бірден тарих ғылымының докторы деген атақ беру
жөнінде ұсыңыс енгізді. Тарих ғылымының докторы Г. Г. Сан-
жиев диссертанттың зерттеп-білгендері жан-жақты, мүнда ең
кем дегенде бес кандидаттық диссертация (халық киімі, қолтума
өнер, сәулеткерлік, Зуездік-әуендік дәстүр, би өнері) жатыр.
Зерттеудің хронологиялық шегі де үзақ уақытты —XVIII ғасыр-
дың аяғынан қазіргі заманға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондық-
тан мен де Ө. Ж әнібековке бірден ғылым докторы деген атақ
бергенді қостаймын дегенді айтты.
Академик А. П. Деревянко болса, сөз жоқ, Ө. Ж әнібековтың
жүмысы мазмүнының күрделілігі мен диапазонының кеңдігіне
қарай жоғары бағалануға тиіс дегенді айта келе, диссертанттың
ғылыми зерттеулерінен оның Георгидің, Уәлихановтың, Пота-
ниннің еңбектеріне тән дәстүрлерді жалғастырып келе жатқаны
белгілі болып отыр. Біз әдетте ғылыми жаңалық ашқанда оны
қағазға түсіру мен нақтылы ұсыныстар енгізу жағына ғана мән
береміз. Ал бүгін біздің алдымызда баяндама жасаған диссер-
тант ашқан жаңалықтарын өндіріске ендірумен де айналысады
екен. Оған кепіл-қалпына келтірілген киім нұсқалары, халық
аспаптары, бұрын құрып біткен деп есептеліп келген кілем
үлгілері, халық билері, тағысын тағылар. Мұның бәрі диссерта-
цияның кандидаттық деңгейден асып түсетінін көрсетеді. Менің
де оған ғылым докторы деген атақ беруге қарсылығым ж оқ деп
манадан бері үндемей, төмен қарап отырган диссертацияның
ғылыми жетекшісіне қарады да, ол алдыцд,ағы қағазынан басын
көтеріп, өзгеше ыңғай көрсете қоймаған соң: «Бәлкім, осы дис-
сертацияны докторлық деңгейде қарауға үш-төрт айдан кейін
қайтып оралсақ қайтеді, өйткені біз қазір диссертацияны док-
торлық мәртебеде қарағанымызбен ВАК (жоғарғы аттестация-
лық комиссия) сынықты сылтау етіп, кері қайтарып жіберсе,
қайтадан қоргауға тура келетіні тағы бар деп сөзін бітірді. Қарсы
пікір айтқандар болмады.
Сонымен диссертация кандидаттық мәртебеде қабыл алын-
ды да кейіннен мен оның соңынан қуып ешқайда барғаным
жоқ. Ғылыми кеңестің мәжілісінде қабылданған шешімге қай-
тып оралатындай Тарих ж әне этнология институты басшылары-
ның белсенділігін де көре алмадым.
Сол жылдары бір орнына келген шаруа «Рауан» баспасында
«Арқас» тарихи-танымдық басылымдар сериясының ашылғаны
болды. Оған редакция алқасының төрағасы болып мен белгілен-
дім. Төрағаның орынбасарлыгын Баспа директоры Ж арылқасын
Нүсқабаев өз міндетіне алды. Серияныц редакция алқасыныц
қүрамына белгілі ғалымдар Халел Арғынбаев, Рахманқүл Берді-
баев, Сейіт Қасқабасов, ақын Асқар Егеубаев, қогам қайраткері
Зейнолла Серікқалиев, журналист Бақыт Сарыбалаев енді.
«Арқас» тарихи танымдық басылымдар сериясы бойынша
(Арқас — көне түрікше «Қолдау» деген мағына береді) казак-
тын көне тарихына, әдет-ғұрпына, инабаттылығына, мәдениетіне,
тіліне, үлттық мінез-қүлқына қатысты қалың көпшілікке арнал-
ған кітаптар шығару ісін қолға алдық. Бүрын тарихи-этногра-
фиялық тақырыпқа қалам түрткендердің көпшілігінің тіл білме-
гендігінен немесе хабарлама жасағандардыц сауатсыздығынан
қазақ атауларын дұрыс пайдалана алмағандығына байланысты
орфоэпияның, этнологияның, ономастиканың онсыз да шым-
шытырык мәселелерін қиындата түскені мәлім. Аталған серия
бойынша шығатын кітаптардың қалың көпшілікке арналатынын
ескере отыра, бүрыңғы басылымдарда кездесетін кейбір тер-
миндер мен атауларды (гидронимдерді, эпонимдерді, этноним-
дерді), қайта қарап, қазіргі заманғы белгілі жүйеге келтірілген
терминология негізінде беріп отыру, оқырманның басын қатыра
бермес үшін ескертпелердің де бәрін бірдей бермеу үйғарылды.
«Арқас» тарихи-танымдық басылымдар сериясы бойынша
соңғы кезге дейін Ә. Марғұлан мен Қ. Сәтбаевтың «Обаған»
атты мақалалар жинағы, М. Тынышбаев, М. Массон т. б. автор-
лардың «Ғалымдар нені паш етті» деген атпен біріктірілген тарихи
очерктері, менің өзімнің «Жолайырықта» деген кітабым, «1916
жыл» атты қазақ халқының ұлт азаттық көтерілісініц 80 жылды-
ғына арналған әңгімелер, өлеңдер мен дастандар жинағы (екін-
ші рет басылуы), Ә. Дербісәлиевтің «Қазақ даласының жүлдыз-
дары атты Әбу Нәсір әл-Фарабидің ізбасарлары жайлы тарихи-
филологиялық зерттеуі, О. Всеволодская-Голушкевичтің «Бақсы
ойыны» атты қазақ биінің түптамыры жөніндегі кітабы ж арық
көрді. «Ежелгі Отырар» атты кітап-альбом өндіріске тапсырыл-
ды. Кезекте —«Қазақтың тұңғыш этнографтары», «Насабнама»
атты басылымдар.
О с ы л а р д ы ң а р а с ы н д а « Ж о л а й ы р ы қ т а » атты х ал ы қ
сәулеткерлігіне арналған менің кітабым «Арус» корпорациясы-
ның демеуімен, түгелдей соның қаржысына көпшілік тиражбен
іиығарылғандықтан, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын қолдау
мақсатымен басылымды таратудан түскен қараж ат толығынан
нарықтық қатынас жағдайында тапшылыққа душар болған осы
бір ұйымның әжетіне жаратуына берілсе екен деген үсынысты
қабыл алған едім.
Алайда, қаражат тапшылығынан облыстық, қалалық, аудан-
дық ұйымдарымен күнделікті байланысын үзіп алған «Қазақ
тілі» қоғамы кітапты тарата алмай, оның тиражының басым
көпшілігін жыл жарымға жуық өзінің қоймасында ұстап, жа-
қында баспаға қайтарып берді. Қоғам басшыларының 1992 жылы
бір топ халық депутаттарының қүрылтайшылығымен үйымдас-
тырылған «Арқас» қазақ тілі мен мәдениетін өрбіту қорын өз
қарамағына алып, көптеп-көмектеп қаражатын толықтыра оты-
ра, қоғамның мүм есіне пайдаланбақ болған талабынан да нәтиже
шыға қоймады...
Бірде үйдегі жүмыс орнымда қағаз жазып отырсам, телефон
аппараты қойылған жозының жанындағы орындыққа жайғасып
алып, кітап оқыған кішкентай немере қызым Әзел:
— Ата! Ата! Мынаны тыңдаңызшы, Ыбырай бабамыз мы-
нандай бір керемет өлең ж азып қалдырған екен:
«Өнер, білім бар жүрттар,
Тастан сарай салғызған.
Айшылық алыс жерлерден
Жылдам хабар алғызған...»
Қандай тамаша, үйлесімі қандай әдемі?!— дегенін естігенде
өзім не дерімді білмей қалыппын.
Бесінші класқа енді ғана көшкелі жатқан немеремнің ел
басыларының мекен-жайын, байлардың тұрақтарын кәдімгі қо-
қыр-соқыр, ескі-қүсқы сақталатын сараймен шатастырып, «оны
неге тастан түрғызады» демегеніне, «айшылық алыс жерлер-
ден» онсыз да күнде хат келіп жатқанда, «жыддам хабар ал-
ғызғаны» қалай? деп үқпағанына ризашылығымды білдіріп, бе-
тінен сүйдім де, ал Абай бабаңда мынадай бір шумақ бар екен,
мұны қалай түсінесің? Ойланып көрші — дедім.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре түра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім».
Немерем болса мұны да өзінше жалғастырып:
«Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Қүмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
...Өсек, өтірік, мақтаншақ —
Еріншек, бекер мал шашпақ —
;
Бес дүшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой —
Бес асыл іс көнсеңіз.
... Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасанда үқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Ж анбай жатып сөнсеңіз»— дегенді айтты.
Соның алдында ғана осы бір қызымның «Бес арыс» дегендер
кімдер? Олардың қатарына Ілияс Есенберлинді жатқызуға бола
ма? деп сүрап алғаны да есімде бар-тын.
Байқап қарасам, баланың ана тілін білетінінің пайдасы осын-
дайдан көрінеді екен. Әзел қазір ана тіліне жетік бола бастаған-
дығынан да шығар, ойлау, салыстыру жолымен орыс, ағылшын
тілдерін де қатар игеріп келеді.
Немере қыздарымның үлкені Мәдина орыс тілді бала бақша-
ның тәрбиесінен өткендіктен де болар, бесінші класқа барғанда
қазақ тілінің грамматикасын үға бермейтін болып алды. Қанша
түсіндірсек те «бастауыш», «баяндауыш», «анықтауыш», «то-
лықтауыш», «етістік» дегендерді ұғына алмаған соң орыс мек-
тебіне ауыстыруға тура келді. Бірақ орыс тілді орта мектепті
бітіргенімен, сол төрт-бес жыл қазақша оқығанының арқасында
Алматыдағы Әлем тілдері университетінің қазақ бөліміне оқуға
түсіп, мектепте жетіспегендерін қайтадан толықтыра бастады.
Қазір орыс, ағылшын тілдерін қазақш амен қатар үйреніп білу-
де.
Ана тілін білгеннің құдіретін осылайша немерелерімнің ба-
сынан көріп жүрмін. Қайсы бір мырзалар болса, қазақша біл-
месе білмей-ақ қойсын деп балаларын бірден ағылшын тіліне
үйретпек болып жанығуда. Апырау, адамға қай тілді білсе де
зияны бар ма, қазақ тілінің бүкіл түркі тілдеріне жол ашатыны
тағы бар, мүны неге ескермеске. Кейде өзімнен өзім отырып,
қайсыбіреулердің балаларын қазақша оқытуға қүлықсыз екенін
көріп қайран қалам. Шамасы, халықаралық бизнес тілін білсе
жетіп-артылар дейтін шыгар. Олай болса халқының тілін біл-
мейтін баланың көкірек көзінің ашыла қоймайтынын, ананың
ақ сүтімен бірге от басы-ошақ қасынан алынатын ұлттық қаси-
еттерді қүрметтеуден, адамгершіліктен, имандылықтан нәрегей
қалатынын қалай түсінуте болады? Оның үстіне ана тілін жете
игерген азаматқа өзге тілдерді үйренудің оңайға түсетінін де
күнделікті өмірден көріп жүрген жоқпыз ба?!
Мәселен, қазақ тілін білмей тұрып, түрік тілін үйренуге
тырмысудың ешқандай қисыны жоқ. Бірде мені белгілі түрік
сәулеткерімен кеңесуге шақырган стамбулдық фирма айтыла-
тындарды тәржімалауға түрікше оқыган қазақ қызын шақырған
екен. Неткен бейшаралық десеңші. Сол қыз менің қазақша
айтқандарымды түрікшеге аудара алмаган соң (Алматыда туып
.өскен, Мәскеуде оқыған екен) орысша сөйлесуге тура келді. Өз
халқынын тілін осынша менсінбейтіндерден не үміт, не қайыр?!
Тегі, мұндайлардан бойды аулақ салған жөн болар.
Менің мәселенің бұл жагына көңіл бүрып отырған себебім
Қазақстанда жылдар бойы шет тілдерін, әсіресе шығыс тілдерін
үйреніп білуге мән берілмей келгенімен байланысты еді. Сон-
дықтан да 90-жылдарда орнына келген тагы бір шаруа Қазақ
'мемлекеттік Үлттық университетінің құрамында Ш ығыстану
факультетінін ашылуы болды.
Ж асыратыны жоқ, біздегі ғылыми, шығармашыл интелли
генция, инженер-техник қызметкерлері жылдар бойы шет тіл-
дерін біле бермейтін болып тәрбиеленді. Тіптен кандидаттық
минимумның өзін формальды тапсыру кеңінен epic алды. Шет
тілдерінде реферат, мақала ж азу деген атымен болмайтын.
,
Қазақ тарихының көптеген тұстарын, ол өмірге келтірген
-соны мәдениеттің, дәстүрлі өнердің, ел басынан кешкен оқиға-
лардың өзіндік ерекшеліктерін тек араб, парсы, қытай, үнді,
жапон, түрік, моңғол, әрмен деректері арқылы ғана ашуға бо-
латыны ескерілмеді. Әйтпесе, шығыстану факультетінің өзі Қазақ
университетінде көрші Өзбекстандағыдай, осыдан кем дегенде
елу-алпыс жыл бұрын ашылуға тиіс еді. Алматыдағы шетел тіл-
дері педагогтік институтын да алдақашан университет деңгейіне
көтеруге болатын еді. Ел басқарған лауазымдылардың жалтақ-
тығынан исламның діни наным-таным сатыларымен қатар араб,
парсы тілдерін ж ете игеретін мұсылман оқу орындарына да
бірлі-жарым болмаса абитуриенттер бере алмай келдік.
Сонымен не керек, мұндай өзекті мәселеге мән берілмеген-
діктен, көп мүмкіндіктен құралақан қала беріппіз. Тіптен әр
қилы сәттерде осы бір көптен бері шешімін таба алмай келе
жатқан мәселе жайында сөз қозғала қалса ақ, сынықты сылтау
етіп, ж үре тыңдайтын лауазымды азаматтарды да көрдік.
Өзгені былай қойғанда, университет басшыларының өздері
де (шамасы, жаңадан басталатын азабы мол шаруамен айналыс-
қысы келмейтін болса керек) нақтылы үсыныс енгізуге келген-
де әні-міні деп бұлтара беретін. Сондықтан университеттің бұрын-
ғы ректоры Мейірхан Әбділдинмен қатаңырақ сөйлесуге тура
келген еді. Соңғы рет 1989 жылы Мәскеуде өткен мүғалімдердің
Бүкілодақтық жиынында Қазақстаңның сол кездегі жоғары ж әне
арнайы орта' білім министрі Шайсүлтан Шаяхметовпен екеуін
бірдей қатыстыра отыра, Шығы стану факультетін ұйымдастыру
жөнінде үсыныс енгізуді талап еттім. Үкіметке жолданатын
үсыныста болашақ факультеттің заттық-техникалық базасын
дамыту арқылы оны бірте-бірте арнайы институт дейгейіне
көтеру жағын қарастыру қажет екенін де ескерттім.
Сөйтіп, 1989 жылғы 27 маусымда Қазақ мемлекеттік универ-
ситетінің қүрамында түңғыш рет шығыстану факультеті үйым-
дастырылды да 1989— 1990 оқу жылынан бастап студенттер
қабылдана бастады. Оған толық жағдай ж асау үшін факультет-
тің оқу корпусін, жатақханасын салу; «Қазақ университеті»
баспасын ашу; шығыстанушы мамандар дайындаудың сапасын
арттыру мақсатымен, қазақ
тіліне жетік жастардың шығыс
тілдерін оңайырақ игеретінін ескере отыра, абитуриенттер таң-
дағанда қазақ мектебін бітіргендерге басымырақ көңіл бөлу,
тағысын тағы шаралар белгіленді.
Қазақстанның аса ірі жоғары оқу орынындағы шығыстану
факульуеті өмірге осылай келген еді. Араб, парсы, қытай, кәріс,
жапон, урду, түрік т. б. тілдерден білікті мамандар дайындай-
тын факультетсіз Қазақтың үлттық университетін қазір бөле
жара алып қарау қиын. Факультеттің қызметін үйлестіру ісінде
оның алғашқы деканы болған белгілі ғалым, қазір сол универ-
ситеттің проректоры, филология ғылымының докторы, проф ес
сор Әбсаттар Дербісалиев үлкен іскерлік көрсетті. Әйтсе де
н е г ізгі ау ы р т п а л ы қ у н и в е р с и т е т т ің р е к т о р ы К ө п ж асар
Нөрібаевтьщ үлесіне тиген еді.
— Сонымен Сіздің 60 ж асқа толғаныңызды біреу біліп, біреу
білмей тұрғанда Президенттің «есебінен» шығып қалғаныңызға
жол болсын. Бірін бірі көптен білетін, сыйластығы жарасқан
адамдардың бірден қол үзісіп кеткенін қалай түсінуге болады?
Әлде араларыңызға от тастағандар болды ма?
Бір жолы маған шетін мәселелерге келгенде сауал қоюға
әрдайым дайын түратын қазымыр журналистердің бірі осындай
да сүрақ қойған еді. Соған жауап берудің реті бүгін түскеніне
өзім де қайран қалып отырмын. Өз басым, тағыда айтамын,
тағды ры м а ризам ы н. К үнделікгі кү й кіл ж ің үш ін ешкімді
кінәлағым келмейді. Ел басының бірге істесетін қызметтестерін
өзі таңдап алуына қақы бар. Тегі «Жолдасыңды көрсет, сонда
сенің кім екенінді айтып берейін» дейтін халық мәтелі де босқа
айтылмаса керек.
1989 жылы маусым айында Г. В. Колбин
басқа қызметке
ауысуына байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық коми-
тетінің бірінші хатшысының міндетінен босатылды да, оның
орнына әуелде Ж оғарғы Кеңестің төрағасының, кейіннен —
Қазақстан Республикасы гірезидентінің мәртебесіне де ие бол
тан Нурсултан Әбішүлы Назарбаев сайланды. Менің қуанышым-
ның шегі болған жоқ. Көптен бері қатар жүріп, бірге өскендей
жас досыңа осындай үлкен сенім білдіріліп жатса, оған қалай
қуанбассың. Бірақ менде, мүнымды әркім әр қилы түсінетінін
білем, іштей қуанышын сыртқа елірте салатын қасиет болмай-
тын.
КПСС Орталық Комитеті бүл жолы Қонаевты босатқандағы
орашолақтығын ескере отырып, басқаша қимылдап, Алматыға
инспекторларын арнайы жіберіп, пікір сұрастырып, мәселені
алдын ала тиянақтап алған болатын. Олар Орталық Комитеттің
бюро мүшелерімен де ж еке-ж еке кездесіп, пікір алмасқан еді.
Неге екені белгісіз, менімен сөйлескен инспектор алдымен
М.Меңдібаев жөнінде пікірімді біліп алғысы келетіндей ниет
білдірген соң, Алматы облаткомында қызмет істеген кезімде (Мең-
дібаев ол кезде обкомда бірінші хатшы) көріп-білгенімді айтып
бердім:
— Бәлкім, сіздер оны керемет ұйымдастырушы деп білетін
шығарсыздар, экономиканы да жақсы білетін болар, тәңір жа-
рылқасын, қарсылығым жоқ, бірақ кермағЫз, қатыгездігі мен
тәкаббарлығы басынан асып жататын адам. «Егемен Қазақстан»
өзінің «Бүл не, кіші 37 ме?» деген мақаласында ол туралы өте
орынды жазды...
Инспектор болса мені тоқтатпақ болып:
— Ау, сонда бүл адам сегіз айдың ішінде жүрттың бәрін
өзіне қарсы қойып үлгіргені ме, қалай, кешелі бері 7-8 адаммен
сөйлескенде біреуінен оның атына жылы лебіз ести алмадым.
Ал енді сонда сіздіц ойыңызша бірінші хатшылыққа кімді усы-
нуга болар еді?
— Назарбаевты. Мен оны 1962 жылдан білем. Көз алдымда
жүмысшыдан үкімет басшысына дейін өсті, экономиканы да
жақсы біледі. Іс тәжірибесі де жеткілікті. Қай жағынан алсақ та
дайындығы мол қызметкер. Басқа оған бара-бар келетін адамды
көріп түрған жоқпын. Кейіннен бюро мүшелерін, үкімет төра-
ғасының орынбасарларын Г. В. Колбиннің кабинетіне шақырып,
мәселені алдын ала талқылағанда, шамасы Мәскеуден келген
өкілмен бір жарым сағат сөйлескеннен кейін бар ой-пікірімді
айтып-жеткізгендей болып отыра беріппін. Өзгелер болса жа-
рыса сөйлеп, оны көкке көтеріп, мақтап-мадақтап жатты. Мен
сөз сүрайын дегенде кешігіп қалғанымды сездім. Қалай карт-
ганда да пендешілік қой, Нүрекеңнің мені әдейі үндемей қалды
деп ойлаганы ықтимал. Солай бола тұра, мәселеге қайта ора-
лып, жагымпаздана қалуды ыңғайсыз деп таптым. Ол да сыр
білдірген жоқ.
Г. В. Колбиннің кейде «агынан жарылса» ойына келгенін
ақтара салатын әдеті бар-тын. Бір жолы Назарбаев үшеуміз
бірге отырған сәтте: «Сіздер, ең потенциалды екі қазақ, мені
қолдамайсыздар» деп қалганы. Мүндайда не айта қоярсың,
үндеген жоқпыз. Бірақ осы бір қас қағымда, бәлкім, маган солай
боп көрінген болар, Нүрсүлтан Әбішүлының жүзінде
бүган
дейін өзіме беймәлім сезім ұялагандай болды.
О, пәни дүние-ай, мен өзін бірінші басшылармен тепе-тең
үстауға тырмысып жүрген ж ан емеспін ғой. Орталық Комитет-
ке хатшылыққа сайлана қоям деген ой да (билікке тырмысу
тегі, әлсіздерге тән қасиет болса керек) үш үйықтасам түсіме
кірмеген шаруа еді. Мен үшін Мәдениет министрінің лауазымы
да жетіп-артылатын еді, оган бүлар көне қойды ма? Маған өзім
таңдап алған өмірлік қағидаттарым, мақсат мүддем бар еді, тегі
солардың ұштығынан шықсам да аздық қылмас еді-ау. Енді келіп,
аса потенциалды екі қазақтың қатарына қосып, мына кісі ара-
мызға залымдықпен от салып отырған ж оқ па деген ойда кал-
дым.
Мен Назарбаевтың өзіме көрсеткен колдауын есімнен шы-
ғарған емеспін. Әйтпесе, сырттан келген Колбин Орталық Ко-
митеитің хатшылығына үсынатындай мені қайдан білсін. Ал
Камалиденов орнына ұсыныпты-мыс деудің қисыны тағы жоқ.
Мұндай ұсыныстың Құбашевтан (сол кездегі екінші хатшы)
шығуы неғайбіл. Үсынысын тек Нурсултан Әбішұлы ғана Кол-
бинге жеткізіп-өткізе алатынын жақсы білетінмін.
Несін жасырайын, оның қолтығына кіріп алып, менің атыма
қауесет, өсек-аяң таратып жүргендердің баршылық екенін бай-
қайтын едім. Ал Нұрекең болса, мұндай шетін мәселе бойынша
сыр шертетін ашық пікір алмасуға бара бермейтін.
Шымкентте болған бір кездесуде Колбин мені мадақтап сөз
сөйлеп, ұзақ қол шапалақтау үстінде қызметіме ризашылығын
білдіріп: «Сіздердің жерлестеріңіз Орталық Комитетов хатшы
болып сайланғалы аса келелі мәселелердің дәйекті шешімін табуға
бетбүрыс жасай бастадық» депті. Мүны естісімен мен Нүре-
кеңе: «Апырау, бірінші хатшыға осындай көптірме пікір айту-
дың қажеті бар ма? Оны әркім әр қилы саққа жүгіртіп жүрсе
ше? дегенімде: «Е, сонда тұрған не бар» деп күмілжіді де қоя
салды. Осыдан ақ болашақ бірінші хатшының (оның сондай
болатынына менің күмәнім ж оқ еді) өзіме деген көзқарасының
күрт өзгере бастағанын сездім.
Бақталастық пиғылдың менде болмағанымен бәсекелес адам
болып көріндім бе, қайдам, әйтеуір арамыздан шынайылық
кеткенін бүрынғыдай ақылдасып, бірлесе қимылдаудан қалға-
нымыздан да аңғаруға болатын еді. Болашақ Елбасының «бәрін
білем» деп өзінің ой-түйсігіне сенгенімен, адамдардың өзара
қарым-қатынасының (әсіресе олардың бірі басшысы, екіншісі
қосшысы болса) бір сөзбен айтып жеткізуге болмайтын осал
жақтарын үғынуға іс-тәжірибесі жетісе бермейтін. Әйтпесе мен
өзімді «елдің жағасы, үлттың ағасы» ретінде (кейбіреулер осы-
лай деп дәріптеген екен) көрсете қояйын деп жүрген жоқпын
ғой. Мүны түсіне қоймайтыны лепірме жастықтың әсері шығар
дейін десем, ол азамат та алпысқа қарай кетіп барады...
Бірінші хатшымыздың қаламаған кісісін қабылдамайтынын,
қабылдаса да көп күгтіріп, діңкесін құртып қалжырататынын
бүрыннан білеүінмін. Бірде алдын ала келісіп барғанның өзінде
сынықты сылтау етіп, мені де қабылдау бөлмесінде үзақ отыр-
ғызып қойғаны бар-тын. Кабинетіне кіріп барғанда (басқасын
былай қойғанда, жасым үлкен ғой) кешірім сүраудың орнына:
«Кейде, Өз-еке, осылай бола береді» дегенді айтты. Келесі бір
жолы тағы да сондай қылық көрсеткен соң көмекшісіне «Керек
болсам, айтарсьщ» деп кетіп қалдым. Бірақ мені іздеткен жоқ.
Сөйтіп үміт пен күдік жетегінде күндер өтіп жатты. Бұл
мезетте жалғыз мен ғана емес, Орталық Комитеттегілер бүрын-
ғыдай бірінші хатшысынан күнделікті тапсырма ала бермейтін
болып қалған еді. Мүнысы үшін, бәлкім, президентті кіналау-
дың да қисыны ж оқ шығар. «Мономахтың телпегінің» қанша-
лықты ауыр екенін түсінеміз ғой. Кім білсін, бұл Елбасының
әркім өз басымен ойлап, өзінше қызмет істеуге дағдылансын
дегені де болар.
Ол жағы өзіне ғана белгілі.
Тоқсанынш ы ж ылдардың басында Қ азақстанда өріс ала
бастаған бейпілауыз демократия партия баспасөзінің беделін
түсіре беру мақсатымен оған республикалық бюджеттің есебі-
нен шығарылып келіпті-міс деген жала жапқан болатын.
Ал
шынтуайтына барсақ, партия баспасөзі ешқашан үкіметтің есе-
бінен өмір сүрген емес. Оған партияның өз қаражаты да жетіп-
артылатын. Керісінше, Алматыда шығатын барлық газет-жур-
налдар түгелдей Қазақстан КП Орталық комитетінің баспасын-
да ж арық көретін.
Бүл жөнінде арнайы баспасөз конференциясында, партия-
лық ақпарат қүралдарында айтылды. Бірақ оған қүлақ асқан
демократтар болған жоқ.
Партия баспасөзі жайлы қалыптаса бастаған теріс пікірді
саябырсыту мақсатымен, Жоғарғы кеңес өзінін «Халық кеңесі»,
«Советы Казахстана» газеттерін, Министрлер кеңесі арнайы
экономикалық журнал шығара бастағанын ескере отыра, біз
«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерін 1991
жылдың 1 қаңгарынан бастап Орталық Комитеттің өз органда-
ры етіп қайта қүру жөнінде үсыныс жасадық. Мәселе алдын
ала келісілгенімен, партия мен үкімет билігінің тізгінін бірдей
ұстаған басшымызға Саяси Бюроның қаулысына қол қойғыза
алмай В. Г. Ануфриев ары-бері жүгірумен болды. Аталмыш қаулы
күшіне енетін де басылымдар жаңа қүрылтайшыларының аты-
мен шығатын 1991 жылдың 1 қаңтары жақындап келе жатқан-
дықтан, қаулыға қалайда қол қойғызу үшін дайындалған қүжат-
тарды алып, жаңа жыл қарсаңында, кешкі сағат 9-ға қарай
бірінші хатшыға өзім бардым. Ол үйіне қайтуға дайындалып
жатыр екен, қаулының жобасына үндеместен қол қойып берді.
Әйтсе де сол кеште оған көптен бері көрген зәбірімді айтып
салдым да жаңа жыл қарсаңында мазасын ала бермейін деп
шығып кеттім. Менен кейін бір-екі минутқа кірген Ануфриев
маған келіп: «Мына кісіге не болған, тіптен әбіржіген қалыпга
отыр ғой» дегенді айтты. Мен: «Оқасы жоқ, орнына келе қой-
маған бір шаруаға ренжіген шығар» дей салдым.
1991 жылдың 18 тамызында Алматыға белсенді әйелдердің
республикалық семинар-кеңесіне қатысу үшін КПСС Орталық
Комитінің хатшысы Г. В. Семенова, Кеңес әйелдері комитетінің
төрайымы А. В. Федулова келді. Оларды қала сыртындағы де-
малыс үйіне орналастырдық (Нүрсүлтан Әбішүлымен Семено-
ваның келесі күні кездесетіні келісілген болатын).
Тамыздың 19 күні таңертеңгі сағат 9-ға қарай Семенованы
қалаға алып келмек болып, демалыс үйіне бара жатқанда радио-
дан Горбачевтың денсаулығының нашарлауына байланысты
президенттің міндетін мүнан былай атқара алмайтын болған-
дықтан өкілеттігі толығынан вице-президент Янаевтың қолына
көшкені, күнделікті басшылық үшін мемлекеттік төтенше жағ-
дай комитеті (ГКЧП) құрылғаны, елде ішінара жекелеген аудан-
дафда төтенше жағдай енгізілетіні жөнінде естідім. Болған іске
бізден бетер қайран қалған Семенова кеше мұнда жүрерде
Янаевта болғанда оның жүріс-тұрысынан немесе сөз саптауы-
нан мұндай оқиғаның азын-аулақ нышанын да байқамағанын
айтып (осыған қарағанда партия басшылығы дайындалып жат-
қан төңкерістен бәрі бірдей хабардар болмаса керек), Мәскеуге
телефон соғып, қал-ахуалды білмек болып еді, Орталық Коми-
теттің хатшыларының біреуі де орнынан табыла қоймады.
Сағат 9-дан 20 минут өткенде Өмірбаева (Орталық Комитет-
тің қоғамдық үйымдармен байланыс бөлімінің меңгерушісі) мен
Федулованы бірінші хатшының қабылдау бөлмесінде қалдырып,
Семеновамен екеуміз Назарбаевтың кабинетіне кіріп барғанда
көргеніміз онын Мәскеуден алынған телеграммаларды оқып,
болған оқиғаны Орталық Комитеттің хатшылары Ануфриевпен,
Байжановпен бірге талқылап жатқаны еді. Оған біз де кірісіп
кеттік, әйтсе де нақтылы жағдай әлі де айқындала қоймаған-
дықтан түжырымды' пікір айтуға болмайтыны көрініп түрды.
Нәтижесінде оқиғаның артын күте тұруға келістік.
Соңғы екі күн ішінде қалыптасқан қал-ахуалға қарап, бізден
жауап күтіп отырған мыңдаған партия қызметкерлеріне бірдеме
айтудың өзі қиын еді. Мемлекеттік төңкерістің (егер 19 тамыз-
дағы оқиға шын мәнінде осындай сыйпатта болса) қозғаушы
күштері, бағыт-бағдары, алдына қойған мақсаты жайлы нақты-
лы жадығаттар бізде болған жоқ. ГКЧП дегеннің ел алдында
масқара боп, екпінді қимылдай алмағанына қарағанда, мүнда да
бір гәп бар сияқты еді. Ол жағы кейіннен де ашылмай қалды.
Әйтеуір тәңір жарылқағыр Горбачевтың Форостағы саяжайынан
табыла қойғаны елдегі шым-шытырық жағдайға бәсеңдік әкел-
гендей еді. Ар жағын көре жатармыз деп жүргенде, Ельциннің
Коммунистік партияға (КПСС) тыйым салғаны белгілі болды.
Республика басшылығы Қазақстан Коммунистік партиясын
шүғыл түрде социалистік, социал-демократиялық бағытта қайта
қүруға бел байлап, үйымдастыру жүмыстарына кірісіп те кетті.
1991 жылы 28 тамызда болып өткен Казақстан Компартиясы-
ның XVIII съезінде Қазақстанның Социалистік партиясы оның
мирасқоры болып жарияланды. Десек те бүл үйлесімі келмейтіи
екі қозғалысты жасанды түрде біріктіруге тырмысқандық еді.
Мүның қандай нәтиже бергенін көп үзамай-ақ көре бастадық.
Кеңестік идеологияда үзақ жылдар бойы тозығы ж еткен
жаттанды қағидаттарға негізделген мазмүн мен сыртқы түрге
басымырақ көңіл бөлініп келді. «Ж оспар үшін!», «Бесжылдық
үшін!», «Астық үшін!», «Тәртіп үшін!», «Өнім үшін!», «Комму-
нистік еңбек үшін!»... тағысын тағылар үшін күреске шақырған
үран-үндеулерден құлақ сарсылып, көз талатын. Шынында да
48
біз не үшін күреспедік десеңші? Мал қыстату да, қозы алу да,
жүн қырқу да, көктемгі eric те, егін орағы да, еңбек өнімділігі
де, құрылыс сапасы да ... бәрі-бәрі де «майдан» болып жария-
ланып, партия үйымдарынан олардың алдыңғы шебінен көріне
I беру талап етілетін. Ащы болса да аныҒын айтсақ, бұрынғы
идеология қызметкерлерінің қайсысын алсақ та, осындай «май-
I дандардыц» күлкілі де қайғылы мезеттерінен «тәлім-тәрбие» алып,
өмір заңдылықтарын басынан кешті емес пе?
Идеологиялық қызметтің тыйымдылығынан гөрі сыртқы по-
шымына көңіл аударыла беретіндіктен, партия ұйымдарында
қалыптасқан саяси-идеялы қ ж ән е мәдени-ағарту ж үйесінде
формализм мен стандарттау, догматизм мен дүмшелеу кеңінен
өрістетілді. Мысалға, басқаны балай қойып, өзімізге көптен белгілі
саяси оқу дегенді алатын болсақ, бәлкім, 20 жылдарда жүрттың
басым көпшілігі сауатсыз, саясаттан түйсік-түсінігі шамалы,
нәрегей шағында үйірмелік түр қажет те болған шығар, бірақ
жетпіс жыл өткеннен кейін де қазіргі заманғы әлеуметтік ком-
муникациялардың, ақпарат қүралдарының қызметімен толығы-
нан пайдалана алатын мүмкіндіктері бар, жоғары немесе аяқ-
талған орта білімді қоғам мүшелерін догматизм мен дүмшелікке
итермелейтін саяси оқу жүйесін тықпалай берудің қажеті бар
ма еді?!
Өкініштісі, саяси оқуға күдіктену партиялық идеологияға
сенімсіздікпен қарағандай болып көрінетіндіктен, партия коми-
теттері қүрғақ сәуегейлікке бой үсынып, мәселенің бүл жағына
көңіл аудара бермейтін. Нәтижесінде партиялық үйірмелер мен
саяси мектептерден теориялық семинарларға дейін оқу жылы-
ның басында бір-екі рет дәріс өткізетін де жылдың аяғында
тағы бір рет жиналып, толық курстан өтсін-өтпесін тыңдаушы-
ларды келесі сатыға көтеретін де мұндайда «жабулы қазан
жабулы» күйінде қала беретін. Осьшдайды көре тұра, оған қарсы
шаралар белгілеп, кемшіліктерді жоюға іс-қаракет жасайтын
басшы орындар да көріне бермейтін.
Біз Торғай облыстық партия үйымында осындай шектен тыс
келеңсіздіктерге жол бермес үшін нақтылы шаралар да белгілеп
көрдік. Мұның өзіндік себептері де бар-тын. Бірде Қима ауда-
нындағы «Есіл» кеңшарында болғанда жылма-жыл формальды
түрде бір сатыдан екіншісіне көтере бергендіктен ең жоғарғы
сатыдан саналатын ғылыми коммунизмді «үйреніп-біліп» жат-
қан шала-шарпы білімі бар кочеғарларды, истопниктерді, кеп-
теуілге тұратындарды, кеңсе қызметкерлерін көріп қайран қал-
ған едім. Обком хатшысыньщ өзі дәріске қатысып отырғандық-
тан, басшының алдында ұятқа қалғысы келмеген насихатшы
ж азып алғандарын судыратып оқып шықты. Сұрақ бергендер
табыла қоймаған соң, «қалай, ештеме түсіндіңдер ме?» деп сау-
4 — 544
49
ал қойғанымда тындаушылардан «түк ұққанымыз жоқ» деген
жауап алдым. Оның үстіне саяси сабақ орыс тілінде өтті. «Бүла-
рың қалай, бәрің қазақ емессіңдер ме?» дегенімде жиналғандар
ішімізде жалғыз орысымыз бар еді, ол бүгін келмей қалыпты,
оның үстіне оқу құралдары ж оқ деп күмілжігендей болды. Әрине
ол азаматқа орыс тілінде жүмыс істейтін басқа бір түрді үсыну
ешкімнің ойына келмепті.
Саяси оқу барлық ұйымдарда бірдей негізінен осындай
дәрежеде өткізілетіндіктен жаттандылығы да, догматизмі де,
дүмшелігі (начетничество) де жетіп артылатын.
