71
(каз.) – «возлюбленная, любимая»;
Пара (башк.) –
Сара (каз.) – «госпажа»;
Йэлилэ (башк.) –
Жәлила (каз.) – «величественная» и т.д.» деп атап өтеді [148,
с.].
Араб тілінен енген әйел есімдері:
Асыл – 1) негіз, түбір, ақиқат, нағыз,
2) ардақты, қымбатты, бағалы [136, 142 б.];
Әлима – оқымысты, ғалым әйел
[136, 143 б.];
Әмина – сенімді, адал, таза [136, 144 б.];
Ғайни – аса маңызды, аса
елеулі [136, 150 б.];
Жамал – сұлулық; Мәлике – патша әйел, ханша, ханым
[136, 153 б.];
Үміт – 1) сенім, 2) тілек, қалау [136, 172 б.];
Фарида – 1) інжу,
маржан; 2) маржан, теңдесі жоқ, сирек зат [136, 172 б.].
Ислам дінінің кеңінен таралуына қатысты араб мәдениеті қоғамдық-
әлеуметтік өмірдің барлық салаларына ықпалын тигізген. Соның нәтижесінде
қазақ тіліне мыңдаған жаңа сөздер, кісі есімдерінің енуі арқылы есімдер
қорының толыға түскенін аңғарамыз.
Парсы тілінен енген әйел есімдері:
Анар – қызыл түсті дәні бар алма тектес
жеміс [136, 141 б.];
Бибігүл – гүл жайнаған ханым [136, 146 б.];
Гүлзада – (гүл +
заде, зойдан) бала, сәби, яғни гүлдей әдемі, көркем [136, 149 б.];
Гүлназ (гүл +
ноз) – еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем [136, 149 б.];
Дариға
– шіркін-ай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз [136, 151 б.];
Дария – теңіз, ұлы өзен [136, 151 б.]
Көне еврей тілінен енген әйел есімдері:
Жанна – кептер, көгершін [136, 153
б.];
Мария – 1) өте жақсы, тамаша; 2) биік мәртебелі ханша [136, 161 б.].
Дыбыстық өзгерген түрі –
Мәрия,
Мәриям;
Тамара – көне еврей тіліндегі құрма
ағашы [136, 169 б.].
Өзге шет тілдерден енген әйел есімдері:
Белла (лат.) – сұлу, көркем, әдемі
[136, 146 б.];
Венера (лат.) – махаббат пен сұлулық құдайы [136, 147 б.];
Клара
(лат.) – жарқын, айқын, нұрлы [136, 157 б.];
Эльвира (исп.) – қорғалып қалған
[136, 175 б.];
Эмма (к. герм.) – қымбат, бағалы, ерке, тату [136, 175 б.].
Достарыңызбен бөлісу: