1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары



бет6/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Лейкоциттердің қызметі: Қорғаныс – ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді; # Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар; # Антиденелер өндіреді; # Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады; # Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді; # Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады; # Ферментативтік – олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет; Лейкоциттер қасиеттері:

  1. Амеба тәрізді қозғалуы;

  2. Диопедез лейкоциттердің капиллярлар қабырғасынан өтетін қасиет.

  3. Фагоцитоз – бөгде заттармен микробтарды обып сініруі.

Фагацитозды ашқан И.И.Мечников ол 4 фазада өтеді: хемотоксис, аттракция (қоршау), жұту және қорыту.

  • Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары.

Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады. Тромбоциттер қызметі:

  1. Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;

  2. Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;

  3. Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;

  4. Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;

  5. Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.

Гемостаз – тамырлар зақымданғанда қан ағудың тоқтауы; Қан тоқтаудың екі механизмі:

  1. тамырлық тромбоцитарлық немесе микроциркуляторлық гемостаз;

  2. қанның ретракциясымен аяқталатын ұюы.

Микроциркуляциялық гемостаз - қысымы төмен ұсақ қан тамырларда аққан қанды тоқтату. Оның компоненттері:

  1. Тамырлық спазм:

  2. Сенімді гемостазды қамтамасыз ететін тромбоцитарлық тығыннның түзілуі, тығыздалуы және қысқаруы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет