Лейкоциттердің қызметі: Қорғаныс – ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді; # Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар; # Антиденелер өндіреді; # Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады; # Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді; # Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады; # Ферментативтік – олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет; Лейкоциттер қасиеттері: Амеба тәрізді қозғалуы;
Диопедез лейкоциттердің капиллярлар қабырғасынан өтетін қасиет.
Фагацитозды ашқан И.И.Мечников ол 4 фазада өтеді: хемотоксис, аттракция (қоршау), жұту және қорыту.
Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары.
Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады. Тромбоциттер қызметі: Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.
Гемостаз – тамырлар зақымданғанда қан ағудың тоқтауы; Қан тоқтаудың екі механизмі:
тамырлық тромбоцитарлық немесе микроциркуляторлық гемостаз;
қанның ретракциясымен аяқталатын ұюы.
Микроциркуляциялық гемостаз - қысымы төмен ұсақ қан тамырларда аққан қанды тоқтату. Оның компоненттері:
Тамырлық спазм:
Сенімді гемостазды қамтамасыз ететін тромбоцитарлық тығыннның түзілуі, тығыздалуы және қысқаруы: