Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі.
Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.
71. Ксерофиттер. Олардың түрлері
Ксерофиттер — топырақ пен ауаның құрғақшылығына бейімделген, құмды, шөлді, тастақ далаларда кең тараған селеу, жусан, сексеуіл секілді өсімдіктер. Олар 50% суын уақытша жоғалтса да, тіршілігін жоя қоймайтын өсімдіктер қатарына жатады. К-дің тамыры өте тереңге бойлап, жер асты суларына жетеді. Жапырақтары ұсақ балауыз қабатпен қапталған немесе олар тікенге айналған күйде болады. К-ді үш топқа бөледі: 1) гемиксерофиттер немесе суккуленттер – ұзақ құрғақшылыққа шыдай алмайтын болғандықтан тамырларын өте тереңге, жер асты суларына дейін жеткізетін өсімдіктер (мыс., сәлбен, жантақ); 2) эвксерофиттер – ыстыққа төзімді және бойындағы суды едәуір жоғалтса да, тіршілігін жоймайтын өсімдіктер (мыс., жусандар); 3) пойкилоксерофиттер – су тапшылығына байланысты тіршілігін уақытша тежей тұратын, анабиозға ауысатын өсімдіктер (мыс., мүктер).
Ксерофиттер суккулент және склерофитболып екіге бөлінеді.
Суккуленттер - су жинақтайтын паренихимасы жақсы дамыған шырынды өсімдіктер. Олар Орталық Азия және Оңтүстік африка территорияларында кездеседі.
Суккуленттердің жапырақтары , олардың редукциясы кезінде, сабағы қалың кутикулаға, балауызды қабатқа иде болады. Өсчімдіктің іш жағында орналасқан леп тесіктер ылғалдық сақтайды. Олар күндіз жабық болғандықтан өсімдікегі транспирация мөлшерін азайтады. Суккуленттерге кактум, алоэ, агава, аспарагус секілді өсімдіктер жатады.