76
Бұғыбай,
Елікбай,
Құлан,
Маралбай секілді зооним есімдер; жәндік атауынан
жасалған
Кенебай,
Көбелек,
Масабай,
Тышқанбай,
Шыбынтай,
Шаянбай
есімдері; өсімдік атауынан жасалған
Арпабай,
Бидайбек,
Тарыбай,
Жусанбай,
Талдыбай,
Сарымсақ есімдері; қару-жарақтары атауынан жасалған
Қанжарбек,
Қылыш,
Сауытбай есімдері; құрал-саймандарға қатысты
Балғабек,
Балтабай,
Егеубай,
Қайрақбай,
Орақбай,
Шегебай есімдері. Сонымен бірге ұзақ уақыт
баласы тұрмай, шетіней берген жағдайда қойылған
Балатұрсын,
Елемес,
Жаманбала,
Сатыбалды,
Тұрсынәлі,
Тұрғанбай сынды қорғаныс есімдері.
Морфологиялық құрылымы жағынан кісі есімдеріндегі аффикстер сөз
таптарына қатысты болып келеді. Олардың ішінде етістіктердің, үстеу,
көсемше, есімше, етіс сөздердің жұрнақтары бар. Олар екінші сөз табына
жалғанып кісі атына айналғанда сустантивтенеді.
Қазіргі туынды тұлғалы антропонимдердің құрамында
ай,
ақ,
бал,
ер,
гүл,
күн,
нұр,
бек,
бақ,
бала,
бике,
бибі,
бөпе,
гүл,
ғали,
ерке,
жан,
сұлу,
тай,
төре,
хан антропокомпоненттері кездеседі. Гендерлік айырмашылықты ажыратуға
мүмкіндік беретін антропокомпонеттер, сонымен бірге ер және әйел
антропонимдеріне ортақ антропокомпонеттер қатар қолданылады. Соңғы
жылдары заманауи қазақ антропонимиясында
ел,
ұлт антропокомпонеттері
арқылы жасалған есімдер назар аудартты.
Келесі -
ан, -
ен, -
дық, -
тік, -
ыс, -
іс -
с, -
ыш, -
іш жұрнақтарынан жасалған
әйел есімдері болмауы ер мен әйел антропонимдерінде құрылымдық жағынан
гендерлік айырмашылықтың болуын сипаттайды. Кісі тектері байырғы сөздерді
аффикстік тәсіл арқылы түрлендіру негізінде жасалған. Құрылымдық-
сөзжасамдық талдау нәтижесінде заманауи кісі есімдерімен салыстырғанда кісі
тектерін жасауда қолданылатын жұрнақтардың саны әлдеқайда көп екендігі
анықталды.
Қазақ антропонимиялық қоры араб, парсы, орыс, монғол т.б. тілдерден енген
кісі есімдері арқылы байып отырған. Яғни тарихи кезеңдерде
алыс-жақын шет
елдермен жасалған саяси-экономикалық, халықаралық, этномәдени қатынастар
антропонимдерден көрініс тауып отырды. Заманауи қазақ антропонимдері: көне
түркі, қазақ
тіліндегі есімдер, араб, парсы, монғол, еврей, грек, латын, орыс
тілдерінен өзге де шет тілдерден енген есімдер тұрғысында жіктеліп
қарастырылды. Заманауи қазақ антропонимиялық
қоры жоғарыда аталған
тілдермен қоса ағылшын, испан, француз, ассирия, герман тілдерінен енген
батыс еуропалық үлгідегі есімдермен толығуда.