1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2


ИТЕҒҰЛОВА САЯ ІІ ТАРАУ



Pdf көрінісі
бет9/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
26
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ІІ ТАРАУ
Құт мекен
Хан мен қараны теңестіріп, мыңғырған ма-
лыңды місе тұтпай, ардақтаған жаныңды алатын 
Ажал атты әзірейілді адастырмақшы болған үш 
жүргінші Ақтөбе облысының оңтүстік-шығы-
сында орналасқан Шалқар ауданына келіп табан 
тіреді. 
Шалқардың жер бедері әрқилы болып келеді 
екен. Мұғалжар тауының оңтүстік жалғасы сана-
латын солтүстік, солтүстік-шығысы аласа таулы, 
қыратты-белесті болып келсе, ауданның батысын 
бойлай Шағырай үстірті, Шошқакөл бұйраты со-
зылып жатыр. Оңтүстік-шығысындағы Қызылор-
да облысымен шектесетін тұсында Алтыншоқы 
таулары орналасыпты. Ауданның орта тұсын 
Үлкенборсыққұм, оңтүстік-шығысын Кішібор-
сыққұм құмды алқабы алса, Қиыр оңтүстігінде 
Арал теңізін жағалай Үстірттің шығыс кемері со-
зылып жатыр. Сайлы-жыралы, қырқалы-белесті, 
бұйратты-құмды келген Шалқар өлкесінің табиға-
ты аңшылық пен қолөнерді қатар алып жүрген 
Сейтімге қатты ұнады.
Жусан, бұйырғын, күйреуік, шытыр, жантақ, 
жыңғыл, қау, сүттіген, жиде, тобылғы, сексе-
уіл өсетін, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкен, 
қарақұйрық, шұбар күзен, жабайы шошқа, са-
рышұнақ, аламан, бүркіт, дуадақ, жарғақ мекен-
дейтін өлке бізге де жаман болмас деген ой келді.
Жалпы, аудандағы өзендердің барлығы көк-
темгі жауын-шашын және қар суымен толығып, 
ағынын түзейді де, жаз айларында құрғап, кеуіп 
қалады екен. Алайда Шалқар, Қопасор тәрізді 
көлдері шілденің аптабында ел-жұртқа медеу бо-
лып, қуаң табиғатқа жан беретіндей көрінеді. 


АНА ТАҒДЫРЫ
27
Шалқар – негізінен Кіші жүз Әлім атаның бала-
ларының мекені. Тұрғындарының дені Тілеу мен 
Қабақ бабаның ұрпақтары болып келеді. Бірақ бұл 
өлкеден аға баласы Жақайымдарды да, Шектінің 
кенже баласы Жаңғылыштарды да табуға болады. 
Сейітмұхамбет Шалқар қалалық әскери ко-
миссариатына қызметке орналасқанымен жаны-
на жақын зергерлік өнерінен қол үзген жоқ. Ке-
йін өзінің ұстаханасын ашып алып, ауыл арасына 
темірге тіл, ағашқа жан бітіретін Сейтім ұста бо-
лып танылды.
Сейтім жоқтан барды жасайтын, ағаштан тү-
йін түйіп, жантақтан ине, жаңқадан түйме жа-
саған шебер ұстаға айналған. Көшенің бас жағын-
да ет комбинаты бар. Ет комбинатының жанында 
мал соятын арнайы пункт орналасқан. Сол жерге 
барып жылқының жалы мен құйрығын, сиырдың 
мүйізін алып келеді.
Жылқының жалы мен құйрығын жақсылап 
жуып, одан түрлі шөткелер жасайды. Сиырдың 
мүйізін ұзақ қайнатып, қан-жынынан тазартады. 
Қайнаған мүйіздерді жылқының қылынан жа-
саған шөткелерімен әбден ысып, жалтыратады, 
сөйтеді де түрлі көлемдегі шақшалар жасайды. 
Ел арасында насыбай атпайтын кемпір-шал кем-
де-кем. Сейтекеңнің шақшасына деген сұраныс 
та жоғары.
Шалқардың халқы қонақжай, аузын ашса, 
көмейі көрінетін аңғал, жайдары болып жара-
тылғанымен, ауа райы аумалы-төкпелі, қатқылдау. 
Қысы тым суық, қар жамылғысы жұқа, боран-
ды болса, жазы топырақ суырған желі бар аптап 
ыстық. Өте қуаң шөл және шөлейт белдемде ор-
наласқандықтан топырақ жамылғысы бау-бақ-


28
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ша егуге құнарсыз болып келеді. Сол себепті 
де бұл жердің тұрғындары негізінен мал шар- 
уашылығымен айналысады. Мал ұстайтын ауыл 
адамдарына қажетті айыр, кетпен, күрек деген-
дерді саптайтын да Сейітмұхамбет.
Қолынан іс келетін адамның қашан да ел ішінде 
мерейі үстем болмақ. «Шеберді шеге қағысынан, 
ұстаны соққан пышағынан таниды» демекші, 
Сейітмұхамбеттің қолынан шыққан бұйымдар 
елге танылып, бұлардың келген жеріне сіңіп ке-
туіне өз септігін тигізді. Жаңа жерде кірмемін 
деп тартыншақтанып жатқан Сейітмұхамбет те 
жоқ. Бала кезінен-ақ әзілқой болып өскен ол үл-
кен анасының Қабақтың қызы екенін желеу етіп, 
бұрынғының нағашылық-жиендік жолымен Тілеу 
-Қабақтың шал-шауқандарымен әзілдесіп оты-
рушы еді. 
Сейітмұхамбеттің әкесі Ілияс ескі салт-
дәстүрді қатты ұстанатын. Бәйбішесі Ақсұлу еке-
уі бес уақыт намазының біреуін қаза жібермейтін 
діндар адамдар еді. Сол себепті де балаларына 
мұсылманша хат танытуды парыздары санап, көр-
ші ауылдан молда алдыртып, өз балаларымен бір-
ге ауылдың өзге қара сирақтарына да әліптің не 
екенін үйретеді. 
Сабаққа зерек, бірақ еркелігі қалмаған ойын 
баласы Сейітмұхамбеттің кейде молдадан шыбық 
жейтін кездері де болады екен. Бір күні молда 
бір сүрені дұрыс жаттамаған Сейітмұхамбеттің 
алақанынан бірнеше мәрте шыбықпен ұрады. На-
мысқой Сейітмұхамбет қыңқ деместен жазасын 
қабыл алады. Сабақтан кейін Ақсұлудың қолынан 
ас ішіп, есегіне мініп әлгі молдамыз да үйіне қай-
тады. Бір қырдан аса бергенде Сейітмұхамбет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет