Күнжарық, Айжарық, Таңжарық – не могут быть синтаксически
расшифрованы в пределах современных норм, т.е. как сочетание определения с
определяемым,
предшествование
первого
второму,
потому
что
существительные теперь употребляются в качестве определений, когда
определяемым должно быть прилагательное» [144, c. 38]. Мұнда қазіргі қазақ
тіліндегі сөз тіркестерінің орын тәртібі тұрғысында зат есімнің алдында
анықтаушы сөз келу заңдылығы жайлы айтылады. Алайда осы заңдылықтың
сақталмай, анықтаушы мен анықталушы сөздердің орын алмасып келуі кісі
есімдеріне ғана тән тіркесу болуы мүмкін деп тұжырым жасалады.
Қазақ және татар тілдеріндегі антропонимдерді зерттеген ғалым
Г.К. Чаукерова антропонимдерге құрылымдық-сөзжасамдық тұрғыда талдау
жасай отырып, олардың көпшілігі зат есімдерден және сын есімдерден
жасалатындығын айтады: Ишмурат (тат.) / Есмұрат (қаз.) (иш/ес «ақыл, сана»
+ мұрат «тілек, мақсат»), Гүлжихан (қаз.) (гүл «сұлулық, әсемдік, тазалықтың
символы» + жихан «әлем, жер жүзі, жарық дүние, ғалам, ғарыш»). Сонымен
қатар ғалым етістік формаларынан жасалатын антропонимдердің бар екендігін
атап көрсетеді: Алмас (тат., қаз.), Қайыргелді (қаз.) [149, c. 12].
Қазақ және түрік тілдеріндегі бір компонентті етістік тұлғалы
антропонимдердің құрамында кездесетін бер, ту, тұр, бол, келді, ал, сүй, жаса,
бақ сынды етістіктерді З.К. Жанғабылова есім жасау жиілігіне қарай
топтастырады [76, 66-67 бб.].
Морфологиялық құрылымы жағынан кісі аттарындағы аффикстер сөз
таптарына қатысты болады. Олардың ішінде етістік, үстеу, көсемше, есімше,
етіс сөздердің жұрнақтары бар. Олар екінші сөз табына жалғанып кісі атына
айналғанда сустантивтенеді [13, 163-164 бб.].
2.2.1 Қазақ кісі есімдерінің құрылымдық-сөзжасамдық түрлері
Т. Жанұзақовтың еңбегіне сүйене отырып, қазіргі ер және әйел есімдерінің
құрылымы мен сөзжасамдық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Ер антропонимиясы. Аффикстік тәсілмен жасалған ер есімдері:
-ым, -ім – Досым, Нұрым;
-ар – Тұрар, Ұлар;
-ан, -ен – Ақан, Бекен, Досан, Есен, Көкен, Нұран, Тұран, Ұлан, т.б.
-тай, -тей – Елтай, Ертай, Алтай, Нартай, Әміртай,
-дар – Айдар, Әлидар, Қалдар;
-лық, -лік, -дық, -тік – Ерлік, Ертөстік, Жақсылық, Зарлық, Қуандық;
-жан – Байжан, Бауыржан, Біржан, Ғалымжан, Ержан, Елжан, Нұржан,
Өміржан;
-ған, -ген, -кен – Аңсаған, Байкен, Болған, Ерген, Нұркен, Нұркен, Өркен,
Өскен, Төлеген, Тілеген;
61
-қын, -ғын, -кін, -гін – Айқын, Жарқын, Еркін, Тасқын, Тарғын;
-лан, -лен, -дан, -ден – Арлан, Бағлан, Батырлан, Бүрлен,
Ерлан, Ерден;
Мейірлан, Нұрлан, Темірлан, Тұрлан, Гүлден, Қорлан;
-ман – Арман, Ерман, Мейірман, Нұрман, Шорман;
-ыш, іш – Жұбаныш, Қуаныш, Сағыныш, Сүйеніш, Ұлыш;
-ыс, -іс, -с – Жеңіс;
-бек – Айбек, Асылбек, Әлибек, Батырбек, Мұратбек, Нарбек;
-бай – Әділбай, Ринатбай.
Достарыңызбен бөлісу: |