Ер антропонимиясы
Көне түркі тіліндегі ер есімдері: Адай – балапан, ауыспалы мағынасында
бала, сәби, перзент [136, 17 б.]; Алпамыс – дәу, дөкей, зор (Мамыш – батыр)
[136, 24 б.]; Дархан (тархан) – атақ, дәреже [136, 54 б.]; Едіге – жақсы, игі [136,
59 б.]; Еділ – Волга өзенінің аты [136, 59 б.]; Ертіс – Ертіс өзені бойында
туылған балаға қойылған есім [136, 64 б.]; Ораз – ырыс, құт, бақыт [136, 105 б.];
Руслан – көне түркі тіліндегі Арыслан есімінің орыс тілінде өзгерген түрі [136,
111 б.]; Сырым – шыдам, шыдамды, төзімді [136, 121 б.];
Қазақ тіліндегі ер есімдері: Абай – ел ағасы [136, 16 б.]; Айбар – айбат,
айбын [136, 17 б.]; Аңсаған – сағынған, зарыққан [136, 25 б.]; Бауыржан –
ағайынға, туған-туысқа жан-тәнімен берілсін, бауырмал болсын [136, 43 б.];
Елдар – елін, Отанын сүйетін отаншыл [136, 59 б.]; Ерлан – бала батыл болсын
деген тілекпен қойылған есім [136, 63 б.]; Заңғар – үлкен, алып [136, 76 б.];
Араб тілінен енген кісі есімдері. Ислам дінінің қабылдануына байланысты
қазақ отбасыларында киелі кітаптар – Құран мен Інжілдегі есімдерге, яғни
агионимдерге мән беріле бастады. Есімдердің жасалуында «олла/ұлла» – алла,
құдай; «абд/әбді» – құл секілді тілдік тұлғалардан таралған [128, 7 б.].
Қазақ тіліндегі араб кісі аттарына Ж. Ағабекова тарихи-этнографиялық
шолу жасай отырып, тақырыптық топтарға бөледі. Алла-Тағаланың сипаттары
мен пайғамбарлар аттарынан жасалған есімдерді атап көрсетеді: Әбдірахман,
Әбдірашит, Әбдуәли, Әбдірахим, Әбдімәлік, Әбдімәлік, Әбдіжаппар,
Әбдіқаппар, Аллаберді, Жаппарқұл, Рахманқұл, Мұхаммед, Ахмет, Иса, Мұса,
Ибрахым, Жүсіп, Жүніс, Дәуіт, Ахметжан, Құлмұхамет т.б. [155, 4-7 бб.].
Олай болса араб тілінен енген ер есімдері төмендегідей: Абзал – ардақты,
аса қадірлі, ең құрметті [136, 16 б.]; Абылай (абыл // әбіл) – ата, әке [136, 16 б.];
Азамат – 1) ұлылық, даңқ, 2) нағыз ер жігіт, 3) саналы адам [136, 17 б.]; Баязит
– Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид – Язидтің әкесі деген мағынаны, ал
Язид сөзі ерекше, айрықша, аскан деген мағынаны білдіреді [136, 43 б.]; Дәулет
– 1) байлық, бақыт; 2) мемлекет, держава, империя [136, 55 б.]; Дияр – ел,
облыс, аймақ [136, 56 б.]; Медет (Медәд) – жәрдем, көмек [136, 92 б.]; Мирас –
69
мұра, артта қалатын көз, тұяқ [136, 94 б.]; Расул – хабаршы, елші, уәкіл [136,
110 б.]; Самат – мәңгі, тұрақты [136, 144 б.];
Парсы тілінен енген ер есімдері: Азат – ерікті, еркін, тәуелсіз адам; Арман
– тілек, арман, мақсат [136, 293 б.]; Дәрмен – күш-қуат, қайрат [136, 308 б.];
Дидар –
жүз, келбет, бейне [136, 17 б.]; Ескендір – Александр Македонскийді
күллі Азия, Араб халқы осылай атап кеткен [136, 66 б.]; Жандос (джон + дос) –
жан біткеннің досы [136, 70 б.]; Жәңгір (джаһан + гир) – дүниені меңгеруші,
әлемге үстемдік етуші [136, 73 б.].
Монғол тілінен енген кісі есімдері. Монғол тілі арқылы тунгус-маньчжур
тілдерінен енген жалқы есімдер жөнінде Ц.Б. Цыдендамбаев ғылыми еңбегінде
[156, с. 498-524]: «Число имен собственных, заимствованных из тунгусо-
маньчжурских языков невелико. Например, Сая /тиб. са-йа, зау-а «миллион»/,
Достарыңызбен бөлісу: |