Экономика және оның қоғамдағы рөлі Экономика


Кәсіпорын шығындарының мәні мен жіктелуі. Шығындардың экономикалық элементтері және шығындар баптары



бет43/47
Дата17.12.2022
өлшемі0,82 Mb.
#57857
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Экономика ответ

52. Кәсіпорын шығындарының мәні мен жіктелуі. Шығындардың экономикалық элементтері және шығындар баптары
Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі. Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:
1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады. 
2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.
Орташа шығындар – бұл өнім бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
АС(averagecosts)=ТС/Q.
Орташа шығындар үшке бөлінеді:
1. Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АFС=FС/Q.
2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АVС=VС/Q.
3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:
ATC=AFC+ATC.
Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:
МС(marginalcosts)=∆TC/∆Q,МС=∆VC/∆Q.
Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті, қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады: МFC = 0.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндіріс процесімен тікелей байланысты, ал үстеме шығындар өндірісті басқарумен байланысты.
Өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне байланысты шығындар пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді.
Пропорционалды шығындар қатарына өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты өсетін шығындарды жатқызамыз. Мысалы, шикізат, негізгі материалдар, отын шығындары, технологиялық мақсатта қолданылатын энергия, тағы басқа да шығындар.
Пропорционалды емес шығындар өндіріс көлемі азайған немесе көбейген кезде айтарлықтай өзгермейтін шығындар. Мысалы, жарықтандыру, отын шығындары, құрылыстар мен ғимараттардың тозу құны т.б.
Шығынға жатқызылу уақтысына байланысты ағымдағы, болашақ кезеңнің шығындары және алдағы шығындар.
Ағымдағы шығындар дегеніміз – есептік кезеңде пайда болатын және сол есептік кезеңде өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. Болашақ кезеңнің шығындары есептік кезеңде пайда болады, бірақ өндірілген өнімнің өзіндік құнына біртіндеп келесі кезеңдерге жатқызылады. Алдағы кезеңнің шығындары өндірілген өнімнің ағымдағы шығындарына жатқызылады, бірақ сол шығындардың өздері кейінірек пайда болады. Мұндай әдістің негізгі себебі шығындарды өзіндік құнға бірқалыпты жіберу болып табылады. Мысалы, жұмысшылардың демалыстарын төлеуге арналған резервтер, құрылғыларға жөндеу жүргізуге байланысты резервтер, тағы басқалары.
Шығындардың біртектілік дәрежесіне байланысты элементтік және кешендік болып бөлінеді.
Кешендік шығындар дегеніміз – көп элементті баптардан тұратын шығындарды айтамыз. Мұнда өндірістік, шаруашылық, коммерциялық және басқа да шығындар қамтылады. Шығындарды осындай тәсілмен бөлу өнімнің жаңа түрлерінің өзіндік құнын есептеу кезінде пайдаланылады.
Шығындардың өндіріс іс-әрекетіне тиістілігі. Бұл қағида бойынша, өндірістің барлық шығындары кәсіпорын мүддесіне жасаса, бірақ бұл шығын басқа мекемеге тән болса, онда бұл шығындар осы кәсіпорынның өзіндік құнына жатқызу тиіс емес.
Шығындар ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Мұндай бөлу өнімнің өзіндік құнын анықтаудағы алғы шарттардың бірі болып табылады.
Шағандарды өзіндік құнға жатқызудың төлем факторінен тәуелсіздігі. Бұл қағидаға сәйкес, өткізілген өнім үшін келген төлемнің түсу уақытысына қарамастан, өнімді өндіру мен өткізу шығындарын өзіндік құнға пайда болған уақытында жатқызу керек.
Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде төлем факторына қарағанда тауар факторының маңызы зор[1].
Өндірілген өнімнің бір данасына кеткен шығындарды есептеу барысында экономикалық элеметтер бойынша топталған шығындар қолданылмайды. Өйткені көптеген шығындарды өнімнің түрлеріне жатқызу мүмкін емес. Өнімнің бір данасына кететін шығындарды есептеу барысында шығындарды баптар бойынша топтастыру қолданылады. Шығындарды баптар бойынша топтастыру кезінде дедукция әдісін пайдаланып шығындардың пайда болу орны мен мақсатты жұмсалуына байланысты түрлерге бөлу қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет