Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


 АНТРОПОНИМДІК ТРАНСМИССИЯ ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ



Pdf көрінісі
бет63/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

АНТРОПОНИМДІК ТРАНСМИССИЯ ЖӘНЕ ТРАНСФОРМАЦИЯ 
 
Тарихи-диахронологиялық  тұрғыда  қазақ  азаматтарының  аты-жөнінің 
ресми  құжаттарда  жазылуына  қатысты  М.А. Диарова  өз  еңбегінде 
статистикалық деректер келтіреді: «1880 жылдардан 1930 жылдар аралығында 
туған  адамдардың  аты-жөні  екі  сөзден  құралған,  құжат  иесінің  өз  аты  мен 
әкесінің  аты,  оның  ішінде  әкесінің  аты  тектік  атау  (фамилия)  түрінде  орысша 
жазылып  келген.  30-жылдары  халық  санағы  кезінде  жаңадан  беріліп  жатқан 
құжаттар  3  сөзден  тұратын  формулаға  сәйкес  толтырыла  бастайды.  1920-1930 
жылдарда туған азаматтардың 40 %-ы әкесінің аты түрінде жазылса, 1950-1960 
жылдарда  бұл  көрсеткіш  81  %-ға  дейін  артып,  1970-1980  жылдарда  100  %-ға 
жуықтаған. Тәуелсіз ел болғаннан кейінгі кезде бұл көрсеткіш өзгерді, себебі, 3 
мүшелік атаудан бас тартып, өз аты мен әкесінің атын ғана жазу тәртібі қайта 
қолданыла бастады» [161, 11 б]. 
Т. Жанұзақов  1975  жылы  500  қазақ  азаматына  сауалнама  жүргізіп, 
олардың  63,8  %-ы  тегі  ретінде  әкесінің  атын,  тек  27,8  %-ы  ғана  ата  атын  тегі 
ретінде  таңдағанын  айтады  [135,  c.  34].  Аталған  мәліметтер  мұрагерлік 
сипаттағы ата атының тек болып қалыптасу кезеңін көрсетеді. 
Қазақ  антропонимиясына  әлеуметтік-саяси,  экономикалық  факторлар, 
халықаралық қатынастар ықпалымен 1980-1990 жылдары орыс тілі арқылы шет 
тілдерден  Александр,  Артур,  Борис,  Владимир,  Глеб,  Константин,  Максим
МаркМихаилРавильРатмирЮрийЯков сынды ер антропонимдері; Белла
Вероника,  Валентина,  Гутияра,  Екатерина,  Елена,  Елизавета,  Зоя,  Индира
ИринаЛолаЛуизаМарияМиланаРадмилаРитаРиммаСветланаСофья
Тамара  секілді  әйел  антропонимдері  еніп,  кеңінен  қолданыста  болғандығын 
атап  өтуге  болады.  Бұл  кезеңде  сәбилерге  жаппай  берілген  Замир,  Марлен
Ревмир,  Ренат,  Вильдана,  Зарема  сынды  аббревиатурадан  жасалған  жаңа 
есімдер түрі саяси-тарихи оқиғалардың көрінісі болып есептеледі. 
2000-2018 
жылдары 
ғаламдық 
жаһандану 
үдерісі, 
әлеуметтік-
психологиялық  факторлардың  ықпалы  қазақ  антропонимиясында  өзге  ұлттың 
мәдени  таңбаларының  ізін  қалдырды.  Атап  айтсақ,  қазақ  тіліндегі  ер 
антропонимдері  құрамы  батыс  еуропа  тілдерінен  енген  Амадей,  Альберт
Анаис,  Бернард,  Давид,  Дариан,  Иммануил,  Марк,  Марсель,  Маттео,  Рамзес
Рафаэль,  Рауль,  Рауф,  Самуил,  Эдуард,  Эйнар,  Элисар  Ян,  Эрнест,  т.б. 
есімдермен,  ал  қазақ  әйел  антропонимдері  Августина,  Ада,  Айя,  Альвира
Альмина,  Альтея,  Америке,  Арлетта,  Ассоль,  Ванесса,  Гаяна,  Далида
ДжастинаДжеммаДжулияЕваЖизельИзабеллаИзеттаЛумьеЛуфаан
Медея,  Миллениум,  Орли,  Николь,  Сандина,  Тейли,  Тея,  Тиана,  Хамер,  Шейла
ЭвелинаЭмилияЭраЭрика, т.б. есімдермен толықты.  
«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  сәбиге  қазақ  хандары  мен 
билері, батырлары, қоғам қайраткерлерінің есімін беру үрдіске айналған. Өзге 
шет тілдерден енген есімдер арасында араб тіліндегі есімдер саны басым болып 
келеді. Дегенмен антропонимдік трансмиссияны анықтайтын алғышарт ретінде 
ұлттық есім беру дәстүрі сақталып отыр. 


78
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет