Балғабек, Балтабай, Егеубай, Қайрақбай, Орақбай, Шегебай) архаизм
есімдерге, историзм есімдерге айналып бара жатқанды анықталды. Жоғарыда
аталған мағыналық топтағы есімдердің қазіргі уақытта тек кісі тектерінде
кездеседі. Бүгінгі таңда жас ата-аналар сәбиге есім таңдауда оның сыртқы
формасына, дыбысталуына, сәнді есім болуына баса назар аударады.
Стратиграфиялық талдау нәтижесінде заманауи қазақ кісі есімдері мен
тектері тілдік қатысымдылығы бойынша топтастырылды: көне түркі тіліндегі,
қазақ тіліндегі антропонимдер, араб, парсы, монғол, көне еврей, монғол, орыс,
өзге де шетел тілдерінен (грек, латын, испан, француз, көне герман, ағылшын,
ассирия, т.б.), гибридті есімдер. Өз бастауын көне түркі дәуірінен алған қазақ
антропонимикалық қоры өзге елдермен саяси-экономикалық, әлеуметтік,
мәдени қарым-қатынаста болуы нәтижесінде сол елдердің тілінен енген сөздер
арқылы байып, молайып отырды.
Гендерлік айырмашылық тұрғысында баланың туған жеріне қатысты
антропонимдер ер есімдерінде ғана кездесетіндігін атап өтуге болады. Ер
антропонимдері аңдарға, құстарға байланысты атаулардан есімдер жасалса,
әйел антропонимдері өсімдік, гүл, мата атауларынан жасалған. Яғни ер
антропонимдері күш, жігер, батылдық және қайсарлық мағынасындағы
сөздерден, әйел антропонимдері әдемілік, сұлулық, нәзіктікті білдіретін
сөздерден жасалады.
Заманауи
қазақ
антропонимдерінің
құрылымдық-сөзжасамдық
ерекшеліктері келсек, -ан, -ен, -дық, -тік, -ыс, -іс -с, -ыш, -іш жұрнақтарынан
жасалған әйел антропонимдерінің болмауы да ер мен әйел антропонимдеріндегі
гендерлік айырмашылықты сипаттайды. Заманауи қазақ кісі есімдерімен
салыстырғанда кісі тектеріндегі жұрнақтардың саны әлдеқайда көп екендігі
айқындалды. Туынды тұлғалы антропонимдердің құрамында дәстүрлі ай, ақ,
бал, ер, гүл, күн, нұр, бек, бақ, бала, бике, бибі, бөпе, гүл, ғали, ерке, жан, сұлу,
тай,
төре,
хан
антропокомпоненттеріне
қоса
рух,
ұлт
антропокомпоненттерінен жасалған есімдер де кездеседі.
Кісі аты-жөнінің рәсімделуі бойынша ұлты қазақ азаматтардың орыс
тіліндегі (-ов/-ев/-ин, -ович/-евич, -ова/-ева/-ина, -овна/-евна) аффикстері
арқылы жасалған үш мүшелі антропонимиялық үлгіден бас тартып, ұлттық
тарихи дәстүрге сәйкес аты-жөнді (Медеуулы Архам) рәсімдеуге деген өтініш-
тілегі 1980 жылдары өз бастауын алғандығы анықталды.
2018 жылғы деректер бойынша ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған үш
мүшелі ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы) ер аты-жөні нұсқасы – 69,88%, әйел
аты-жөні нұсқасы – 66,73%-ды құрайды. Екі мүшелі ӘЕ (-ұлы + есімі) ер аты-
жөні нұсқасы – 9,36% болса, ӘЕ (-қызы + есімі) әйел аты-жөні нұсқасы –
10,91% болды. Дегенмен, орыс тілі аффикстері арқылы жасалған ТЕӘ (-ов/-ев/-
ин + есімі + -ович/-евич, -ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна) аты-жөні нұсқасы
155
(ер аты-жөні – 16,02%, ер аты-жөні – 17,03%) әлі де болса қолданыстан
шықпаған.
1980-1990 жылдары барлық дерлік кісі аты-жөндері орыс тілінің
орфографиялық заңдылықтарына сәйкес рәсімделген. Қазақ антропонимикалық
қоры орыс тілі арқылы өзге шетел тілдерінен енген Валентин, Вадим, Глеб,
Лукиан, Марсель, Рауль, Родион, Энвер; Анжела, Анжелика, Валентина, Виния,
Гайде, Гиналия, Гутияра, Екатерина, Славяна, Флора, Элиза сынды есімдермен
толыққан.
2000-2018
ғаламдық жаһандану үдерісі, әлеуметтік-психологиялық
факторлардың ықпалы қазақ антропонимиясында өзге ұлттың мәдени
таңбаларының ізін қалдырды. Атап айтсақ, қазақ тіліндегі ер антропонимдері
құрамы батыс еуропа тілдерінен енген Амадей, Альберт, Анаис, Бернард,
Давид, Дариан, Иммануил, Марк, Марсель, Маттео, Рамзес, Рафаэль, Рауль,
Рауф, Самуил, Эдуард, Эйнар, Элисар Ян, Эрнест, т.б. есімдермен, ал қазақ
әйел антропонимдері Августина, Ада, Айя, Альвира, Альмина, Альтея, Америке,
Арлетта, Ассоль, Ванесса, Гаяна, Далида, Джастина, Джемма, Джулия, Ева,
Жизель, Изабелла, Изетта, Лумье, Луфаан, Медея, Миллениум, Орли, Николь,
Сандина, Тейли, Тея, Тиана, Хамер, Шейла, Эвелина, Эмилия, Эра, Эрика, т.б.
есімдермен толықты.
«Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында ұлттық
тарих пен мәдениетті жаңғыртумен тікелей байланысты құрмет есімдерінің
саны артқанын аңғаруға болады. Мысалы: Абылайхан, Абылайханбейбарыс,
Альбертгор (Альберт Гор), Асанәлі (Әшімов), Ататүрік, Аттила, Әбілқайыр,
Әлихан (Бөкейханов), Ертұғрыл, Жәңгірхан, Майқыби, Мұқағали (Мақатаев),
Нұрсұлтан (Назарбаев), Нұх (пайғамбар), Пірбекет, Райымбек, Рамзан
(Кадыров), Тәукехан, Төлеби, Өзтүрік, Шерхан (Мұртаза), Шәкәрім
(Құдайбердіұлы), Шерхан (Мұртаза) және т.б.
Жұмыста өрістік тәсіл арқылы антропонимиялық қордың өзегінде, өзегіне
жуық және шеткері кеңістігінде орналасқан кісі есімдері мен кісі тектері
айқындалды. 1980, 1990, 2000, 2010, 2018 жылдардағы туу туралы акт
жазбалары, 2017 жылғы білім гранты иегерлері тізімі бойынша қазақ
антропонимясының өсу динамикасы, жиі таңдалған және сирек кездесетін
есімдер анықталды.
Заманауи қазақ антропонимикалық қорындағы дәстүрлі есімдерден
ерекшеленетін антропонимдерге: құрамында екі бірдей дауысты немесе
дауыссыз дыбыс қатар келетін Иммануил, Маттео, Саммит; Ариелла,
Арлетта, Джемма, Жаннетта, Изабелла, Изетта, Луфаан, Марианна, Меери,
Миллениум, Нелли, Ребекка, Саримма, Ханна, Эллайя сынды есімдер;э, я, в, ф
әріптері және ь жіңішкелік белгісі кездесетін Альали, Альрами, Арьен, Даниэль,
Эльбрус; Альви, Лумье, Айнель, Динель, Микаэля, Ринель, Эвелина, Элайя,
Эльфа, Элизара, Эмилия, Эрика, Эсмира, т.б.есімдер жатады.
Заманауи әйел есімдерінде -ина, -ия, -ра жұрнақтарын қолданылып есім
беру үрдісі айқындалды: Айяра, Альдина, Альфина, Асмира, Дамина, Нармина,
Нұрания, Руфина, Самира, т.б.
156
Сонымен бірге екі немесе үш есім сөзден бірігіп жасалған есім қою үрдісі
белең алып отыр. Мысалы: Абдул-сахи, Әли-ғазиз, Әмір-зада, Ир-рахман,
Арысұланбек Асан-Әли, Аян-Ади, Әбді-Мансұр, Әуез-Әбілсаид, Әли-Мұса, Әли-
Мұхамеднұр, Әл-Фараби, Ер-Мәди, Әбу-Бәкір, Әли-Ағзам, Әли-Әкпар, Әли-
Бөгенбай,
Мұхаммедәмин,
Ғабдул-Мақсат,
Еркебұлан-Әл-Тарази,
АзаматФараби, СүлейменӨмірхан, т.б. Мұндай есімдердің жазылуы, яғни
рәсімделуінде бірізділік жоқ екендігі қазақ антропонимикасында шешілуге
тиісті мәселелер қатарына енеді.
Қазақ антропонимиялық жүйесінде өзге ұлт тілдерінің мәдени таңбалары
енуімен есімдер дыбыстық өзгерістерге ұшырады. Заманауи ер және әйел
есімдерінің бірнеше нұсқасы кезедеседі, есім беруде еркіндікке жол берілу
салдарынан олардың ресми құжаттарда рәсімделуінде қателіктер орын алған.
Аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында біздің тарапымыздан қазақ
есімдерінің дұрыс жазылуы тұрғысында ақпарат беретін, қазақ-орыс тілдерінде
мобильді қосымша түрінде заманауи қазақ есімдері электронды сөздігі
ұсынылып отыр. Біздің басты міндетіміз қоғамда болып жатқан саяси-
әлеуметтік жағдайлармен байланысты үнемі өзгеру үстінде болатын кісі
есімдерін жинақтап, жүйеге келтіру арқылы өте бай тілдік мұраны сақтап қалу
болып табылады.
157
Достарыңызбен бөлісу: |