Тағы бірде осы ауданның «Терісаққан» кеңшарында болга-
нымда көргенім де дәл бүгінгідей есімде қалды. Саяси дәріске
қатыспақ болып мұнда дүйсенбі күні келгенімде (ол кезде саяси
оқу дүйсенбі сайын өткізілетін), партком хатшысының көзі
шарасынан шыгып кете жаздап: «Сіз кешіріңіз, біз бір себеппен
оқуды бүл жолы сәрсенбіге қалдырған едік» дегенді айтты. Мақүл,
ендеше мен басқа үжымшарға ақ «бара қояйын деп кетіп кал-
дым да, сәрсенбі күні тағы да қайтып оралсам, парторг байғүс
(менің ауданда уәкіл болып жүргенімді қайдан білсін) қүлап
қала жаздады. Қайта-қайта кешірім сүрап, үйірмелердің сенбі
күні жиналатынын айтты.
Сонымен не керек мен мүнда сенбі күні де келдім. Бұл
жолы үжымшардағы саяси үйірмелердің дәрісіне қатынасу үшін
аупарткомның бірінші хатшысы, ауатком төрағасы, аудандағы
кәсіподақ, комсомол үйымдарының басшылары да келген екен.
Есептеп қарасақ, мүндағы партия, комсомол, кәсіподақ ж әне
жергілікті кеңес тарапынан белгіленген «оқу» түрлеріне (олар-
дың жалпы саны 16 екен) әр қайсысына екі-екіден шаққанда
32 насихатшы керек екен. Оларды қайдан таба қойсын? Бекіт-
кендерінің де кім екені белгісіз болып шықты. Әйтеуір барлы-
ғы жабылып жүріп, 16 түрден жетеуін гана ж инай алды. Дәріс
өткізетін орын таба алмай, директордың кабинетіне дейін бө-
ліске салыпты. Сонда қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» дейтіні
есіме түсті. Ау, үйірме түрлерін айқындағанда олардың тыңда-
ушыларының санына қарай дәріс өткізетін орындарын да анық-
тап алу керек емес пе еді? Үйірмелердің бір қатары оқу жы-
лының жартысына жуығы өткенімен бірінші рет жиналып жат-
қандықтан мардымды дәріс өткізе алмады. Оқу бағдарламала-
рының, оқу құралдарының әсіресе қазақ тілінде жетісе бер-
мейтіні сөз болды. Ал Арқалықта қазақ тіліндегі жадығаттар
өтпей түратын.
Сөйтіп, бір бірімізге реніш сезімімізді білдіріп, үрыспай-ке-
ріспей тарқастық. Ертеңіне партком хатшысын облыс орталы-
ғына өзіммен бірге ала кеттім де, саяси оқуға қажетті қүрал-
жабдықтардың әсіресе қазақ тіліндегілерін түгелдей сатып ал-
ғыздым да, ж үк машинасына арттырып, өзін бірге отырғызып
шығарып салдым.
Осы бір оқиғадан кейін бүкіл облыстық партия үйымы бой-
ынша саяси оқуға қатысты мәселелерді қайта реттеуге Іура
келді. Ең алдымен оқу мерзімін жергілікті жағдайға лайықтап
ыңғайластырдық.Әдетте Одақ көлемінде саяси оқу 1 қыркүйек-
те басталып, маусымньщ басында аяқталатын. Енді біз оқу жылын
жүртпен бірге бастағанымызбен көктемгі егіспен байланыстыра
отыра, 22 сәуірге, В. И. Лениннің туған күніне қарай бітіріп, оқу
жылының қорытындыларын бүрынғы белгіленген тәртіп бойын-
ша, Орталық комитетов жыл сайын маусым айында тапсырып
отыратын боп келістік. Саяси оқу бүдан былай, бұрынғыдай
араға бір апта салып емес, қыс кезінде апта сайын сенбі күнде-
рі өткізілетін болды. Өйткені Торғайдың жағдайында көктемгі
егіске дайындыққа мамырдың басында-ақ қызу кірісіп кететін.
Бізге мүны ескермеске болмайтын еді. Оқу бағдарламасы бой-
ынша тыңдаушыларды бүрынғыдай оқысын-оқымасын келесі
сатыға секірте бермейтіғідей етіп, келесі жылы
бағдарламаға
сәйкес биылғы ж еткен жерінен әрмен қарай жалғастыратын
еттік. Бастауыш үйымдарда белгілі бір тақырыптар бойынша
насихатшы-мамандар жетісе бермейтінін ескеріп, оларды аудан
немесе облыс орталығынан арнайы жіберіп отыру көзделді.
Обкомныц жанынан үйымдастырылған үш жылдық партия
мектебінің жүмысы да қайта қаралды. Оған жетекші болып
обкомның бірінші хатшысы С. Қүсайынов белгіленді. Бірінші
жылғы қабылданғандарға жетекшілік етуді мен өз міндетіме
алдым. Екінші жылға оқуға қабылданғандарға обком хатшысы
Е. М. Башмаков, үшінші жылғыларға обком хатшысы Қ. Туры-
сов жетекшілік етті. Оқу ж еке-ж еке топтастырылып, бірінші,
екінші, үшінші жылғы
оқыту кестелері бойынша жүргізіліп
келді. Осылайша кімніц қай жылы оқып ж атқаны ескеріле
бермейтін бүрынғы формализммен бір жолата қоштасуға тура
келді. Семинарлар да сөйлеу, реф ерат жазу, емтихан тапсыру
енгізілді.
Лекциялық насихатты да, саяси хабарламашылар мен үгітші-
лердің жүмысын да өмір талабына сай қайта құра бастадық.
Лекция оқитындардың қолына берілетін жолдамаларға қай кең-
шарға барып, қай бөлімшеде, кімдердің алдында, қай тілде сөй-
лейтініне дейін көрсетілетіні орынды болды.
Әйтсе де шешімін таба алмай келе ж атқан осыншама қыру-
ар мәселелердің алдын ала бастағанымызбен, онда қызмет істе-
ген төрт ж арым жылда атқарылған жұмысқа қанағаттануға
болмайтын еді. Басты себебі саяси оқуға деген ықыластың,
жауапкершіліктің шамалы екендігінде еді. Ж асыратыны жоқ,
барлық үйымдарда бірдей насихатшының, саяси баяндамашы-
ның, хабарламашының, үгітшінің білімі, лекторлық шеберлігі
тыңдаушылардың деңгейінен асып түсе бермейтін.
Бұл салада тағы бір реформа қаж ет екені көрініп қала бе-
ретін. Мәселені ақпарат құралдары арқылы, әр түрлі семинар-
жиналыстардағы пікір алмасу кезінде де, тіпті Орталық коми-
теттің идеология бөлімінің алдына тікелей мәселе қойып та көрдік.
Партия басшылығының мұндай шетін жәйттерге тереңірек мән
бермейтін болып алғаны сонша, партиялық идеологияда қалып-
тасып үлгерген келеңсіздіктер оны толғандыра қоймайтын. Ал
бір облысгың жағдайында іске асырыла бастаған шаралар жалпы-
ға бірдей ортақ талап қойылмағандықтан жемісті бола бермей-
тін.
Партиялық үгіт-көпшілік жүмыстарының да мазмүны, түр-
түсі, әсіресе көрнекілігі сын көтере бермейтіндей шегіне жет-
кендіктен оларды да қайта қүруға тура келді. Үрандарды қазақ
және орыс тілдерінде жазғызып, уақтылы алмастырып отыру
жағы қарастырылды. Үгітші үжымдардың жұмысы айқындала
түсті.
Әртүрлі жиналыстарда, кездесулерде орыс тілімен қатар
қазақш а сөйлеу дағдыға ене бастады. Кітап саудасы жандана
түсті. Облыс аймағында бүрын небәрі төрт қана кітап магазині
болған екен, үш жылдың ішінде олардың саны 89-ға жетті.
Радиореле желісі іске қосылды. Облысты жаппай радиоландыру
аяқталды.
Көп мәселе идеология қызметкерлерінің іс-қаркетінің тиым-
дылығымен байланысты болғандықтан, бүган да жете мән бере
бастадық. Тіпті И. В. Сталин заманынан бастап ақ, «партияда
бәрін кадрлар шешеді» деген қағиданың дағдыға еніп, басшы-
лыққа алынғанымен нақтылы өмірде осындай үлағатты мәселеге
көңіл аударыла бермейтін. «Аузы қисық болса да байдың ұлы
сөйлесін» дегендей, идеологиялық қызметте де өндіріс маманда-
рының болуы қүпталатын. Тіпті база боларлық білімі барлардың
өзі партия қызметіне жоғарылатыла бермейтін.
Бірде Алматы облысының Күрті ауданында болғанда кеңшар-
дағЫ партия үйымы хатшысының «әліпті тайқ» деп білмейтіндей
дәрежеде екенін көріп қайран қалғаным бар-тын. Ол болса:
— Сіз мені кешіре көріңіз. Малмен жүмыс істеуге дайындал-
ган мен сияқты пақырды (ол, мамандығы бойынша мал дәрігері
болатын) адамдармен жүмыс істеуге қосқаннан «не үміт, не
қайыр»? Мүндай қызметтің қолымнан келмейтінін айтсам да
аупарткомдағылар «сен мамансың» деп отырып алды. Ал енді
көрсін, маманының қандай ёкенін?
Ол, өрине, ащы болса да шындықты айтқан еді. Идеологңя-
лық кадрларды таңдап алуға бағытталған ыңғайтабыс осындай
болатын.
*
Кез келген істің шешімін өндіріс мамандары таба алады деген
жаттанды қағиданың кіріптары болған тағы бір жігітпен мен
комсомолда қызметтес болған едім. Оның ауыл шаруашылығы-
на қатысты тахниканы ж еге меңгергені сонша, трактордың
дүрсілінен ақ қай тетігінің дүрыс жүмыс істемей жатқанын і
аңғаратын. Әрине «Казсельхозтехника» бірлестігінің бір үлкен
бөлімшесін басқарса, ол қоғамға к о мсо м олдағыдан гөрі көбірек
пайда келтіретін еді. Өздеріне кадр таңдап алуда жалғыз көрсет-
кішті нысана етіп алған партия шенеунектері мұндайға көне
қойған ба? Қоғамдық қызметтен тәжірибесі шамалы ж еке басы-
ның мәдениеті де жетісе бермейтін ж ас жігітті облыстық ком
сомол комитетіне бірінші хатшылыққа үсынды. Қасақана бүкіл
елде Мәскеуде өтетін партия съезіне дайындық жүрігі жатқан
кез болатын. Съезд ашылатын күні бізге оның атына Одақтық
комсомолдан рапортхат жіберілетіні жөнінде ұсыныс келді.
Хаттың мәтінін Мәскеуден алысымен оны қазақ тіліне аударып,
ертеңгі сағат 9-дан кешке дейін барлық комсомол үйымдарында
талқылап, қол жинаған қортындысын БЛКЖ О Орталық коми-
тетіне табыс етуге міндеттенгендіктен іске кірісіп те кеттік.
Комсомол үйымдарына хаттың мәтінін телетайп арқылы да
жіберетінімізді ескерттік. Әлгі жігіт болса оны Телетаев деген
біреу әкеледі екен деп Алматыдан келегін үшақты да, пойызды
да, тіптен Ақмола арқылы келетін облысаралық автобусты да
қарсы алып әлекке түседі. Ондай адам келе қоймаған соң Ал-
матыға, Қазақстан комсомолының Орталық комитетіне телефон
соғады. Трубканы екінші хатшы Иван Зарубин алады.
— Иван Иванович! Мен таңертеңгі 8-ден бастап Алматыдан
келген үшақты да, пойызды да, тіпті облысаралық автобусты да
қарсы алдым. Телетаев жолдас әлі келген жоқ. Енді не істейміз?
депті.
Эрине өмірінде телетайпты кермесе, оны біле қоймады деп
жазғыруға болмайтын еді. Зарубин қанша күлкісі келіп, жары-
лып кете жаздаса да сыр білдірместен телетайп дегеннің не
екенін тәптештеп түсіндіріп, «байланыс бөліміне біреуді жіберігі
сүратшы, бәлкім, келіп те қалған шығар»— дегенді айтыпты.
Сөйтсе, жадығат таңертеңгі 8-ге дейін-ақ келіп түскен екен.
Кейіннен сол жігіттің «бірте-бірте» аупартком хатшысына,
облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағалығЫна дейін
көтерілгенін көрдім. Бірақ арада қанша уақыт өтті десеңші.
Бәлкім, ол өз мамандығы бойынша тезірек жетілер ме еді? Өмір
заңдылығы осылай болғаннан кейін, лауазымдыларга да адам
тағдырына жөнімен араласқан мақұл ғой деймін.
Өзгелерде жүмысым жоқ, өз басым бұрынғы Коммунистік
партияда бой көтерген келеңсіздіктердің басым көпшілігі басшы
кадрларының іс-қаракетіне байланысты қалыптасқан жәйт деп
есептеймін. Коммунистік идеяның күйреуін, оны басшылыққа
алған миллиондаған коммунистердің басын қосқан партияның
өзі оп-оңай тарап, кеңес үкіметінің қүлай салғанын, бүкіл елден,
«бас көтерер» бір азаматтың табыла қоймағанын басқаша түсі-
-нуге қақымыз жоқ. Горбачевтің қүрғақ сәуегейлігі мен сатқынды-
ғы 'көптен белгілі бола түра, партия тарапынан нақтылы шара-
лар қабылданбағаны, уақыттың созылып кеткендігінен идеоло-
гиядағы, саясаттағы екіұштылықтың дегеніне жетіп үлгіргені
осыдан-ақ көрініп түр десек қателесе қоймаспыз.
Менің мәселенің бүл жағына баса назар аударып отырғаным
бүрынғыны көксегендіктен немесе оған қайтып оралуға құштар-
лықтан емес, өткенге сын көзімен қарасақ ілгерілей түсетініміз-
бен байланысты еді. Бүл үшін мені бұрынғы коммунистер де
кінәлай қоймас деп ойлаймын.
Осыдан біраз бүрын мерзімді баспасөзде —«Қазақ әдебие-
тінде» (7 қаңтар 1997 ж.) жарияланған М. Есенәлиевтің «Үлы-
лық пен әлсіздік» деген көлемді мақаласында, «Аргументы и
факты» апталығында (қаңтар, 1997, № 5 (193) Сейдахмет Қүтты-
қадам ұйымдастырған «Қонаевтың жүмбақтары» атты сүхбат-
репортажда менің 1970 жылы комсомолдағы басшы қызметтен
кетуімнің басты себебі — Дімаш Ахметүлы тағайындағысы кел-
ген азаматты БЛКЖ О Орталық комитеті арқылы өз орныма
«өткізе» алмағаным, содан біресе Торғайға, біресе Мәдениет
министрлігіне, облаткомға қуыла бергенім, тек 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасынан кейін ғана Мөдениет министрі болып
тағайындалып, кейіннен Қазақстан Компартиясы Орталық ко-
митетіне хатшы болып сайланғаным жайында айтылды. Осы бір
шетін мәселеге қосайын дегенім өзімнің ешқашанда Д. Қонаев-
тың «есебінде» болмағаным жайында еді. Басшы кадрларды
таңдап алуда ол кісінің өз талаптары бар-тын ж әне оларға үйле-
се қоймайтынымды көптен сезетінмін.
Десек те негізгі себеп — менің техникалық, экономикалық
немесе ауылшаруашылық біліміМнің жоқтығында (мұнсыз ол
кезде кім болса да басшы қызметке жоғарылатыла қоймайтын),
кезінде партия мектебін немесе Қоғамдық ғылымдар академия-
сын бітіріп алуға да ж ете мән бермегендігімде, сол сияқты 38
жастағы адамды мұнан былай да басшы комсомол қызметінде
үстай түруға болмайтындығында еді.
Ал енді қисынсыз көтерілген мәселеге келсек (шамасы менің
Кәкіш досым Қонаев үсынған кандидатураның Мәскеуден өтпей
қалуы мүмкін емес екенін ұмытқан болар), Торғайға қызметке
ауысарда сүрастырып білгенім мүндағылардың орныма Аухади-
евтің кандидатурасын дайындап жатқаны еді. Ол кезде жастар
арасында белгісіз Гурьев облыстық кәсіподақтар кеңесінің тора-
расы 3. Камалиденовтың кандидатурасының соншалықты шап-
шаңдықпен, бір тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде ұсынылып
үлгіргеніне, тіптен О блсовпрофтың жұмысы жайлы мәселе
Орталық Комитеттің бюросында талқыланып, оған жоғары баға
берілгеніне қарағанда бұған басқа да мүдделі күштер араласқан
болуы ықтимал. Оның үстіне Д. Қонаев өзінің ойындағысының
үқыпты түрде орындалуын барлық уақытта бірдей қадағалай
бермейтін. Саралап «түсіндіріп» бергендер де болуы мүмкін.
Мен үшін өкініштісі — жақындап қалған Қазақстан комсо-
молының 50 жылдығын өзім басшылық етіп өткізуге мұрсат ала
алмағаным ғана. Бәлкім бұл да «асы күнәкар пендешілік» шы-
ғар, маған тиісті үкімет наградасы — Ленин ордені де Камали-
деновке бұйырды. Мен болсам медаль да ала алмадым. Өйткені,
үкімет наградасы дегеніміздің өзі нақтылы қызмет атқарғандар-
ға ғана емес, мансаптыларға да беріле салынатын. Солай-ақ
бола қойсын, онда тұрған не бар десем де, несін жасырайын,
көңілімде тоғыз жыл бойы істелген азабы мол қызмет үшін
өқініш сезім, ашу-ыза қалып қойды. Бұл үшін мені, оқушым,,
айыптай қоймассың деп ойлаймын. Қайран қалдыратыны —
осындай шетін мәселелер бойынша пікір айтатындардың табыла
бермейтіні. Шынтуайтына барсақ, қазіргі наградтау жүйесінде
де пайымдылық, дәйектілік, салиқалылық ж етісе бермейді.
Ж ұртқа Елбасы көрсететін сый-сыяпатпен бірге әділеттілік,
көрегенділік қағидаттары сыннан өтіп жататынын үмытуға бол-
майтын сияқты. Мұны да есте үстаған жөн ғой деп ойлай
мын. Өкінішке қарай, қолқама суық тиіп ауруханада жатқандық-
тан, партияның соңғы сьезінде де, Орталық Комитеттің плену-
мында да, бола алмадым. Кейіннен «Қазақ тілі» қоғамының
қүрылтайында, тағы бірде «Наурыз» мейрамының қүрметіне
үйымдастырылған қабылдауда бас изесіп сәлемдескеніміз бол-
маса, Елбасымен тілдескен емеспін. Бәлкім бүл шүбәлану мен
сенімсіздіктен өрбіген басыбайлы қалпымыздың тағы бір айғағы
болар. Оқасы жоқ, «Көш ж үре түзелер», замана, уақыт тала-
бын қарсы алған үлы көштің жетіскендікке, мүлтіксіздікке, мін-
сіздікке апаратын соқпағында елімізбен, халқымызбан бірге бол-
сак, біз сияқтылардың қалған өміріне сол да жетіп-артылар деп
ойлаймын.
1992 жылғы қазан айында Алматыда дүние жүзі қазақтары-
ның түңғыш қүрылтайы болып өтті. Қүрылтайдың бағдарламасы
бойынша «Ата-баба мүрасы: қазіргі заманғы өмір талаптары
тұрғысынан» деген тақырыпта менің де баяндамам тыңдалды.
Халықаралық қазақ орталығы салынатын ж ерге тас белгі қо-
йылды. Шетелдік қазақтар Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қо-
рығында болып, ондағы Ахмет Иасауи сәулет ғимаратын тама-
шалап қайтты.
Құрылтай бітісімен премьер-министрдің орынбасары Қуаныш
Султанов (ол соның алдында ғана осы лауазымдағы Мырзатай
Жолдасбековты алмастырған болатын) маған болашақ Орталық-
тың ғылыми тұжырымдамасын (концепциясын), жобасын жа-
сауға басшылық етуді ұсынды. Қалдарбек Найманбаевқа (Халы-
қаралық қазақ қауымдастығы төрағасының бірінші орынбаса-
ры) жолығыңыз, сол кісі көмектесетін болады — дегенді айтты.
Оған барғанымда оның екі көзі шарасынан шығып:
— Сіз мұнда өзіңізді қандай қызметте көргіңіз келеді? Ол
жағы менімен келісілген ж оқ еді — дегенді айтты.
— Ал сен өзің қалай ойлайсың? Мынау түріңнің өзгере
қалғанына қарағанда, шамасы, мен осында мансап іздеп келіп
отыр деп ойлайтын шығарсың. Қызметің өзіңе бүйырсын, маған
ешқандай лауазымның керегі жоқ. Қуаныш Сұлтанүлының өті-
ніші бойынша, қаласаң, Орталықтың жобасы жасалып, бекітіл-
генге дейін сөзі өтетін ақылшы (советник) бола ғой десең, кө-
мектесейін, ар жағын өзің алып кете жатарсың,— дедім.
Сонымен жүмысқа кірісіп те кеттік. Межколхозстройдың
жобалау институтындағы білікті мамандарды қатыстыра отыра,
Орталық түсетін аймақтың топосуреттерін жасаттым. Ж ер асты
суларының деңгейін, топырағының қүрамын, тастағының қалың-
дығын анықтап алғаннан кейін көріністік шолымын (видовое
обозрение), алғашқы эскиздік-ұсыныстар жасауға кірістім. Өйтке-
ні, айтылғандардың негізінде ғана жердің гидрогеологиялық және
қалақұрылыстық суреттемесіне, эскиздік ж обасына кірісуге
болатын еді.
Сол түста Найманбаевпен бірге Стамбулға да барып қайт-
тым. Ж обаның авторы болып белгіленген сәулеткер сонда тура-
тын. Онан сұрап-білгенім мені қайран қалдырды. Түрік жағы
халықаралық қазақ орталығын емес, түрік орталығын үйымдас-
тыруды орайластырған екен. Алматыда салынатын бесжұлдыз-
ды мейманхана мен көпқабатты, әртүрлі офистер, банктер ор-
наластырылатын бизнес орталығының қазақ мәдениетіне, әсіре-
се, оның сәулет өнеріне қандай қатысы бар деген сүраққа
жобаның басшысынан нақтылы жауап ала алмадым. Тек менің
дәлдеп алғым келгені түрік мәдениетін біз Түркияның өзінен-ақ
көріп жүрміз ғой, ал қазақ сәулеткерлігінің қалдықтарын ұлан-
ғайыр кеңістіктен іздестіруге тура келетініне түрік жағының
көзін жеткізу еді. Солай болды да.
Десек те мәселенің алдымен Алматыда шешіліп алынбағаны
көз.ге түсе берді. Түріктер өздері бөлетін қаржысына кепілдік
сүраған екен. Ол жағы аяқсыз қалыпты. Оның үстіне Орталық-
тың ғылыми тұжырымдамасын жасап алмай түрып, пісігі жет-
пеген мәселені шетелдік компанияның алдына қоюдың ыңғай-
сыздығы да ешкімнің ойына келмепті.
Сөйтіп, не керек, елге қайтып оралғаннан кейін азын-аулақ
істеген жұмысым мен ізденістерімнің нәтижесін (ол бұрыннан
есте жүретін) ббсқа кетпесін деген оймен «Жолайырықта» атты
альбом-кітабымньщ мазмүндық желісіне арқау етуге тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: |