151
Алматы қаласында 1980, 1990, 2000, 2010, 2018 жылдар бойынша ең жиі
қойылған немесе таңдамалы ер есімдерін анықтау мақсатында әр он жылдағы
жиі таңдалған ер антропонимдері мен әйел антропонимдері бір кестеге
біріктіріліп берілді. Бұл көрсеткіш әр кезеңде жиі таңдалған есімдер қатарында
ондықта болған ер және әйел антропонимдерінің өсу динамикасын бақылап,
салыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұл бөлім қазақ антропонимиясындағы антропонимдік
трансформация және антропонимдік трансформация құбылыстарын ашуға
бағытталған. Антропонимдік трансмиссия дегеніміз – антропонимдердің
алдыңғы буын өкілдерінен кейінгі жас ұрпаққа мұра ретінде табысталу,
жеткізілу үдерісі. 1980-2018 жылдар аралығында жиі қойылған ер есімдері
ішінде
Темір,
Темірлан (темір + қосымша
лан) есімдері тұрақты түрде таңдалып
келгендігі анықталды. Бұл есімдегі басты уәжді ер баланың темірдей берік,
мықты, күшті әрі жігерлі, қайратты болуын тілеумен байланыстыруға болады.
Сонымен қатар, аталған есім
атақты Монғол және түркі халықтарының
билеушісі,
Темір әулеті
империясының негізін қалаушы
Әмір Темірдің
құрметіне қойылғандығын атап өтуге болады.
Заманауи ер антропонимдерін өрістік тәсіл бойынша талдау нәтижесінде
қазақ антропонимиялық кеңістігінің өзегінде «
екі немесе үш есімнен бірігіп
жасалған араб тіліндегі антропонимдер», «
құрмет есімдерінен жасалған
антропонимдер», «
апеллятивтен жасалған антропонимдер», «
нұр,
хан,
төре,
сұлтан сынды әлеуметтік детерминативтер арқылы жасалған антропонимдер»
орналасқандығы анықталды. Антропонимиялық кеңістіктің өзегіне жуық
(околоядерное) аймақты құрайтын антропонимдерге әлеуметтік терминдерден
жасалған, яғни «
ел», «
ұлт», «
рух» ұғымдарымен, «
ру атауларынан»
байланысты
есімдерді
жатқызамыз.
Ал
шеткері
кеңістіктегі
ер
антропонимдеріне «туыстық атаудан жасалған антропонимдер», «қорғаныш
есімдер», «табиғат құбылыстарына қатысты есімдер», «күнтізбелік есімдер»,
«
бер,
берді,
берген,
болсын,
кел,
келді,
туар,
туған,
туды
антропокомпоненттері арқылы жасалған біріккен тұлғалы антропонимдер»,
«
бай,
бек,
би антропокомпоненттері арқылы жасалған антропонимдер» жатады.
Заманауи қазақ әйел антронимиясы бойынша зерттеу жүргізілген уақыт
аралығында тұрақты түрде таңдаулы есім ретінде жиі таңдалған –
Мәдина
(Сауд Арабиясындағы қала атауы) есімі болды. Бұл есімнің таңдалу уәжі қыз
баланың иманды, инабатты, тәрбиелі болып өсуін тілеумен болашақ ана
ретінде
салиқалы ұрпақты дүниеге келтіріп, олардың бойына
барлық жақсы қасиеттерді
ана сүтімен дарытады деген тілекпен байланысты деп пайымдауға болады.
Заманауи әйел антропонимдерін өрістік тәсіл бойынша талдау нәтижесінде
қазақ антропонимиялық кеңістігінің өзегі ретінде «
сұлулық» ұғымын білдіретін
антропонимдер, «
екі есімнен бірігіп жасалған антропонимдер», «
араб
антропонимдері»,
«
нұр
антропокомпоненті
арқылы
жасалған
әйел
антропонимдері» айқындалды. Заманауи әйел антропонимиялық кеңістігінің
өзегіне жуық (околоядерное) аймақта гендерлік айырмашылықты сипаттайтын
сөздерден жасалған, яғни «
ару», «
ана», «
бике», «
бибі», «
ханша», «
ханым»,
152
«
патшайым» апеллятивтерінен жасалған есімдер, «
ұл» және «жаңылу» сөздері
арқылы жасалған әйел антропонимдері жатады. Шеткері кеңістікте орналасқан
заманауи әйел антропонимдеріне архаизм, историзм есімдеріне айналып бара
жатқан күнтізбелік есімдер (күн, апта, ай атауларынан жасалған) қатары енеді.
Замануи қазақ кісі тектерін өрістік тәсіл бойынша талдау нәтижесінде
анықталғандай, антропонимиялық кеңістік өзегінде
хан,
бай,
бек сынды
әлеуметтік детерминативтер,
ақын,
құл және
тай антропокомпонеттері мен
араб тіліндегі
ғали (
әлі,
алы,
қали),
қажы,
қазы антропокомпонеттері арқылы
жасалған антропонимдер орналасқан. Антропонимиялық кеңістіктің өзегіне
жуық аймақта әлеуметтік-саяси жағдайларды сипаттайтын антропонимдер мен
қазақ халқының көшпенді өмір салты мен мәдениеті негізінде мал
шаруашығына қатысты атаулардан жасалған есімдер жатады. Ал шеткері
кеңістікте орналасқан кісі тектері қатарынан табиғат құбылыстарына қатысты
атаулардан жасалған есімдер, күнтізбелік есімдер және тотемге байланысты
антропонимдер табылды.
Берілген бөлімде замануи қазақ антропонимиясындағы шоу-бизнес
жұлдыздарының сахналық аттары құрылымы, семантикасы бойынша жіктеліп,
топтастырылды. Сахналық аттардың жасалуындағы заманауи бағыттары
төмендегідей:
кісі
есімі
+
тегі
(әкесінің
аты),
бүркеншік
ат,
трансформацияланған кісі есімі, Бүркеншік тек + кісі есімі, бүркеншік ат + кісі
тегі, бүркеншік ат + бүркеншік тек, аббревиатура (кісі есімі мен тегі алғашқы
буынынан жасалған бүркеншік ат), кісі есімі + ру аты, мифтік кейіпкер,
апеллятив атаулар, сөз тіркестері арқылы жасалған бүркеншік аттар және латын
графикасы негізінде жасалған бүркеншік аттар. Қоғамда болып жатқан
өзгерістер, оқиғалар, жаңалықтар, қоршаған ортадағы құбылыстар оларға
тікелей ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: