8 – дәріс. Ежелгі грек лирикасы



бет4/6
Дата29.10.2023
өлшемі29,81 Kb.
#121061
1   2   3   4   5   6
Сапфо (б.з.д. YII ғ. не YI ғ.). Сапфо - (кейде Сафо, Саффо) атақты ақын, лесбостық лириканың өкілі. Атақты Алкейдің жерлесі мен замандасы. Лесбос аралындағы тартыс кезін­де ақсүйек ретінде демократтармен бірге қуғындалып, уақытша Сицилияға қашуға мәжбүр болады. Деректерге сүйенсек, оның бір қызы болған, ал өзі әбден қартайған шағында дүние­ден өткен. Сапфо негізінен үйлену әнұрандарын, өлеңдерін және тағы мелостық туынды­лар жазған. Сапфо өлеңдері көңіл-күй лирикасының шегінен шығып кетеді. Бұл көңілдің суреті тіл жетпес керемет сұлулық арқылы беріледі. Бұл қадам лесбостық ақын-қызға үлкен данқ әкеледі. Ежелде Сапфоның 8 кітабы белгілі болған. Бірінші кітабы 1320 өлеңнен (330 шумақ) тұрған. Толығымен бізге төрт өлеңі ғана жеткен.
Махаббат - Сапфо поэзиясының басты тақырыбы. Ақын бар күш-қуатымен махаббатты жырға қосады. Мұнда тұтас бір сезім мен түйсіктің тұтасқан симфониясы жатыр. Тылсым таби­ғаттың сиқырлары да Сапфо поэзиясына асқақ сезімге толы көңіл-күй сыйлайды. Ақын­ды тәтті сезімнің құшағына жетелейді. Оның шығармаларында эпифаламиялар, яғни кештер­де айтылатын үйлену әндері ерекше орын алады.
Сапфо - өз заманының керемет шебер ақыны. Ол мәңгілік таусылмайтын махаббат тақыры­бын жете меңгерген. Оның «Афродитаға» арналған әнұраны, «Меніңше ол өлмейді, ол - құдай» (ауд. Ф.Е. Карш). «Мен сәндіні сүйемін...» (ауд. Ф.Е. Карш), «Меніңше, қоштасудан ажал жеңіл...» (ауд. Ф.Е. Карш), «Алкейге жауап» секілді эпифаламиялары грек әдебиетінің мол мұрасы.
Эпиталамия – махаббат жанрының негізгісі, тұрмыс құру, үйлену тойына және мектеп тәрбиенушілерінің тұрмысқа шығардағы тойларына арналған гимн. Ең үздік эпиталамия қатарына « Гектор мен Андромахдің үйленуіне» арналған жатады.Ақынның басты тақрыбы махаббат пен сұлулықты жырға қосу. Өкіншке орай Сапфоның еш бір шығармасы бізге толық жеткен емес.
Алкей мен Сапфоның поэзиясына тақырыбы жағынан Анакреонт жақын. Анакреонттің әндік лирикасы автобиографиялығымен жеңілдігімен ерекше көзге түседі. Анакреонт кезбе, жиҺанкез ақын. Белгілі тирандадың бірі- Поликрат Анакреонтты қатты қолдаған. Құмыраларда Анакреонт суретінің сақталғанын жиі байқауға болады. Әдебиет тарихында ол махаббат жайлы жазған жеңіл – желпі өлеңдер қатарымен енген және оған философиялық ойлы терең тіл жат емес.
Хор лирикасы сольдік лирикаға қарағанда ежелгі. Ол тура дінеи үйлену тойларымен байланысты. «Хор» деген сөз хор орындалатын орын деген мағына береді. Осыдан біз би мен хорлық лирика қатар аталатын ұғым екеніне көзіміз жетеді.
Гректер соломен де, хорменде ән орындаған. Хорлық әндер құдайға бағышталып орындалған. Эллиндіктер құдайын аса ыждаһаттылықпен құрмет тұтқан.Олар оларға арнап гимндер орындаған. Мәселен, Аполлонге арнап – пеан, Диониске – дифирамб орындаған.
Гимндер қалыпты тәртіпке жүгіне отырып жазылатын болған. Ең алдымен құдайға арнауын айтады сонан соң оның есімін эпитетке теңейді. Мысалы, Зевсті «Додонның қарашығы, күшті, биік ақылды» деген. (Зевсті Грецияның солтүстік батысында Додоне аса құрметтеген ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет