Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет58/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Мыңбай  /тиб.  вим-бум  «сто  тысяч»/,  Калден  /тиб.  галден-дгалден 
«счастливый»/,  Дабаев  /тиб.  дава-ила-ва  «луна»/,  Шойбек /тиб.  чой  «король»/, 
Тана  /маньч.  тана  «перламутр»/,  Бейсебай  /маньч.  бейисе-бейсе-бэйсе  «титул 
монгольских  князей»/,  Түркебай  /маньч.  турке-турка  «горная  река»/,  Құралай 
/манчь. гуран «джейран», «коза»/» деп атап өтеді.  
Монғол тілінен енген кісі есімдеріні саны жағынан айтарлықтай көп емес. 
Мысалы:  Алтай,  монғ.  алтан  –  алтын  +  тай-таг  –  тау  [136,  24  б.];  Барлас
монғ. – батыр, атақты жерден шыққан адам [136, 42 б.]; Ерден, монғ. Эрдэнэ – 
қымбат зат [136, 62 б.]; Жамбыл, монғ. – қорған [136, 68 б.]. 
Христиан  дінін  ұстанған  халықтарда  кеңінен  тараған  ивриттік  діни 
есімдердің  ислам  дінін  ұстанған  елдерде  көрініс  табу  себептерін 
Т.Б. Мақұлбекұлы  және  А.Қ. Мейірбеков  өз  еңбектерінде  түсіндіріп  өтеді. 
Олардың  пікірінше  негізгі  басты  себеп  –  бұл  есімдердің  Құран  кітабында 
кездесуі, екінші себебі – Израиль мен Араб елдері арасындағы күрделі қарым-
қатынас  екі  елдің  тіліне,  мәдениетіне,  діни  мәселелеріне  және  әлеуметтік 
қатынас салаларына үлкен әсерін тигізуінде жатыр [157, 139 б.]. 
Көне  еврей  тілінен  енген  ер  есімдері:  Ибрагим,  к.  евр.  –  Авраам  есімінің 
айтылу  түрі  [136,  77  б.];  Иса,  к.  евр.  –  Иесустың  арабша  айтылу  түрі  –  құдай 
сыйы, құдай құтқарады [136, 78 б.]; Ілияс, к. евр. – күш, құдірет [136, 136 б.]. 
Өзге шет тілдерден енген ер есімдеріАртур, кельт – күшті, мықты [136, 
25  б.];  Арсен,  гр.  арсений  –  батыл,  ержүрек  [136,  25  б.];  Денис,  гр.  Дионис  – 
шарап құдайы, сауық-сайран құдайы [136, 56 б.] және т.б. 
Тілде  екі  немесе  одан  да  көп  шет  тілдердің  лексикалық  немесе 
морфологиялық  элементтерінен  құралған  гибридті  немесе  екітілді  есімдер 
пайда болған [128, 7 б.].  
А. Гафуров  өз  еңбегінде  А.С. Пушкиннің  «Руслан  и  Людмила» 
поэмасындағы  басты  кейіпкердің  есімін  гибрид  деп  есептейді.  Руслан  есімі 
парсы  тіліндегі  Рустам  және  түркі  тіліндегі  Арслан  есімдерінен  қысқарып 
жасалған [141, c. 53]. 
Б. Ә. Досжанов түркі тілдері мен кірме сөздерден жасалған кісі есімдерінің 
өзара  қарым-қатынасындағы  тұтастықтың  бір  белгісі  деп  есептейді  [123,  20 
б.]. 


70
 
 
Гибридті ер есімдері:  
араб-қазақ тілі сөздерінің бірігуінен жасалған ер есімдеріАқылбек – ар. 
ақыл  +  қаз.  бек;  Асылхан  –  ар.  асыл  +  қаз.  хан;  Әлихан  –  ар.  әли  +  қаз.  хан; 
Әмірхан – ар. әмір + қаз. хан; Иманжол – ар. иман + қаз. жол; Нұржігіт – ар. 
нұр + қаз. жігіт; Нұртілек – ар. нұр + қаз. тілек; Уәлихан – ар. уәли + қаз. хан;  
араб-парсы тілі сөздерінің бірігуінен жасалған ер есімдеріӘлижан – ар. 
әли + ир. жан; Қасымжан – ар. қасым + ир. жан; Нұржан – ар. нұр + ир. жан; 
Нұрболат – ар. нұр + ир. болат; Рақымжан – ар. рақым + ир. жан; Өміржан – 
ар. өмір + ир. жан; 
-  парсы-араб  тілі  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  ер  есімдері:  Арманәли  – 
ир.  арман  +  ар.  әли;  Жанасыл  –  жан  +  ар.  асыл;  Досмұхамед  –  ир.  дос  +  ар. 
Мохаммад; Жанайдар – ир. жан + ар. айдар; 
қазақ-парсы тілі сөздерінің бірігуінен жасалған ер есімдеріАйдос – каз. 
ай  +  ир.  дос;  Бекмырза  –  каз.  бек  +  ир.  мырза;  Бекзат  –  каз.  бек  +  ир.  зада; 
Бекжан – каз. бек + ир. жан; Елжан – каз. ел + ир. жан; Елдос – каз. ел + ир. 
дос;  
-  парсы-қазақ  тілі  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  ер  есімдері:  Жанарыс  – 
ир. жан + каз. арыс; Жангелді – ир. жан + каз. келді; Данабек – ир. дана + каз. 
бек; Досхан – ир. дос + каз. хан; 
-  араб-көне  еврей  тілі  сөздерінің  бірігуінен  жасалған  ер  есімдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет