Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


 Қазақ антропонимиясы: кісі есімдері мен тектері құрамы



Pdf көрінісі
бет64/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

3.1 Қазақ антропонимиясы: кісі есімдері мен тектері құрамы 
Зерттеу жұмысында елімізде соңғы жылдары орын алған саяси-әлеуметтік 
және мәдени жағдаяттарға байланысты 1980-2018 жылдар аралығындағы ресми 
құжаттар  негізінде  қазақ  антропонимдік  жүйесінде  орын  алған  өзгерістер, 
есімдер қорының өсу динамикасы, сирек кездесетін есімдер анықталады. Тілдік 
материал  (ұлты  қазақ  азаматтардың  аты-жөндері)  Алматы  қаласы  Әділет 
департаменті азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз 
ету  және  бақылау  бөлімінің  мұрағатынан,  мұрағатта  сақталған  құжаттардан, 
Алматы қаласы аудандары бойынша  АХАТ бөлімдерінен жинақталды. Жалпы 
туу туралы акт жазбалары саны – 43 027. Оның ішінде: 1980 жыл – 3481, 1990 
жыл – 5912, 2000 жыл – 6934, 2010 жыл – 9093, 2018 – 17 607 туу туралы акт 
жазбасы. Осы орайда тілдік бірліктерді жинақтауда көмегін көрсеткен Алматы 
қаласы  Әділет  департаменті  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  және 
апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мұрағаты қызметкерлері 
Батыр  Әлия  Мутигуллақызы,  Цай  Найля  Аршабековна,  Исмаилджанова 
Айнұрға, Алматы қаласы АХАТ бөлімдері қызметкерлері: Остапенко Виктория 
Викторовна  (Алмалы  ауданы),  Кунчашева  Айнур  Булатовна  (Алатау  ауданы), 
Сырлыбекова  Гульнар  Сырбековна  (Әуезов  ауданы),  Абсаттарова  Фариза 
(Бостандық ауданы), Ергожа Гаухар Канаевна (Жетісу ауданы), Галиева Венера 
Ескендировна  (Медеу  ауданы),  Килыбаева  Диляра  Ерзатовна  (Наурызбай 
ауданы),  Дюсембинова  Жанна  Алимжановнаға  (Түрксіб  ауданы)  алғыс 
білдіргіміз келеді. 
Сонымен  бірге  2017  жылғы  Қазақстан  Республикасы  білім  гранты 
иегерлері  (2000-2001  жылдары  туылған)  атанған  38 000-нан  астам 
талапкерлердің  аты-жөндері,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жұмыста  тілдік 
материал ретінде сараланды.  
Аталған  жылдар  бойынша  сандық  есептеу  тәсілін  қолданып,  ресми 
құжаттарда тіркелген кісі аты-жөні нұсқаларының сандық және пайыздық үлесі 
көрсетілді.  Қазақ  антропонимиясында  жиі  таңдалған  және  сирек  есімдер 
компьютерлік  EXCEL,  SPSS  бағдарламаларын  қолдану  арқылы  анықталды. 
Есімдердің  шығу  тегі,  жасалу  жолдары,  лексикалық  астарлары  мен  мән-
мағынасы  L.A. Duncling  «The  Guinness  book  of  names»  сөздігі  (1995)  [167], 
А.В. Суперанскаяның  «Современный  словарь  личных  имен:  Сравнение. 
Происхождение.  Написание»  (2005)  атты  сөздігі  [166],  Т. Жанұзақовтың 
«Есіміңіз  кім?  Ваше  имя?»  (2008)  атты  қазақша-орысша  түсіндірме  сөздігі 
[136],  «Қазақ  есімдерінің  анықтамалығы»  (2009)  [174],  Н.Д. Оңдасыновтың 
«Араб  текті  қазақ  есімдері»  (2011)  [151],  Ш.Ш. Сагаутдиновтың  «Татарские 
имена: 
происхождение, 
значение, 
примеры» 
сөздігі 
(2011) 
[165], 
А. Смағұловтың  «Қазақ  есімдері»  (2013)  атты  анықтамалығы  [128]  негізінде 
айқындалды.  
Сонымен  қатар  бөлімде  заманауи  қазақ  кісі  есімдерінің  тілдік 
қатысымдылығын  айқындау  мақсатында  төл  тіліміздегі  және  шет  тілдерден 
енген есімдердің сандық және пайыздық көрсеткіштері ұсынылды.  
 
 


79
 
 
3.1.1 1980, 1990 жылдардағы кісі есімдері мен тектері құрамы 
1980 жылдағы кісі есімдері мен тектері құрамы. Алматы қаласында 1980 
жылы  дүниеге  келген  ұлты  қазақ  азаматтардың  аты-жөні  Ауэзов  (Әуезов), 
Калинин  (Бостандық),  Ленин  (Жетісу),  Октябрь  (Түрксіб),  Совет  (Алмалы), 
Фрунзе  (Медеу)  аудандары  АХАТ  бөлімдерінде  тіркелген  туу  туралы  акт 
жазбалары  негізінде  жинақталып,  сараланды.  АХАТ  бөлімдерінің  тарихи 
атаулары  жайлы  мәлімет  кестеде  (кесте  1)  берілді.  Бұл  мәліметтер  Алматы 
қаласы  Әділет  департаменті  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  және 
апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мұрағаты құжаттарынан 
алынды.  
 
Кесте 1 – АХАТ бөлімдері атауларының тарихи-хронологиялық сипаты 
Қазіргі АХАТ бөлімі 
атаулары 
Бұрынғы АХАТ бөлімі атаулары 
Алмалы 
Сталин, 1938 жылдан Совет 
Әуезов 
1972 жылдан Ауэзов, 1996 жылдан Аксай 
Бостандық 
1965 жылдан Калинин, 1981 жылдан Алатау 
Медеу 
1938 жылдан Фрунзе  
Жетісу 
1933 жылдан Ленин, 1981 жылдан Москва  
Түрксіб 
1929 жылдан Каганович, 1950 жылдан Октябрь  
  
Құжат деректеріне сәйкес 1980 жылы дүниеге келген ұлты қазақ азаматтар 
саны  –  3481.  Оның  1763-і  –  ер  аты-жөні  болса,  1718-і  –  әйел  аты-жөнін 
құрайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет