21
лингвистикалық үрдісін зерттейді. V. Adminiene және A. Nauseda пікірінше: «In
the context of sociolinguistics, the reasons for the choice of the baby name could be
related to the peculiarities of speech community, as well as the influence of media»
[36, p. 331]. Яғни әлеуметтік лингвистикалық тұрғыда сәбиге есімнің таңдалу
себептері қоғамдағы тілдік ерекшеліктер мен БАҚ (танымал фильмдер, әндер,
әдеби шығармалар) ықпалына қатысты болуы мүмкін.
Al-Qawasmi және Al-Haq Иордания елінде 1970-2015 жылдар аралығында
жаңа туылған сәбилерге есім таңдау мәселесін әлеуметтік лингвистика
тұрғысында қарастырады. Ғалымдар аталған кезеңдегі антропонимдерді тарихи
оқиғаларға, дінге, әлеуметтік факторларға қатысты таңдалған есімдер деп
жіктеп, өз зерттеулері бойынша қорытынды шығарады: «personal names are
useful tools for reference as they provide information on various events in the life of
an individual, the family or the society» [37, p. 185]. Кісі есімдері жеке тұлғаның
өмірі, оның отбасында немесе қоғамда орын алған алуан түрлі оқиғалар жайлы
ақпарат беретін анықтағыш құрал болып есептеледі.
B. Spolsky тіл саясаты мен антропонимдік саясатты (name policy) өзара
салыстыра зерттей отырып, олардың ортақ тұстары көп екендігін баяндайды:
«In fact, the two – language policy and name policy – have much in common.
Historically, language policies were closely linked with religious ideologies, later to
be superseded with nationalist ideologies» [38, p. 375]. Демек тарихи тұрғыда тіл
саясаты бастапқыда діни идеологиямен, кейіннен ұлттық идеологиямен тығыз
байланысты болған. Бұл антропонимдік саясатқа да қатысты болып келеді.
Жалпы антропонимге қатысты мәселелер тіл саясатына байланысты орын
алады, себебі ресми құжаттарды, атап айтқанда туу туралы акт жазбаларын
рәсімдеу мемлекеттік тіл заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы пікірді Eвропа елдерімен қоса Түркия, Кавказ елдері, Армения,
Азербайжан, Грузия мемлекеттеріндегі антропонимдерді зерттеген Justyna
B. Walkowiak дамыта түседі. Ол «
Name Policy» терминімен қатар «
Personal
Name Policy» терминін де қолданып,
антропонимдік саясат әлеуметтік-мәдени
құндылықтардың, салт-дәстүрдің көрінісі екендігін алға тартады: «In particular,
many name policies are a reflection of societal cultural values, of tradition, of what is
in very imprecise lay parlance sometimes referred to as ‘the spirit of a language» [39,
p. 13-14]. Антропонимдік саясатта есімдер тілдің құрамдас бөлігі ретінде тіл
cаясатына тікелей қатысты қарастырылады.
S.Т. Mwizenge Оңтүстік Африканың Замбия мемлекетінде кейбір есімдер
қоғамда орын алған оқиғалардың құрметіне қойылатынын баяндайды. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: