1.1 Антропоономастиканың теориялық негіздері
Ғылыми теориялық еңбектер мен лексикографиялық еңбектер бойынша
«антропоономастика», «антропонимика», «антропонимия», «антропоним»
терминдеріне берілген анықтамаларға тоқталып өтейік.
Антропонимика және антропономастика терминдерін өз еңбектерінде
қатар қолданған C. Hough, жеке тұлғаға немесе адамдар тобына берілетін
есімдерді зерттейтін ғылым деп анықтама береді: «Also referred to as
‘anthroponymy’, anthroponomastics encompasses the study of names given to
individuals or to groups of people» [12, p. 6].
«Жалқы есімдердің (ономастиканың) бір саласы антропонимика ішінара
фамилия, әке аты, лақап ат, бүркешік ат болып бөлініп, бір тілге тән
антропонимикалық жүйеге жатады» [13, 9 б.]. Антропонимика ономастиканың
кісі есімдерін зерттейтін негізгі бөлімі болып табылады.
Антропонимия – ономастика қолшатыры астындағы сала ретінде кісі
есімдерін, олардың формасы мен қолданысын қарастырады [14, p. 727].
Антропоним терминіне Н.В. Подольская құрастырған арнайы терминдер
сөздігінде: «Антропоним – это собственное имя, которое может иметь человек
(или группа людей), в том числе личное имя, отчество, фамилия, прозвище,
псевдоним, криптоним, кличка, андроним, гинеконим, патроним» деп анықтама
берілген [15, c. 31].
17
Д.И. Ермолович өз еңбегінде антропонимді (барлық мүмкін болатын
нұсқаларын қоса алғандағы есімдер жиынтығы) адам ресми түрде иемденіп,
өзін таныту белгісі ретінде қолданады деп түсіндіреді [16, c. 16].
В.И. Супрун қарым-қатынас орнату қызметін атқаратын тілдік бірліктердің
ішінде антропонимдердің орны ерекше екенін айта келіп, олардың қызметі
интралингвистикалық заңдылықтар және экстралингвистикалық факторлармен
анықталатынын айтады. В.И. Супрун антропонимияны ономастикалық өрістің
өзегі ретінде: «В целом антропонимия является ядерным разрядом в
ономастическом поле любого языка, что можно определить как языковую
универсалию» деп атап өтеді [17, c. 92-93].
Жұмыста зерттеу материалы ретінде кісі есімі, тегі қарастырылуына орай
осы ұғымдарға берілген анықтамаларға тоқталып өтейік.
Кісі есімі. Нәрестеге есім дүниеге келген кезінде ең алдымен отбасында
қойылады. Сол есім оны отбасындағы, қоғамдағы басқа адамдардан ажырату
үшін қызмет етеді. Көп жағдайда адам ата-анасы қойған есімді өмір бойы
өзімен бірге алып жүреді [18, c. 7].
А.В. Суперанскаяның анықтамасы бойынша адамның есімі оның дүниеге
келген сәтінде ресми бекітілген дербес атау болып табылады: «личное имя это
индивидуальное именование субъекта, официально закрепленное за ним при
рождении» [19, c. 6].
В.А. Никонов тарихта адамзат қоғамының барлық дәуірлерінде кісі
есімдерінің болғандығын, оның қандай түрі болмасын, яғни адамның есімі
немесе оның түрлі формаларының: тегі, әкесінің аты, кісі есімінің басқа да
түрлерінің қоғамда аса жауапты, маңызды қызмет атқаратынын атап өтеді [20,
c. 3].
К. Agyekum адам есіміне қатысты мәселе философтар, антропологтар,
лингвист ғалымдар мен қарапайым адамдардың назарын аудартқан бірнеше пән
тоғысындағы салаға тиесілі екенін атап өтеді. К. Agyekum бойынша: «Personal
names can best be analysed by a combination of both philosophical and
anthropological notions» [21, p. 207]. Демек антропонимдер философиялық және
антропологиялық ұғымдар арқылы талдау жасауды қажет етеді.
W. Van Langendonck, M. Van de Velde бойынша кісі есімдерін прототип
есімдер ретінде есептеуге болады: «Personal names are arguably prototypical
names. The number and types of names that are bestowed on people are highly
culture specific, as are the principles that guide the choice of a name» [22, p. 33].
Яғни әр түрлі мәдени ортада адам есімінің таңдалуы, оның саны мен түрлері
өзіндік ерекшеліктері бойынша сипатталады.
Антропонимдерді профессор Г.Б. Мадиева өз еңбегінде қандай да бір
тілдің ономастикалық кеңістігіндегі өзегі ретінде қарастырады. Ономаст
ғалымдардың ортақ пікірінше есім кез-келген адамға беріледі. Қазіргі
өркениетті қоғам тұлғаның әлеуметтенуі тұрғысында кісі тегінің болуын, яғни
оның ата тегіне, түп-тамырына қатысты туыстық қатынасты сәйкесендіруді
талап етеді [23, c. 30].
18
Сонымен антропонимдік жүйеде адам есімінің бірнеше түрлерінің ішінде
кісі есімі өзінің бастапқы болу табиғатымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |