Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


«Чудеса: Популярная энциклопедия. Том 2»



Pdf көрінісі
бет73/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
«Чудеса: Популярная энциклопедия. Том 2»: 
Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы;  
Алматы; 1991


179
қалдыңыз  делік  (мысалы,  дүкенде  әмияныңызды  ұрлап
кетті),  сіз  ең  алдымен  кеше  сынған  айна  осы  сәтсіздікті
білдірді деген ойға келесіз. Осыдан кейін Сіз ырымдардың
ақиқат екендігіне тағы да көз жеткізесіз. Алайда, Сіз бұл
жағдайға  дейін  3-4  рет  айнаңыздың  сынғанын,  бірақ
ешқандай  да  бір  жаманшылық  болмағанын  ұмытып
кетесіз.  Адамзат  табиғаты  бес  рет  болған  жағдайдың
біреуінде  ғана  белгі  шындыққа  жанасса  біз  дәл  осы
сәйкестікті есімізде сақтаймыз да, оның алдында болған
сәйкеспеушіліктер  жайлы  оңай    ұмытып  кетеді.  Бірақ,
бір  реткі  сәйкестік  әлі  де  ештеңені  білдірмейтіндіктен
жылдам  ой  тұжырымдама  жасауға  әкелмеуі  қажет
екендігін есте сақтаған дұрыс.
Үшіншіден,
оптимистік
тұрғыдан
ырымшыл
адамдар  болады.  Олар  барлық  белгілерді  өз  пайдасына
«орайластырады».  Мұндай  адамдар  белгілердің  күшіне
көзсіз  сеніп  қана  қоймай,  олардың  әсіресе  сәттілікпен
байланысы  бар,  жақсы  дүниелердің  барлығына  сенгісі
келіп тұрады. Ал, сәтсіздікке, бақытсыздыққа және барлық
жаман  дүниелерге    қатысты    белгілер  ше?    Оптимистер
мұндай  жағдайларда  салқындық  танытпайды,  жаман
белгілерді жақсы жағына, жағымды жағдайға қарай жоруға
тырысады.  Немесе олар  тек  қана  жақсы  белгілерге  сенеді
де, жаман белгілерге көз жұма қарайды.
Төртіншіден,    өздері  жаңа  белгілер  ойлап  табатын
«креативті  бейнелер»  деп  аталатын  ырымшылдар  бар.
Бұл  «жаңашылдардың»  белгілері  көбінесе  тек  өздеріне
ғана  қатысты  жақсы  жағынан  жорылатын  болып  келеді.
Мысалы,  оқушы  немесе  студенттің  маңызды  эмтихан
тапсыратын  күнін  елестетіп  көріңізші.    Оқушы  ол
кезде  өткен  эмтихан  кезінде  жеп  жоғары  ұпай  алған
шеколадының дәл сондай түрін сатып алады. Және студент


180
міндетті  түрде  өткен  эмтиханда  жоғары  ұпай  жинауға
«көмектескен»  қаламды  тауып  алады.  Осының  барлығы
өзіне  сәттілік  әкелудің  кепілдігі  ретінде  немесе  жай  ғана
сақтану мақсатында жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет