Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет95/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


153
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Антропонимия  –  тұлғаны  cәйкестендірудің  символдық  жүйесі  ретінде 
тарихи  тұрғыда  қалыптасып,  қоғамның  ортақ  алғышарттарына  сәйкес 
әлеуметтік  тұрғыда  анықталады.  Қоғамда  аты-жөні  жоқ  адам  әлеуметтік  және 
психологиялық тұрғыда толыққанды тұлға ретінде саналмайды.  
Антропонимдік  саясатқа  сәйкес  антропонимдер  тілдің  құрамдас  бөлігі, 
әлеуметтік-мәдени  құндылықтың,  салт-дәстүрдің  көрінісі  ретінде  тіл 
саясатымен өзара байланыста қарастырылады. 
Антропонимдер  –  кез  келген  тілдің  ономастикалық  кеңістігінің  өзегі, 
әмбебап  тілдік  бірліктер.  Антропонимдердің  қызметі  интралингвистикалық 
заңдылықтар және экстралингвистикалық факторлармен анықталады.  
Тілдік  бірлік  ретінде  антропонимдер  мәдениеттің  ажырамас  бөлігіне 
жатады.  Мәдениеттің  игерілу,  сақталу,  кейінгі  ұрпаққа  табысталу,  тіл  арқылы 
мәдениеттің  модернизациялану  мәселелері  тіл  білімінде  антропоөзектік  және 
этноцентристік бағыттағы зерттеулерде қарастырылуда. Осыған орай, жұмыста 
қазақ  антропонимиясында  ұрпақтан  ұрпаққа  берілетін  тілдік/антропонимдік 
трансмиссия мәселесі қарастырылды.  
Антропонимдік  трансмиссия  –  антропонимдердің  алдыңғы  буын 
өкілдерінен  кейінгі  жас  ұрпаққа  мұра  ретінде  табысталу,  жеткізілу  үдерісі 
болып табылады. 
Сонымен  бірге  жұмыста  халық  менталитеті  трансформациясын  көрнекі 
түрде аңғартатын антропонимдердің трансформациясы құбылысы айқындалды. 
Антропонимдер  қоғамдағы  түрлі  жағдаяттарға,  жаһандану  үдерісіне  сәйкес 
мағыналық, тұлғалық, құрылымдық жағынан үнемі өзгеріп, дамып отырады.  
Антропонимдік трансформация – әлеуметтік-саяси жағдаят пен жаһандану 
үдерісі  ықпалынан  кісі  есімдерінің  тілдік  санада  сәнді,  заманауи  болып 
қабылдануы  тұрғысынан  батыс  елдері  тілдерінің  нормаларына  сәйкес 
дыбыстық өзгеріске ұшырау құбылысы. 
Замануи  қазақ  антропонимиясына  жасалған  лексика-семантикалық  талдау 
нәтижесінде  ғылыми  еңбектердегі  топтастыруға  өз  тарапымыздан  заманауи 
қазақ есімдері тобы енгізілді. Заманауи қазақ есімдеріне жалпы есім сөздерден 
жасалған  дара  тұлғалы  антропонимдерді,  екі  немесе  үш  есімнен  бірігіп 
жасалған күрделі антропонимдерді, араб тілінен енген жаңа есімдер, жаһандану 
үдерісі  мен  ақпараттық  технологиялар  ықпалынан  пайда  болған  батырстық 
үлгідегі  есімдер  және  дыбыстық  өзгеріске  ұшырап,  трансформацияланған 
есімдер кіреді.  
Сонымен  бірге  лексика-семантикалық  талдау  нәтижесінде заманауи  қазақ 
антропонимдік жүйесінде: көшпенді өмір салтын сипаттайтын, төрт түлік малға 
бай  болсын  деген  ниетпен  қойылған  есімдердің  (Жайлаубай,  Қыстаубай
Көктеубай,  Қойсоймас,  Қошқар,  Жылқайдар),  тотем  есімдердің  (Бөрібай
БұқабайИтбайҚасқырбай), зооним есімдердің (БесқұланБөкенбайБұғыбай
Кенебай,  Көбелек,  Масабай,  Тышқанбай,  Шыбынтай);  қорғаныс  есімдерінің 
(Елемес,  Жаманбала,  Сатыбалды,  Тұрсынәлі),  ауа-райы  құбылыстарына 


154
 
 
қатысты  антропонимдердің  (Аязбай,  Жолдыбай,  Боранбай,  Қаржау), 
күнтізбелік есімдердің (ҚаңтарбайАқпанбетСәуірбекМамырханШілдебай
Дүйсенбек,  Сейсенбай,  Байжұма,  Сенбек,  Жексенбай),  қару-жарақ  пен  құрал-
саймандар атауынан жасалған есімдердің (ҚанжарбекҚылышбайСауытбай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет