15
1 АНТРОПОНИМИЯ: ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Адамзат баласының дүниеге келгеннен кейін қоршаған ортаны тануы, тілді
меңгеруі ересек адамдардың қолданысындағы есім сөздер арқылы жүзеге
асады. Заттарды, ұғымдар мен құбылыстарды бір-бірінен ажырату үшін оларға
атау беріледі, бұл атауыштық қызмет тілдегі есім сөздерге тән.
«Сәби өзіне таныс емес затты көргенде оның қалай аталатындығын
сұрайды, бұл үдеріс аталған заттың кейбір қасиеттерін, ұқсас заттармен
ассоциациялық байланысын танып-біліп, бір топқа біріктіріп үйренгенше
жалғасатын болады. Ересек адам өзге кісімен танысқанда ең алдымен ол кісінің
есімін, өзге жерге барса ол жердің қалай аталатындығын сұрайды» [3, c. 252].
Демек адамның атаулар табиғатына деген қызығушылығы сәби кезінен бастап
қалыптасып, өмірінің барлық кезеңдерінде дамып отырады.
«Қай кезде, қай қоғамда болмасын адам баласы дүниеге келген заматтан
бастап атаулар қоршауында болған. Ең алдымен адам өзін-өзі есімі арқылы
танытып, туған жерін, шыққан тегін идентификациялап, жақын мен жатты осы
атаулар арқылы түйсінген» [4, 12 б.].
Адамның белгілі бір есіммен аталып қана қоймай, айналасындағы заттар
мен құбылыстарға нақты атау беретін қабілетке ие саналы тіршілік иесі
екендігін ғалымдар «человек является не только единственным именующим
существом, но и единственным в мире объектом, способным к
самоименованию» деп атап өтеді [5, c. 17]. Яғни бізді қоршаған жанды және
жансыз болмыстың барлығының дерлік атауы адамзат баласы арқылы беріліп
отырады.
Ономастика (грек т. onomastike – «есім беру өнері», ағылш. onomastics,
name study; фр. onomastique; нем. Onomastik, Namenkunde, Namenforschung) –
кез-келген жалқы есімді жан-жақты зерттейтін тіл білімінің саласы [6, c. 97].
Жалқы есімдер ежелгі ғасырлардан бері, атап айтқанда көне египет, грек
және римнің ұлы ойшылдары мен философтарының назарында болған.
Олардың арасында стоицизм философиясын жақтаушы Хрисиппті атап айтуға
болады. Ал қайта өркендеу дәуірінде, жаңа дәуірде Т. Гоббс, Дж. Локк,
Г. Лейбниц сынды ойшылдар, XIX ғасырда Дж.Ст. Миль, Х. Джозеф және тағы
да басқа ғалымдар жалқы есімдер жайлы құнды пікірлер білдірді [7, с. 41-91].
Сәйкесінше
W. Van Langendonck
жалқы
есімдердің
көне
грек
философтарының ерекше назарында болып, XX ғасырдан бастап ономаст-
ғалымдар тарапынан теориялық тұрғыда зерттелгендігі жөнінде «proper names
have been attracting a lot of attention from philosophers ever since the Ancient
Greeks <…> but only in the 20th century from theoretical onomasticians» деп
баяндайды [8, p. 2].
J. Algeo бірнеше ғалымдар ұсынған тұжырымдарға сүйеніп, жалқы есімнің
орфографиялық,
морфосинтаксистік,
референттік,
семантикалық
ерекшеліктерін сипаттайды:
1) orthographic: proper
names are capitalised;
16
2) morphosyntactic: proper names have no plural forms; they are used without
articles; they do not accept restrictive modifiers;
3) referential: proper names refer to single unique individuals;
4) semantic: proper names do not impute any qualities to the objects designated
and are therefore meaningless; they have a distinctive form of definition that includes
a citation of their expression [9, p. 136-44]. Яғни жалқы есімдердің
орфографиялық ерекшелігі бас әріппен жазылуы; морфосинтаксистік
ерекшелігі көпше түрінің болмауы, артикльсіз қолданылуы, рестриктивті
модификацияны қажет етпеуі; референттік ерекшелігі бірегей, дара тұлғаға
қатысты болуы; семантикалық ерекшелігі мағынаның болмауы тұрғысынан
сипатталады.
В.Д. Бондалетов жалқы есімдерді зерттейтін ғылым ономастиканың
антропонимика,
топонимика,
космонимика,
зоонимика,
ктематонимика және
тағы басқа салаларын бөліп қарастырады [10, с. 8].
А.А. Белецкий ономастиканың жоғарыда аталған салалары ішінде
топонимика мен антропонимиканың зерттелу аясының кең ауқымдылығы
жайлы «в ономастической литературе заметна тенденция ограничивать
материал двумя большими классами: классом географических названий, или
топонимов, и классом личных собственных имен (преимущественно людей, а
не животных), или антропонимов, со всякими подклассами обоих названных
классов» дейді [11, c. 20]. Бұл бөлімде ономастиканың негізгі салаларының бірі
антропонимика мәселелері қарастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: