Әлем флорасы мен фаунасы пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет11/15
Дата06.06.2023
өлшемі83,87 Kb.
#99250
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Флора фауна

Тропиктік орман (гр. tropikas — өзгерген, жаңа) — субэкваторлық және тропиктікбелдеулердің көп қабатты (4—5 қабат) ағаштар түзілісі. Тропиктік орман өте ертеде пайда болған, өсімдіктер мен жануарлартүрлерінің молдығымен ерекшеленеді (0,25 га-да ағаштардың 200-ге дейін түрі кездеседі). Онда олар шашырап таралады (бір түрдің екі ағашы қатарынан сирек өседі). Тропик тоғайда бұталар болмайды. Тропиктік ормандағы биогеохимиялық циклдер түгелдей тұйық, сондықтан топырақ түзілу процесі жұқа жер беті қабатында және өте бәсең болады. Тропиктік ормандардың көпшілігі тропиктік ылғалды ормандар.[1

62. Солтүстік қылқан жапырақты орман


63. Еуразия тайгасы


Тайга—қылқан жапырақты орманды ағаш өсімдіктер жапырақтары қабыршақ, ұзынды, жіңішке, ине тәріздес, ішкі механикалық клеткалары жақсы жетілген ағаш,бұта өсімдіктерден құралған. Жер шарында географиялық таралу жағынан- Европа, Солтүстік Азия, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс, Солтүстік Евразия,Солтүстік Америка жерлерінде орман құрап тұрған жерлерді ТАЙГА деп атайды.Жылына 1-4 ай шамасында 10 градус жоғары температура, орташа жылдық температура 10-19 градус , қыста Сібірдегі – ең суық -52 -70 градус температураға жетеді. Өсімдіктердің вегетациялық периодтары да қысқа, ылғалдылыққа , жылылық, суыққа байланысты жазда жасыл орман алқабына қарағанда, қылқан жапырақты орман солтүстікке қарай ығысқан. Тундра мен шекаралас жерлерде тек қылқанжапырақ ағаш өкілдері ғана өседі. Тайга топырағында аэрациясы тежелген, күлгін түсті, батпақты жерлері көп, тек осындай эдефикалық факторға бейім өсімдіктер ғана өсе алады.Қылқан жапырақты орман ағаштары ылғалды да,суық территория жерінде өседі.
Тайга үлкен аумақты алып жатқандықтан қылқан жапырақты ағаштардың да өсу,топталып өсу,түрлеріне,жерінде байланысты өсу ерекшеліктері болуы тән қасиеттері;сондықтан ,ландшафтына ,доминантына,
Кронасына қарай өз ерекшеліктері бар;шырша,майқарағай кронасы конус тәріздес ,Сібір майқарағайы жоғарғы жағы үшкір ,қарағай кронасы эллипс,шар пішіндес.Орманды алқап болғандықтан Евразия жерінде үлкен бір алқапты тек қана бір қылқан жапырақты/монокультура/шырша,қарағай немесе балқарағай өкілі өсіп тұруы да мүмкін.
Жапыраақтарының орналасу тәртібіне байланысты,жапырақты жақсы көретін және көленкеде өсе беретіндіктен қара орман және жарық орман болып бөлінеді.Шыршалы тайганы өсіп тұрған жеріне,өсімдік бірлестігіне қарай бірнеше подзоналарға бөлінеді: 1. шыршалы және жасыл мүктер:а/ қызамық,қара жидек,саумалдақ өсіп тұрған жерлер.б/ жасыл мүктер.Мүктер өсіп тұрған жерді батпақты,ылғалы мол жерлер деп түсіну керек.2.Шыршалы—сфагнумды жерлер.Сфагнумда басқа мүктер тәріздес батпақты жерлер белгісі/индикатор/.3.Шыршалы—шөптесін өсімдіктер өскен жер.Жер бетін қалыңдау өскен шөптесін өсімдіктер жауып тұрады.Сай-сала,арық,жыра,өзендерінің суы бар.4.Шырша,емен элементерімен аралас өскен жерлер орман жаңғағы,жөке ағашы/,шөптесін өсімдіктерден: бояушөп,адыраспан шөп,балшытыр,бұталы өсімдіктерден: қаражидек,итбүлдірген,қышқыл шөп, Сібір самырсыны,майқарағай өскен жерлер қара орман деп аталады да күн сәулесін төменгі жерге жібермейді,ағаш түбінде шөптесін өсімдіктер өспейді.

64. Тайга. Тайга зонасы


63-сұрақ

65. Тундра. Қыналы, мүкті аймақ


Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі. Белдемдігіне байланысты: субарктикалық және арктикалық Тундра; түр құрамына байланысты: мүкті, қыналы, бұталы, төмпешікті (шымдар төмпешіктер құрайтын жерлерде) және полигоналды Тундра болып ажыратылады. Тундра негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде таралған. Тауда, тау орманы шекарасынан жоғарыда биіктік ландшафтбелдеуі – тау Тундрасы орналасқан.
Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүктібірлестіктерден тұрады.
Негізінен жауын құрттары кездеседі, әртүрлі қос қанаттылар өсімдіктер қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су қоймаларында тіршілік етеді.
Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер қоректенеді. Барлық тышқандар жыл бойы қысқа арнап індеріне қорек қорын жинайды. Тундрада қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына жататын суырлар мен сарышұнақтаркездеседі. Бір інде 20-30-ы жиналып қыстайды. Еуразия мен Солтүстік Америка тундраларында карибу деп атлатын солтүстік бұғысы кең таралған. Таулы тундраларда қар қойы немесе жуан мүйізді қой кездеседі. Құстардан тундра шағаласы, тундра аққуы, казаркалар, үкі, лашын т.б. кездеседі.
Тундра зонасының жартасты жағалауларында – құс базары құрылған. Сол сияқты гренландия итбалығы, морждаркездеседі.[2]

66. Муссонды және саванна ормандары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет