9 соөЖ, СӨЖ. Қазіргі психодиагностикадағы тұлғаны тексерудің жағдайы


Қазіргі кезеңдегі ақыл ойды қолданудағы психодиагностикалық тесті



бет7/12
Дата06.01.2022
өлшемі51,93 Kb.
#14803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазіргі кезеңдегі ақыл ойды қолданудағы психодиагностикалық тесті.
Интеллект ойлауға деген қабілеттілік болып табылады. Интеллект латыншадан аударғанда «intellektus»-«түсіну» немесе «тану» деген мағынаны білдіреді.

  1. Мәселені тануға және шешуге деген жалпы қабілет және ол кез-келген іс-әрекеттің тиімділігін анықтайды, әрі басқа да қабілеттердің негізі болып табылады.

  2. Интеллект- жеке тұлғаның барлық танымдық процестерінің жиынтығы: түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, қиял.

  3. Мәселелерді еш сынақсыз және қатесіз «ой» арқылы шеше алу қабілеті.

Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткішінің жеткілікті және негізгі сапасы-«интеллект коэфициенті» түсінігімен тиімді енгізілген. Оны қысқаша «IQ» деп атайды. Бұл индивидтің интеллектуалдық деңгейін, оның кәсіби және жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой дамуын анықтайды. Мысалы адамдарда қалыпты «IQ» және интеллектуалдық деңгейі өте жоғары (116-180 ұпай) адамдар болады. Психологтар мен психиатрлар ерте балалық жастан немесе туа пайда болатын ақыл-ой кемістігін олигофрения деп атайды. Өмір сүру барысында интеллект дамуының артта қалуы деменция деп аталады. Олигофреннің психикалық функциялары жетілмейді, сөйлеуі, ойлауы жағынан артта қалады. Қорытынды жасау, жалпылау, абстракциялау дамымаған, логикасы мен есте сақтау деңгейі төмен. Халықаралық стандарттар бойынша олигофрения түрлері:

Дебиль – IQ – 50-70, ақыл-ой дамуы артта қалуының әлсіз формасы, мінез-құлқы адекватты, өз бетімен жұмыс істей алады. Сөйлеу қабілеті дамыған, соған орай дебилділікті оңай аңғара қою қиын. Абстрактілі ойлауы дамымайды, мақалдар мен сөздері тура мағынасында қабылдайды.

Имбециль – IQ – 20-50 , ақыл-ой дамуы артта қалуының орташа деңгейі. Сөздік қоры шамамен 300 сөз. Күнделікті жұмыста өз бағытын біледі. Тез сенгіш, олардың көпшілігі өз бетімен өмір сүруге тырысқанымен қамқорлықты талап етеді.

Идиотиялық – ақыл-ой дамуының артта қалуының ең ауыр формасы. Ойлау мен сөйлеу мүлде қалыптаспаған. Эмоциялық реакциялары басым болып келеді.



  1. Тесттер жалпы мазмұны бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: интеллект тесті, қабілеттілік тесті, жетістікке жету тесті, жеке-тұлғалық тесті. Интеллект тестері немесе ақыл-ой тесттері-адамның ақыл-ойының, интеллектуалдық дамуының деңгейін зеррттеуге арналады. Бұл терминдермен қатар арнайы қабілеттер тесті, жалпы қабілеттер тесті, когнитивті тесттер терминдері қолданылады. Интеллектуалдық жағдайда кез-келген жекелік байқалып көрінбейді, ең алдымен барлық психикалық процестер немесе функциялар көрінеді.

Тапсырмалардың түріне байланысты вербальды (сөздерді классификациялау тесті) және вербальды емес (Равен матрицасы) тесттер, жекелік (Векслер шкаласы) және топтық (Альфаның армиялық тесті) тесттері болып бөлінеді.

  1. Шетелде, әсіресе АҚШ-та интеллектуалдық тестісі білім беру жүйелеріне кеңінен тараған. Интеллектті тестінің ішінде танымал ұлы психологтардың тестерін жүргізу ұсынылады: Д.Векслер, Д.Равен, Стенфорд Бине. Бұл тестетер жақсы сенімділікті және валидті болып есептелінеді. Тестілеу нәтижесін өңдей кезінде жалпы ұпай алынып қана қоймай зерттеушілердің жекелік тесттік бағыттылық көрінеді. Негізгі оқу жүйесінің материалдарын логикалық және түсінікті меңгеруі жөнінде мәлімет алынады.




  1. Интеллект құрылымы ``қандай?``деген сұраққа жауап беруге тырысатын көптеген теориялар кездеседі. Соның бірі-Спирмен ұсынған интеллект моделі. 1904жылы Спирмен келесі постулаттарды (сипаттауды қажет етпейтін болжам) құрастырды: интеллект адамның басқа да тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді емес, интеллект өзінің құрылымына басқа да сапаларды (қызығушылығы, жетістіккежету мотивациясы, үрейленушілік және т.б) қоспайды. Интеллект ақыл-ой энергиясының жалпы факторы ретінде көрініс табады. Спирменнің көрсетуі бойынша кез-келген интеллектуалды процестің жетістігі жалпы факторға, қабілетке тәуелді болады. Сондықтан да ол интеллектің генерарлы факторы G фактор мен арнайы қабілеттің көрсеткіші болып табылатын S факторын анық көрсеткен. Генералды фактордан кейін негізгі топтық факторлар орын алады. Топтық факторлардың өзі вербальді-қайта жасалу және практикалық-механикалық факторлар деп бөлінеді. Вербальді-қайта жасалу факторы вербальді және есептік субфакторлардан тұрады, ал практикалфқ механикалық фактор механикалық-ақпараттық, кеңістіктік субфакторлардан тұрады. Иерархияның төменгі деңгейіне арнайы факторлар жатады. Спирменның көзқарасы бойынша әрбір адам жалпы интеллектінің белгілі бір деңгейімен сипатталады және бұған осы адамның қоршаған ортаға бейімделуі тәуелді болады.Сонымен қатар, барлық адамдарда нақты бір міндеттерді шешуде көрінетін әртүрлі деңгейде дамыған арнайы қабілеттерді болады.

2. 1938 жылы Терстоун статистикалық факторлы әдістің көмегімен интеллектінің әртүрлі жақтарын зерттейді және оларды алғашқы ақыл-ой потенциалдары деп атады.

Ол мынадай потенциаларды көрсетті:



  1. Есептеу қабілеті, яғни сондықтан жұмысына оырып арифметикалық амалдарды орындау

  2. Вербальды икемділік, яғни сөз арқылы ақыл-ой деңгейін көрсету

  3. Вербальды қабылдау

  4. Кеңістіктегі ориентация, яғни кеңістіктегі нәрселерді формалды қабылдап, түсіндіре алуы

  5. Ес, есте сақтау қабілеті

  6. Ой қорытындыларын жасауға қабілеттілігі

  7. Түрлі заттар, суреттер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды жылдамдықпен қабылдау

3. Кеттел моделі интеллектуалдық қабілеттің 3 жағын көрсетті:

1) Жалпы 2) Парциалды 3) Операция факторлары

Кеттел екі факторды бөліп «байланысты» интеллект және «еркін» интеллект деп атады. «Байланысты» интеллект факторы жеке тұлғаның бүкіл өмір жолындағы әлеуметтану процесі кезінде алынған білімі мен интеллектуалдық дағдысының жиынтығы. «Еркін» интеллект факторы үлкен ми жарты шарларының қыртысының «үшінші ассоциациялы» аймағының жалпы дамуымен сипатталады.

Парциалды факторлар үлкен ми жарты шарлары қыртысының сенсорлы және моторлы аймақтарының даму деңгейімен анықталады.

Операциялық факторы нақты есептерді шешуде алынған дағдылар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет