инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
инвестициялық приоритетті анықтау;
баламалы нұсқаларды қарастыру;
инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.
Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:
тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);
жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);
несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;
қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін
бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);
кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.
Жоба – бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинифильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.
58. Кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасып, жұмыс істеуде. Алайда, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қызмет саласы әлі де жеткілікті дамымағанын атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұйымдық, ақпараттық, құқықтық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуді қамтитын институционалдық сипатта болуға тиіс. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының заңдары;
- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
- Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
- мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары деңгейінде реттегіш құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
- кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;
- кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу;
- техникалық реттеу; - бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
- мемлекеттік бақылау және қадағалау;
- бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
- мемлекеттік тапсырыс;
- Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге де нысандары мен құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
- кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;
- жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа кірісті есептеу қағидаларын бекіту;
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту.
- бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесін бекіту.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мынадай негізгі түрлерін қамтиды:
- қаржылық және мүліктік қолдау;
- инфрақұрылымдық қолдау;
- жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдар жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құруды және дамытуды қамтитын институционалдық қолдау;
- жеке кәсiпкерлiкті ақпараттық-талдамалық, оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдауды қамтитын ақпараттық қолдау.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін көздейді. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау:
- тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
- бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
- екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
- экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
- жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субсидиялау;
- жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
- шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау;
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
- лизинг;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдаудың өзге де шараларын беру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
а) шағын кәсіпкерлікті реттеу жөніндегі заңдарды жетілдіру;
ә) жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту орталықтарын, кәсіпкерлік инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалдық аймақтар және шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру;
б) бюджеттік қаражаттар есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқуәдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
в) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік органдар қарамағында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелерді зерттеу және шағын ұсыныстарды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу институттарын құру жолдармен жүргізілетінін анықтайды;
г) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қаржылық институттарын құру;
ғ) кәсіпкерлік-инкубатор және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
д) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін, құрылыстарды сату.
59.Бүгінгі күнде кәсіпкерлікті қолдау саласында түрлі институттар бар. Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау механизмдері кәсіпкерлікті қолдаудың сараланып дамыған инфрақұрылымы арқылы жүргізіледі. Кәсіпкерлік субъектілерін тұрақтануын және қалыптастыруын ынталандыру үшін мемлекеттік даму институттары құрылған. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту механизмдері келесі жолдармен жүзеге асырылады: - қаржылық көмек көрсету; - шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ұйымдастыру; - кәсіпкерлік-инкубаторлар қызметін ұйымдастыру және т.б. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызмет құру, дамытуға қолайлы жағдай туғызатын шаралар кешенін сипаттайды. Қазақстан Республикасында осындай ұйымдар қатарына мемлекеттік және мемлекеттің тарапынан құрылған ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және шетел ұйымдары, коммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады. Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы төмендегідей анықталады: кәсіпкерліктің қалыптасуы, қызмет етуі, және дамуы кезінде мемлекеттік жәрдем беру және қолдау, қаржылық көмек, ақпараттық-сараптамалық көмек, білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыруда материалдық-техникалық көмек көрсету. Суретте ҚР кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының жүйесі берілген. Мемлекеттік институттар жүйесі кәсіпкерлікті қолдау бойынша орталық Уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР Индустрия және сауда министрлігі, «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қала және облыс әкімдіктері жанындағы департаменттерден тұрады. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік емес институттарының жүйесіне кәсіпкерлердің өңірлік және салалық қоғамдық бірлестіктері – кәсіпкерлік инкубаторлар мен технологиялық парктер кіреді.
Жеке кәсіпкерлікті реттеу мен қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалдыинновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар. Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына: - мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер; - үкіметтік емес мекемелер; - коммер циялық мекемелер кіреді. Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады: -бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау; - қаржылық қолдау; - ақпараттық - талдау жағынан қолдау; - кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау; - материалдық-техникалық жағынан қолдау. Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпарат беруді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін құрылып жатқан немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдардың кешені ретінде түсіндірледі. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы институттар жүйесі Мемлекеттік институттар уәкілетті мемлекеттік органдар республикалық кәсіпкерлік тәжірибені оқыту орталығы өңірлік уәкілетті орган шағын кәсіпкерлікті Арнайы дамыту қоры инфрақұрылым объектілері кәсіпкерлік инкубаторлар технологиялық парктер Мемлекеттік емес институттар кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері кәсіпкерлердің салалық қоғамдық бірлестіктері кәсіпкерлердің өңірлік қоғамдық бірлестіктері Ғылыми-техникалық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, техникалық парктер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |