Электронды оқулықты білім беру саласында қолдану қажеттілігі



бет2/2
Дата14.02.2022
өлшемі27,34 Kb.
#25514
түріОқулық
1   2
Электрондық оқулықтың құндылығы. Электрондық оқулықтың ең басты құндылығы — жай оқулықтағы қамтамасыз етілмеген жоғары дəрежедегі көрнектілік мүмкіндігі.

Электрондық оқулықтың құндылығын белгілей отырып, мынаны ескеру керек: электрондық оқулық материалды өте ұқыпты, оны маңызды ерекшелікпен үйренуге мəжбүр етеді.

Электрондық оқулықты құру кезіндегі ең маныздысы, ол оқытудың активизациясында қорытылады, үлкен көлемді символдарды бейнелерді құруға мүмкіндік туады, олар конспектінiң тірегі болады. Сонымен қатар ол бейнелер анимациялық болуы мүмкін, жай кітапті құрғанда ондай мүмкіндік жоқ.

Қозғалатын (анимациялық) бейнелердің барлығы оқушының жанында тұрақты «тірі» оқытушы бар сияқты елес құрылады, оқып-үйрену процесінде «бірге болу» кезеңі пайда болады, ол да материалды меңгеруді оңайлатады.

Электрондық оқулық келесі мүмкіндіктер арқылы оқытудың максималды жеке даралығына жетуге мүмкіндік береді:


  1. Электрондық оқулықтың жалпы көлемінен əр оқушынын өзі материалды жеке көлеммен іріктеу.

  2. Өзіне қиын сұрақтарға қайта қайтып келуі.

  3. Əр бөлек сұраққа жеке дара уақыт бөлу.

  4. Оқушының оқып-үйренгеннiң дəрежесiн тексеруi.

  5. Оқыту кезеніңде оқушыға «көмек» көрсету мүмкіндігі, ол оқушыларды психикалық қалға келтіреді (ол біледі, қиын кезеңде «машина көмектеседі»).

  6.  Егер мультимедиалық технологияда калькулятор режимінде жұмыс істесе, электрондық оқулық есеп шығару кезіндегі есептеу көлемін қысқартады.

  7. Сырттай оқитын тындаушыларға жəне сабаққа əр түрлі себеппен келгенмен жағдайда электрондық оқулық таптырмайтын оқулық болып табылады.

  8. Сонымен қатар электрондық оқулық сабақты жеке дара оқитындарға тамаша тəсіл болып табылады, өйткені оқулықтың құрғақ беттерін «жандандырады».

 Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады.

Электрондық оқулықтармен оқыту жүйесiнiң сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар.

Біріншіден, әр оқушы өзiне тән қарқынмен деңгейiнде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады.

Екіншіден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн — өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез құлқына зор ықпалын тигiзедi.

Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгi оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады.Web-беттер арқылы жасалған оқу құралы практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Сондықтан алға қойылған міндеттер енгізіліп, тапсырма толығымен орындалды деп есептейміз.

Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы — модульден тұрады, ол оқушының толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.

Гипермəтінде елестететін мəтінді пайдалану (негізгі сөзді түрлі бояумен жəне шрифтпен ерекшелеу), жоғары сапалы бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап береді, оқып отырған материалды қабылдауды жеңілдетеді.

Электрондық оқулықтың əр шағын модуліне қосымша материалды толық меңгеру үшін, студенттердің өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы үшін өтілген оқу материалдарына сəйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі беріледі.

Тапсырмаларды тексеру шағын модульді аяқтағаннан соң, ал тест арқылы бақылау негізгі модульді өткеннен соң жүргізіледі. Оқушылардың дидактикалық жəне əдістемелік даярлықтарына арналған тапсырмалар олардың белсенділігін қалыптастырады.

Электронды оқулық ерекшелігі — жоғары мобильдігі мен икемділігі, онда көптеген иллюстрациялар, бейнефильмдер көріністері енгізілген. Электронды оқулық күнбе-күн, түскен жаңалықтармен қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сонымен қатар оқулық оқушыға тест сұрақтарын қойып, жауабына нақты бағасын алуға жағдай жасайды. Қажет болған жағдайда оқушы мəтінге қайтадан оралып, түсінбей қалған жерін қайта қарап, тақырып соңындағы бақылау тестіні немесе кестені толтырады. Міне, осы кезде оқушының жеке бас психологиясына электронды оқулық назар аударады десе де болады. Топ алдында жіберген қатесін тауып, түзетуге тырыспаса,

«ұялшақтығынан», ал электрондық оқулықтың көмегімен ол қажетіне қарай кейін оралып, дұрыс жауабына келеді.

Электронды оқулық заман ағымына сай оқушылардың қызығушылығын арттырып, түсінбей қалған сəттерін қайтадан көруге, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Оқу үрдісінде компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін көре отырып, қазіргі талапқа сай маман дайындалады;

Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында білімалушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Электронды оқулық және оның тиімділігі

Білім берудің саласында » Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

“Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылыт олыктырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. «Электрондық практикум» берілген. Оқушы оқулықгы қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады.

Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

“Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

— Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек секілді.

— белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықгың сол пәннің типтік бағдарламасына сөйкес болуын;

— электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі;зертқаналық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықгама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақгарынан түратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін камтуын;

— электрондық оқулықгың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берілетін тақырыпісд қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

— белгілі бір тақырыпқа катысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықгарын электрондық оқулықгы пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді . Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен оңға -солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.

— бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару кажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек”.



“Oқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақгап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулықа кірістіру оқулықгың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады”.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет