Электрохимиялық потенциалдарының молекулярлық механизмі. Түрлі мүшелер электрлік белсенділігін зерттеу әдістері



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі159,95 Kb.
#116200
  1   2   3   4
Байланысты:
Биофиз реферат


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ЖАРАТЫЛЫС ТАНУ ҒЫЛЫМИ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ




МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: 1) Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалы
2) Электрохимиялық потенциалдарының молекулярлық механизмі.
3) Түрлі мүшелер электрлік белсенділігін зерттеу әдістері.
4) Жылжыған жіптер моделі .Жасанды мүшелер


Орындаған: Айтжанова К.С
Курс:1
Тобы: 132
Факультеті: «Жалпы медицина»
Пән атауы: «Медициналық биофизика»
Тексерген: Мәдихан Ж.Ш

Ақтөбе 2023ж


Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалы
Тірі биологиялық система – бұл ашық система, сондықтан биологиялық мембрана арқылы заттардың тасымалдануы — өмірлік керек жағдай. Мембрана арқылы заттардың тасымалдануымен клеткадағы метаболизм процесі, биоэнергетикалық процесстер, биопотенциалдардың пайда болуы, нерв импульсінің генерациялануы, т.б. тығыз байланысты. Биомембрана арқылы заттардың тасымалданының бұзылуы әр түрлі патологиялық ауруларға әкеліп соғады, оларды емдеу процесі дәрілердің клеткалық мембрана арқылы өтуімен тығыз байланысты. Дәрілік препараттардың эффективтілігі негізінен осы мембрана арқылы олардың өтімділігіне байланысты болады.

Заттардың тасымалдануын анықтауда электрохимиялық потенциал ұғымы маңызды роль атқарады.

Берілген дененің μх – химиялық потенциалы деп – сан жағынан Гиббс энергиясына тең осы заттың бір моліне келетін шаманы айтады.

Биологиялық мембрана арқылы заттардың тасымалдануын екі негізгі түрге бөлуге болады.

1.Пассивті 2. Активті
Пассивті транспорт /тасымалдану/ — бұл заттардың электрохимиялық потенциалы көп жерінен оның аз жеріне тасымалдануы.

Пассивті транспорт Гиббс энергиясының азаюымен өтеді. Сондықтан бұл процесс өздігінен ешқандай энергия шығынысыз өте береді.


Мембрана арқылы өтетін пассивті тасымалданудың негізгі классификациясы мынадай:

Пассивті тасымалдау – жай диффузия мен жеңілдетілген диффузияға және фильтрацияға бөлінеді. Ал жай диффузия 4-ке бөлінеді:

Липидті қабат арқылы;
Липидті би қабаттағы кеуек арқылы;
Белоктық кеуек арқылы;
Осмос арқылы өтеді.
Жеңілдетілген диффузия 2-ге бөлінеді:

Қозғалғыш (переносчик) тасымалдаушы арқылы;


Тұрақталған тасымалдаушы (фиксарованный) арқылы.
Диффузия – молекуланың жылулық қозғалысы арқылы зат мөлшерінің өздігінен концентрациясы көп жерден 2-ші концентрациясы аз жерге орын ауыстыратын процесі. Липидті би қабат арқылы заттардың диффузиясы мембранадағы концентрация градиенті арқылы жүзеге асады.

Мембрананың фосфолипидті фазасында полярлы емес заттар жақсы ериді. Мысалы: органикалық майқышқылдар, эфирлер. Бұл заттар мембрананың липидті фазасы арқылы жақсы өтеді. Липидті би қабат арқылы полярлы суда ерігіш ерітінділер: — тұздар, негіздер, қанттар, аминқышқылдар, спирт нашар өтеді.



Осмос – су молекулаларының жартылай өткізгіш мембрана арқылы зат ерітіндісінің концентрациясы аз жерден, концентрациясы көп жерге дейінгі басымдылық қозғалысын және судың жай диффузиясы кезіндегі оның концентрациясы көп жерінен, концентрациясы аз жеріне дейінгі қозғалысын түсіндіреді. Осмос көптеген биологиялық құбылыстарда маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет