Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет92/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

ЖеменейМайра КерейҒаділбек Жанай. Майра әнші алғашында Мұхамедқызы 
болып шыққандықтан, жұрт оны әлі күнге дейін солай атаудан жаңылар емес. 
«Тегін  кенет  Керей  деп  ауыстырғанда,  шыны  керек,  барша  қазақ  Майраға  бір 
түрлі  тосырқай  қарады.  Оның  мәнін  әншінің  өзі  «Еуропа  жұртының 
Мұхамедқызы  деген  ұзын  текті  айтуға  тілі  келмейтіндігімен»  түсіндіруге 
тырысты. Сонымен бірге сол тұстағы исламға деген теріс көзқарас «Мұхаммед» 
атауына  үрке  қарап,  қасиетті  есімді  көзге  шыққан  сүйелдей  көрсе  керек.  Сол 
себепті Мұхамедқызы Керейге айналды» [184]. 
Сонымен  қатар,  руын  бүркеншік  атына  айналтырған  әншілердің  бірі  – 
Абай Бегей. «<...> әні ең көп сұранысқа ие болған батыстың әншісі Абай Бегей 
де сахнаға лақап атпен шығып жүрген өнер адамының бірі болып шықты. Есімі 
Абай,  ал  фамилиясы  Ниязқұлов.  Бірақ  Бегей  тегімен  танылуды  жөн  көріпті». 
[185]. 
Қазақ шоу-бизнес өкілдерінің ішінде Қайрат Нұртас (Айдарбеков Қайрат 
Нұртасұлы),  Төреғали  Төреәлі  (Әлиханов  Төреғали  Төреәліұлы),  Ернар  Айдар 
болып танылған жұлдыздар (Айдаров Ернар Жанабаевич) «кісі есімі + әкесінің 
аты» немесе «кісі есімі + тегін» қолданған. 
Қазақ  эстрадасында  Бүркіт  деген  бүркеншік  атпен  жүрген  әншінің  шын 
есімі  –  Айбек.  Әнші  бұл  бүркеншік  атты  таңдауын  дәл  осы  құс  секілді  өнер 
әлемінде биік самғауды мақсат етумен түсіндіреді. Сахнаға лақап атпен шығуға 
кеңес берген продюсері Евгений Жагалтаев. Бүркіттің жары құжатта Айша деп 
жаздырған  есімін  Аиша  есіміне  өзгертті.  Сонымен  бірге  Жігіттер  тобының 
мүшесі Айдар Байжановтың шын есімі – Ерсінбек Тұрғанбекұлы. Бала кезінен 
оны  Айдар  деп  әке-шешесі  мен  достары  атап  кеткен,  сол  есім  сахналық  есім 
ретінде қалыптасқан [183]. 
Сонымен  қатар  тыңдармандарын  әндерімен  ғана  емес,  сымбатымен 
тамсандырып  жүрген  әнші  Луинаның  шын  есімі  –  Луиза  Кәрінбаева  екендігін 
көпшілік  жұрт  біле  бермейді  [186].  Қарқынды  дамып  келе  жатқан  қазақ  шоу-
бизнес  өкілдерінің  бүркеншік  аттарының  пайда  болу,  шығу  себептерін 
зерттеуді жөн санадық.  
Зерттеу  жұмысының  нысаны  ретінде  шоу-бизнес  жұлдыздарының 
сахнадағы  бүркеншік  аттары  алынды.  Зерттеу  дереккөзіне  1990-2017  жылдар 
аралығында  БАҚ  материалдары  мен  www.abyroy.kz  сайты  [186]  жатады. 
Аталған  жылдар  бойынша  120  музыкант,  әнші,  ән  әрлеушілердің  бүркеншік 
аттары  зерттелді.  Жинақталған  бүркеншік  аттар  формасы,  құрылымы, 
семантикасы бойынша жіктеліп, топтастырылды (кесте 36).  


148
 
 
Қазақ  шоу-бизнес  жұлдыздарының  бүркеншік  аттарының  жасалу 
жолдарына  талдау  жасау  нәтижесінде,  олардың  44,16  %-ы  –  «кісі  есімі+  тегі 
(әкесінің  аты)»  үлгісі  арқылы  жасалған  сахналық  атпен  танымал  екендігі 
анықталды.  Мысалы:  Қайрат  Нұртас,  Төреғали  Төреәлі,  Ернар  Айдар
Сейдахмет  Айбек  және  тағы  басқа.  Өз  есімдерінің  дыбыстық  өзгерген 
формасын  бүркеншік  ат  ретінде  қолданған  өнер  иелері  –  3,3  %-ды  құраса 
(Луина
Айтжан),  ойдан  құрастырылған  бүркеншік  атпен  халыққа 
танылғандарының пайыздық үлесі – 5,9 %-ды (БүркітДинаяСатуМакеша
көрсетті.  
Бір  қызық  мысал  ретінде  Қапқарашка  бүркеншік  атты  келтіруге  болады. 
Яғни, Нұржан Керменбаев Қазақстан «Super star» жобасында қатысқан кезінде 
әділ-қазы мүшесі Нағима Есқалиева бет-әлпетіне қарап, оны Қапқарашка лақап 
есіммен деп атаған. Осы лақап есім сол әншіге таңба ретінде телінді. 
   
Кесте 36 – Сахналық есімнің жасалу жолының заманауи бағыттары 
 
Сахналық есім үлгісі 
Мысалы 
Пайыздық 
үлесі 



Кісі  есімі  +  тегі  (әкесінің 
аты) 
Қайрат 
Нұртас 
(Айдарбеков 
Қайрат 
Нұртасұлы,  Төреғали  Төреәлі  (Әлиханов 
Төреғали Төреәліұлы, Ернар Айдар (Айдаров 
Ернар Жанабаевич) 
44,16 % 
Бүркеншік ат 
Бүркіт  (Айбек  Сейітов),  Диная  (Динара 
Каирова), Шамси (Ахметәлі Байменов) 
5,9 % 
Трансформацияланған кісі 
есімі  
Луина 
(Луиза 
Кәрінбаева), 
Айжан 
Нұрмағанбетова (Айтжан Нұрмағанбетова), 
3,3 % 
Бүркеншік тек + кісі есімі  Қожағұл  Ерболат  (Измурзаев  Ерболат 
Итешович), 
Алиев 
Арыстанбек 
(Мухамедиұлы Арыстанбек) 
5,86 % 
Бүркеншік ат + кісі тегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет