Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет20/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата
Бата алған тәмам бақсы асқан ата. 
Таңғалып жұрттың бәрі тұрады екен, 
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.
Осы қалыптас өзге әпсана бойынша, Қорқыт – ең алғаш қо­
бызды шығарған атақты күйші, барлық ән­күйдің атасы, қазақ 
күйшілерін бірінші рет қобызға үйреткен ұстазы»
22
. Тіпті, 
«Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш адам 
екен», – делінеді қазақтың бір әпсанасында
23
. Қорқыт баш­
құрттың көне сарнауларында да сәуегей бақсы, емші, сиқыршы 
ретінде көрінеді. Мыса лы,  олардың бір сарнауында мынадай 
сөздер бар:
Ей, жын, ей, жын,
Шақырғанда келе ғой.
Мұңлы мен науқастың
Иесін тауып келе ғой.
Менің жыным әрі
Қорқыт ата жанының әмірімен
Қарымқұрт ата, сен емде,
Түлек ата, сен емде
Сен емдемесең  мен мұнда
24
.
Немесе:
Қарымқұрт ата, сен емде,
Қорқыт баба, сен емде...
...Менің жаным әрі
Қорқыт ата жанының әмірімен...
...Ата-бабаларымның қасиетті иесі, сен,
Қорқыт атаның қасиетті иесі, сен,
Пәлекетті қуып шық!
25
Міне, бұл жолдар қазақ бақсыларының «ойын» кездегі 
Қорқыттың аруағын шақырып, пірі ретінде сиынатын жағда­
й ын түсіндіреді. Сонымен қатар бұл жолдар Қорқыт туралы 
ежелгі мифтің башқұрт халық ижатында да бар екенін көр­
сетеді. Ендеше, Қорқыт туралы фольклорлық шығармалар, 
соның ішінде оның өлімге дауа іздегені туралы сюжет те ерте 
кезде, дәлірек айтқанда, Түрік қағанаты тұсында белгілі 


[
  68  
]
болған және кейін бірнеше түркі халқына жайылып кеткен 
деуге болады. Башқұрт, түрікмен, әзірбайжан, қазақ елдерінің 
фольклорындағы Қорқыт бейнесі – осының айғағы.
Сонымен көзіміздің жеткені – қазақ әпсана­хикаяттарын­
дағы Қорқыт, түптеп келгенде, қолынан келмейтіні жоқ 
зор бақсы (шаман), жасампаз қаһарман екендігі. Оның мә­
дени қызметі жайында ел арасындағы кейбір әпсаналар да 
баяндайды. Мә селен, бір әпсанада Қорқыт «Моншақты», ал 
екінші әпсанада «Домбыралы» деген жер аттарын ойлап та­
бушы болып бейнеленеді
26
. Мұнда Қорқыт белгілі бір жердің 
не себепті солай аталғаны туралы баяндайтын мекендік 
әпсананың кейіпкері болып көрінеді, бірақ, соған қарамастан, 
оның ойынан көне мифтегі жасампаз қаһарман – ілкі атаның 
қасиеті көрінеді. Осы айтылғанға қосымша дәлел ретінде 
мынаны да көруге болады. Архаикалық мифтегі ілкі ата 
(жасампаз қаһарман) кейде өзінің мақсатына жету үшін 
қулыққа да барады, өзінің қарсыласын алдап та жеңеді. Мұндай 
әрекет Қорқытта да кездеседі. Мысалы, Мұхтар Омарханұлы 
Әуезовтің айтуынша, екінші бір «қазақ әңгімесі Қорқытты 
Әзірейілге кездестіреді. Әзірейіл мұның
 
жанын салып алатын 
сандық істеп әкелген. Қорқыт Әзірейілмен жауаптасып тұрып, 
сандықтың ішіне Әзірейілдің өзін алдап салады да, сандықты 
бекітіп суға ағызып жібереді»
27
. Міне, мұнда Қорқыт көне 
мифтегі өз қарсыласын алдап, санын соқтырып кететін 
трикстерді еске түсіреді. Мұндай әдісті Қорқыттың ажалдан 
қашқаны туралы әпсанадан да көруге болады. Мәселен, ол түс 
көрген соң ажалды алдамақшы болып, дереу басқа жаққа көшіп 
кетеді, тіпті болмаған соң өзеннің ортасына жайғасады. Алайда, 
Қорқыттың бұл «қулығы» жүзеге аспайды. Демек, бұл жерде 
образдың бұрынғы семантикасы өзгерген, өйткені бізге жеткен 
шығармалар – көне миф емес, оның әпсана­хикаятқа айналған 
түрі, ал олай болса, Қорқыттың бейнесіне де кейінгі жанрдың 
әсері болған. Солай болғанмен тағы бір көңіл аударатын жайт 
бар. Ол – Қорқыттың есіміне міндетті түрде «ата» («деде») 
сөзінің қосылатындығы. Осы жағдайды арнайы қарастырған 
профессор Халық Короғлы «ата» мен «деде» сөздері бірдей 
және «әке» мағынасын береді, ал тарихи тұрғыдан кең аяда 


[
 
 69  
]
қарастырғанда, «ата­бабалар», «әкелер» деген мағынаға ие деп 
тұжырымдайды
28
. Бұл пікірдің дұрыс екеніне еш күмәнданбай, 
осы құбылысқа мифологиялық семантика тұрғысынан да қарап 
көруге болады. Сонда байқалатыны – қыпшақ (қазақ, башқұрт) 
тіліндегі «ата» сөзі мен оғыз (әзірбайжан, түрікмен) тіліндегі 
«деде» сөзі түптеп келгенде «баба» («бұрынғы заманда өмір 
сүрген ата») деген мағына беретіндігі. Ендеше, «Қорқыт ата» 
мен «деде Қорқут» тіркестері ежелгі мифтік баба, ілкі ата ту­
ралы түсініктердің қалдығы емес пе екен деген ой келеді. Оның 
үстіне, қазақ бақсылары мен қобызшылары көп жағдайда 
Қорқытты тікелей өздерінің бабасы деп санағанын да ескерсек, 
Қорқыт образының архаикалық мифтегі ілкі ата бейнесімен 
тамырластығына тағы да көзіміз жеткендей болады. Әрине, 
Қорқыт туралы әпсана­хикаяттар хатқа түскен шақта «ата», 
«деде» сөздері байырғы мифологиялық семантикасынан айы­
рылып, қазіргі «әке», «ата», ақсақал» («үлкен кісі») деген ма­
ғынада түсінілетін болған.
Қорқыта айтқанда, өлімге дауа іздеп жер жүзін шарлаған, 
Қорқыт туралы қазақ аңыздауларының шығу тегі мен сюжеттік 
және семантикалық тұрғыдан талдағанда анықталған нәрсе 
мынау: өлмеудің амалын іздеген адам тура лы сюжет өте ерте 
заманда, рулық қауым тұсында реофиттің сапары немесе ұлы 
шаманның о дүниеге саяхаты туралы әңгімелейтін архаикалық 
құпия миф түрінде пайда болған
29
.
Адамзат қоғамның ұзақ тарихи­мәдени даму барысында, 
әсіресе ескі құлиеленуші мемлекеттер мен орта ғасырдағы 
феодалдық мемлекеттер заманында бұл миф көркем дүниеге 
айналған. Ал Қазақстанда патриархалдық­рулық қауымнан 
бірден феодалдық қоғамға көшкен жағдайда шаман туралы 
рулық миф өзінің біраз өзгеріске түскеніне қарамастан ескі 
кейбір белгілерін сақтап қалған. Сондықтан оны кейінгі дәуір­
дің адамдары қиял демей, шындық деп қабылдаған, оның 
негізі – шын деп ойлаған. Демек, Қорқыт туралы шығармалар 
жанрлық жағынан қарағанда, аңыз емес, әпсана­хикаят бо­
лып табылады. Өйткені, әпсана­хикаятта кереметтілік те 
бо лады (бірақ ол қиял деп түсінілмейді) және әңгімеленген 
оқи ғаға сенушілік те орын табады. Сол себепті кейбір қазақ 
ғалымдарының Қорқытты VI­VIII ғасырларда жасаған тарихи 


[
  70  
]
адам деп есептеуі тегін емес. Бірақ оғыз тайпаларының тарихы 
мен мәдениетін зерттеушілер Қорқыттың тарихи прототипі 
жоқ деп санайды
30
. Біздің ойымызша, М. Жирмунский дұ­
рыс айтады: «Қорқыт – Орта Азия көшлелі халықтарының 
патриархалды өмірі тұсындағы әлеуметтік жинақтау түріндегі 
халық аңызы туғызған нақты образ»
31
. Бұл образ өлімге дауа 
іздеу сюжеті тәрізді өте көне бейне. Ол алғашқы кезеңде Қорқыт 
деген есімге де ие болмаған. Қорқыт эпонимі әлдеқайда кейін, 
оғыз бен қыпшақ тайпалары бір тұрған кезде пайда болған 
сияқты және ол уақытта кісі аты есебінде кең қолданылмаған 
болу керек. Егер бұл сөздің этимологиясына келсек, онда оның 
«қорқу» сөзіне еш қатысы жоқ. Сөздің тарихына үңілсек, көне 
түркі тіліндегі «сор» және «құт» сөздеріне барып тіреледі. 
Көне түркі тілінде «қор» сөзі «зиян», «қор болды», «жапа шек­
ті» деген мағына береді, ал «құт» – «жан», «бақыт», «өмір 
күші», «рух» деген мәнде айтылады
32
. Сол заманда бұл екі сөз 
бірігіп, «қор болған құт», «зиян шеккен жан», яғни «өлген 
жан», «өлген адам» деген мағынада айтылуы мүмкін
33
, өйткені 
шамандық түсінік бойынша, «адамда үш құт болады екен: жер 
құт, ауа (көк) құт және ана құт. Егер зиянкестер осы үш құттың 
бірін ұрлап әкетсе, әйтеуір қолға түсірсе, адам өледі»
34
.
Міне, осы тұрғыдан келгенде, қазақ Қорқытының түс көруі 
мен өлуі еш түсіндіруді қажет етпейді: оның құтын (яғни 
жанын) жаулары қолға түсірген. Олай болса, ертеде «қор 
болған құт», яғни «өлген жан» («адам») деген мағына берген 
«қорқыт» тіркесі уақыт өте келе бір сөз болып, бірте­бірте 
есімге айналған, сөйтіп о дүниені шарлайтын шаман туралы 
мифке шаманның аты болып енген. Қазақстан жағдаятында 
бұл миф бара­бара исламның әулиесі Қорқыт жайында баян­
дайтын әпсана­хикаят сипатын қабылдаған. Әрине, бұл 
процестің үстінде мифтің көптеген көне атрибуттары жоғалған, 
әрі өзгеріске түскен, ал сюжеттің өзі көркем түрде баяндалып, 
қазақ фольклорында шоқтығы биік шығарма болып шыққан. 
Демек, ежелгі шамандық миф басқа жанрға ауысып, ескі 
идеяны жаңа тұрғыда, оған адам мен ажалдың, өмір мен 
өлімнің күресі деген терең философиялық мән бере ба яндайтын 
көркем туынды болып шыққан.


[
 
 71  
]
Мұхтар Әуезов дұрыс айтады: «Қазақ музыкасының атасы 
Қорқыт туралы әпсананың философиялық мазмұны өте терең. 
Ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген 
Қорқыт жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ 
таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп түрғанын 
айтады; содан қорқып шырғайдан бірінші рет қобыз жасап, жер 
бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп, өлмеудің амалын 
өнерден табады»
35
.
Қазақ әпсана­хикаятындағы Қорқыттың бейнесі бұрынғы 
мифтен мүлде басқа мағынаға ие болған. Енді ол о дүниені немесе 
әлемді шарлайтын шаман емес, жер бетіндегі тіршілік үшін 
алысатын ұлы күрескер болып реттеледі. Ажалмен айқасқан 
ол өлімнен құтылуды; неше түрлі қасиетті нәрселерден немесе 
керемет жәрдемшілерден, я болмаса жан сауғалап қашудан 
емес, қажымас еңбектен, өнерден іздейді. Қорқыттың алғашқы 
музыкалық аспап жасауын, қобызда күй тартуын хикаяттың 
өлімге бұдан басқа дауа таппағанынан деп сендіреді. Шынында 
да, Қорқыт оған дейін дүниенің төрт бұрышын шарлап шықты 
ғой, бірақ қазылған көрден құтыла  алмағаны тағы да аян. 
Енді бұдан былай жан сауғалаудың жөнсіз екенін біліп, ол 
тағдырдың өзімен айқасуға тәуекел етеді. Өзінің жасампаздық 
еңбегімен ол тағдырға айбат көрсетеді және өнердің арқасында 
ажалға қарсы ұзақ уақыт төтеп береді. Оның күйі он сегіз 
мың ғаламды түгел, тіпті, ажалдың өзін де балқытып, баурап 
алады. «Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі түгел ұйып 
тыңдайды. Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтатып, Қорқыт 
күйін тыңдапты. Сарыарқа аңдары да Сырдарияның жағасына 
шұбырып келіп, Қорқыт күйін тыңдайды. Сырдария ағысын 
тоқтатыпты, үстіне төселген Қорқыттың кілемі суға не ағып, 
не батып кетпей, көп заман су ортасындағы кемедей қалқып 
тұрып алып, Қорқытқа өлім келтірмейтін арал болыпты»
36
, – 
делінеді әпсанада.
Қорқыт күй тартып отырғанда, ажал оған жақындай ал­
майды, ажал күйден, күй тартушыдан өзін әлсіз сезінеді. 
Сондықтан ол Қорқытқа ашық келе алмайды. Қорқыттың 
шаршап, әлсіреген шағын күтеді. 
«Көп замандар бойы үздіксіз қобыз тартқан Қорқыт шаршап, 
қалғып кетеді. Қорқытты ізіне түсіп аңдыған сол кезде қай­


[
  72  
]
рақ жылан күйінде жорғалап кілемге ілініп шаққанда, 
Қорқыт осыдан ауырып өледі»
37
, – дейді халық сөзі. Соның 
өзінде де ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан 
халықтың өлімге деген көзқарасын, «өлім айтып келмейді» 
деген философиялық тұжырымының негізін көреміз. Әпсана­
хикаяттың аяқталуы, жалпы мазмұны қайғылы болғанмен 
оның идеясы, рухы жарқын әрі оптимистік. Қорқыт өлгенмен, 
жеңілген жоқ дейді әпсана. Өйткені, ол, біріншіден, ашық 
күресте мұқалған жоқ, екіншіден, оның күйі әлемге тарап, 
өлмес қасиетке ие болды. Демек, халық өзінің әпсанасы арқылы 
«дүниеде өлмейтін нәрсе – адам еңбегі, оның өнері» деген ойды 
тұжырымдайды. Бұл әпсана адамның қабілетін, адамның 
талантын дәріптейді, адамның адалдығын, әділеттілігін 
ардақтайды. Ел мүддесі үшін жасалған жасампаздық іс қана 
адам өмірін ұзарта алады деген ой ай тады халық шығармасы. Ал 
өмірдің өзі де адамға лайықты, Қорқыт ойлап шығарған күйдей 
мазмұнды да әсем болуға тиіс. «Бұл әпсанада қазақ халқы өмірге 
тек өнер ғана сән береді, тек өнер ғана біздерге ерте үйірілетін 
сары уайымнан құтқарады деген ой айта ды»
38
, – деп, Г.Н. 
Потанин өте орынды жазған. Міне, көне мифтен дамып шыққан 
Қорқыт туралы әпсананың қазақ халқымен бірге жасасқан 
уақытында атқарған идеялық және эстетикалық қызметі 
осындай. Жанрлық жағынан алғанда Қорқыт жайындағы бізге 
жеткен шығармалар әпсанаға жатады, бірақ олардың ертегіге 
айнала бастағандары да бар. Соңғыларын ертегіге жақындатып 
тұрған нәрсе – оларда бас кейіпкердің ғұмырын баяндау, яғни 
ғұмырнамалық (биографиялық) циклизацияның орын тебуі 
Қорқыттың (ерекше жағдайда) туу тарихының әңгімеленуі. 
Мысалы, Ахмет Жұбанов мынадай бір варианттың мысалын 
келтіреді. Қорқыт дүниеге келген сәтте оның анасының жа­
нындағы әйелдер жаңа туған нәрестенің бала емес, белгісіз 
бір нәрсе екенін көреді де, бәрі шошып, бейшара ананы жал­
ғыз қалдырып, үйден қашып шығады. Анасы өзінің тапқаны 
мақұлық емес, адам екенін жүрегімен сезіп, үнсіз жатқан 
нәрсені қолына алады да, абыршағынан тазалайды... Кіш­
кентай нәресте пайда болып, ақырын үн шығарады. Анасы 
оны емізе бастағанда, ол жылап жібереді. Тек сонда ғана зәресі 
ұшқан адамдар үйге қайта енеді де, баланың атын бәрімізді 


[
 
 73  
]
қорқытты ғой деп, анасынан «Қорқыт» қоюды өтінеді»
39
. Басқа 
бір варианттарда, мәселен, Қорқыттың туу тарихы былайша 
әңгімеленеді: Қорқыт дүниеге келген кезде жер мен көкті үш 
түн, үш күн қара түнек басып, нөсер жауып, боран болады. 
Сырдария мен Қаратау көрінбей қалады, ел ештеңені айыра 
алмай, дүрлігіп шошыған. Сондықтан жаңа туған баланың 
атын «Қорқыт» деп қояды
40
.
Кейбір текстерде Қорқыт перінің қызынан, көрден шыққан 
диюдан, аққу құстан туған болып көрсетіледі
41
.
Қорқыттың тууына байланысты бұл айтылғандардың бәрі – 
матриархат заманында тотемизмге негізделіп қалыптасқан 
адам ның керемет болып тууына сенімнің өзгерген түрлері
42

Бұл көне сенім кейінгі замандарда фольклорлық мотивке 
айналып, дамыған фольклорда кейіпкерді дәріптеу үшін 
пайдаланылатын көркем тәсіл болған. Мұны Қорқыттың 
керемет жағдайда тууынан да көруге болады. Оның адамдарды 
шошытып, өзгеше бір мақұлық сияқты болып туылуы, немесе 
ерекше ситуация, я болмаса періден, диюдан, т.б. тууының өзі 
жас нәрестенің келешекте керемет адам болатындығына, оның 
тіршілігі мен іс­әрекеті де ғажайып болатындығына меңзейді. 
Ал бұл – көркем жанрдың белгісі. Алайда, қазақ әпсанасы 
кейіпкер өмірін баяндауда көркем фольклордан ауытқиды. 
Мәселен, көркем ертегіде керемет болып туу қаһарманның 
бүкіл өмір жолын көрсетіледі: ол сағат сайын өсіп, тез ержетеді. 
Ержеткен соң қалыңдық іздеп, басқа әлемге сапар шегеді. Осы 
жолда ол көптеген қиыншылықтарды басынан кешіріп, алуан 
түрлі зиянкестерді жеңеді. Ақыр аяғында ол өзіне лайық жар 
тауып, еліне қайтады.
Қорқыт туралы әпсанада бұлай емес: керемет болып туған 
ол әйел іздеп сапар шекпейді. Керісінше, ол өлімнен қашып, 
дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бұл сапарында ол ертегі 
қаһарманы көрген бірде­бір қиыншылықты көрмейді, ешқан­
дай ерлік көрсетпейді. Міне, осы айтылғандардың өзі­ақ 
Қорқыт жайындағы шығармалардың ертегіге айна лып үлгер­
мегенін көрсетсе, Қорқыттың жасампаздық, мәдениет шілдік 
әрекеттері, сондай­ақ бұл шығармаларда космос тура 
лы 
көне мифологиялық түсінік іздерінің сақталуы Қорқыт ту­
ралы қазақ әпсаналарының архаикалық фольклорға жа­


[
  74  
]
қындығын дәлелдейді. Бұл ойымызға қосымша айғақ ретінде 
Қорқыт эпонимінің тарихи семантикасын келтіруге де 
болады. Қорқыт сөзі мен есімі шамандық миф пен дүниетаным 
аясында пайда болып, қазақ халқы ислам дініне енгеннен 
кейін ислам мифологиясына кірген бұрынғы Қорқыт бақсы 
(шаман) енді Қорқыт әулие болып бейнеленген. Бірақ соның 
өзінде исламның діни қағидаларын, оның тағдырға, Алла 
ісіне мойынсыну принциптерін бойына дарытпаған. Керісін­
ше, ол «мұсылманшылық ұғымына, құдай бұйрығына, тағ­
дырға қарсы шыққан...»
43
 Оның бұл қылығы – шамандық 
түсініктердің белгісі. Қорқыт «әулие» деп аталғанмен, оның 
бейнесінде, іс­әрекетінде мұсылман әулиесіне тән ештеңе 
жоқ, ал ол туралы шығармаларда исламға бой ұратын, оны 
уағыздайтын ешқандай діни сарын кездеспейді. Қайта бәрі 
керісінше: «әулие» бола тұра Қорқыт бұрынғы шаман сияқты 
ажалмен алысып, алла әміріне қарсы шығады.
Әпсана – қазақ фольклорының ертегіге жатпайтын көне 
жанр 
ларының бірі. Ол аңыз бен ертегінің аралығындағы 
жанр, қарапайым халық прозасының көркем фольклорға ай­
нала бастаған түрі. Сол себепті ол мифтің де, хикаяның да, 
аңыздың да жанрлық қасиеттерін бойына сіңірген, оларды 
қорытып, көркемдеген, сөйтіп ертегі жанрына жақындаған. 
Демек, әпсана дегеніміз – көркемдігі біршама дамыған, қиял 
мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және кейде 
бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын, бірақ 
мұсылмандық діни түсінікке негізделмеген ауызекі әңгіме. 
Әпсаналық шығармалар әр дәуірде туып отырады. Сондықтан 
олардың ішінде өте көнелері де, кейін пайда болған жаңалары 
да болады. Олар әр дәуірге сәйкес өзгеріп, түрленіп отырады. 
Соның салдарынан кейбір шығармаларға кейінгі заман бол­
мысының оқиғалары, тарихи тұлғалары, сол қоғамның әлеу­
меттік ой­пікірлері енеді, сөйтіп, ол шығармаларға сонылық 
сипат беріп, кейде басқа жанрдың қасиеттерін дарытады. 
Сондай әпсаналардың бір алуаны – Асан Қайғыға байланысты 
айтылатын әңгімелер.
Асан Қайғы туралы шығармалардың басым көпшілігі 
әлеуметтік­утопиялық әпсана болып келеді. Әдетте әпсананың 
бұл түріне қанаушылық қоғам тұсында жүзеге асуы мүмкін 


[
 
 75  
]
емес, сол қоғамды түбірімен өзгертпейінше халықтың бақытқа 
жету, дәулетті өмір сүруі мүмкін емес деген сенімін көрсететін 
шығармалар жатады
44
. Мұндай утопиялық мазмұндағы әң­
гімелердің бір түрі бұрынғы заманда болған өте бақытты, 
«қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» өмірді аңсау болып 
келсе, енді бір түрі Жерұйық, немесе Жиделібайсын деген 
аса құнарлы, малға да, жанға да жайлы, рахат өмір кешуге 
болатын шұрайлы қоныс іздеу болып келеді.
Мұндай екі түрлі баяндалатын шығармалар көптеген 
елдердің фольклорында ежелден бар. Әлеуметтік ой­пікірдің 
тарихын зерттеген ғалымдардың айтуынша «өткен заманда 
рахат өмір болған» деген идея белгілі бір қоғамдық даму ке­
зеңінде барлық халықта пайда болуымен, қоғамдық жеті­
лудің алғашқы қадамдарымен тікелей бай 
ланысты. Онда 
қаналушы төменгі таптардың қоғамның өзгергеніне, қоғам­
дағы әділетсіздікке деген алғашқы, әлі айқындала қоймаған 
көзқарасы, реакциясы көрініс тапқандай. Жаңа таптық 
қоғамдағы қиыншылықтар – енді ескі, бұрыннан келе жат­
қан қоғамдық өмірге, өмір салтына енген жаңалықтардың сал­
дарынан болды деп қабылданып, бұрынғы өмірді дәріптеуге 
әкеледі
45
.
Өте ерте заманда туған бұл идеялар мен сюжеттер халық­
тардың ұзақ тарихи өмірінің қиын­қиын сәттерінде (айталық, 
шапқыншылықтар, елдің үркіп, үдере көшкен уақытында 
немесе бұқара, қарапайым халықтың қатты езгіге түскенінде, 
т.т) қайта жаңғырып, өзгеріп, толысып отырған. Олар қоғам 
дамуының деңгейіне, оларды туғызатын себептерге байланыс­
ты әр түрлі сипатта болады. Мәселен, утопиялық идея мен 
сюжет бірде өткен замандағы рахат өмір, енді бірде алыстағы 
бақыт ты мекен, ал тағы бірде елді бақытсыздықтан құтқаратын 
пат ша (әмір, хан) туралы әпсана түрінде баяндалады. Түптеп 
келгенде, бұл үшеуі – халықтың әлеуметтік утопиясының үш 
түрі, үш сатысы десе де болады. Біріншісі, яғни «қой үстінде 
бозторғай жұмыртқалаған» заман туралы идея – ең бірінші 
саты. Онда әлеуметтік утопияның кешіп жатқан өмірге деген 
наразылықтың бастамасы, алғашқы элементтері бар. Бұл уто­
пия мен наразылық өткен заманды дәріптеу, мадақтау түрінде 
көрінеді. Екіншісінде, яғни құтты мекен туралы армандауда, 


[
  76  
]
бұрынғы өмірді дәріптеу емес, өз тұсындағы болмысқа, кешіп 
жатқан өмірге деген наразылық басым. Мұнда әлеуметтік уто­
пия тұрақты жерден, сол қоғамнан қашып, басқа жаққа көшу 
формасында айтылады. Ал үшінші сатыда халық өзі өмір сү­
ріп отырған қоғамды өзгерту идеясын ұсынады. Бұл идея 
фольклорда қиналған елді сордан құтқаратын пат ша туралы 
әңгіме болып баяндалады.
Қазақ фольклорында халық әлеуметтік утопиясының алғаш­
қы екі түрі (сатысы) байқалады. Бірақ олар ашық жіктеліп, 
бөлін бейді. Соған қарамастан, орнаған қоғамға, өмірге немесе 
әміршіге деген наразылық (протест) пен қарсылық (оппозиция) 
қазақтардың «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман 
мен құтты мекен – Жерұйықты іздеу туралы әпсаналарында 
айқын сезіледі. Кезінде Шоқан Уалиханов былай деп жазған: 
«Қазақтар өздерінің ноғайлармен көрші болған дәуірін ал­
тын ғасыр деп есептейді. Олардың эпостары «Ноғай мен қазақ 
бақытты заманында» деп басталады. Ноғайлар (үлкен но­
ғайлар) XV ғасыр мен XVI ғасырдың басында Жем мен Ордан 
оңтүстік шығысқа қарай («Книга Большому Чертежу» кітабын 
қараңыз) қазақтармен араласа, қазіргі қазақ даласында көшіп­
қонып жүрген болатын»
46
.
Осы жерде бір айтатын нәрсе – Шоқан Уәлиханов алтын 
ға сырды айтқанда, XV ғасырды тегін көрсетіп отырған жоқ. 
Өйткені XIV және XVI ғасырлар арасы қазақ тарихында аса 
маңызды қоғамдық және этно­саяси тұрғыдан алғанда өте 
мән ді кезең еді. Бұл уақытта қазақтың ру, тайпалары бірігіп, 
Қазақ хандығы құрылған. Бірақ бұл процесс өте ұзақ әрі қиын 
болған еді.
Тарихтан белгілі: Шыңғыс ұрпақтары Дешті Қыпшақта 
Жәнібек пен Керей сұлтандар өздеріне қараған ру­тайпаларды 
XV ғасырдың 50­60 жылдарында тұрақты мекендері Еділ мен 
Жайықтан Оңтүстік Жетісу мен Моғолстанға көшіріп әкетіп, 
сонда Қазақ хандығының негізін құрады. Он жылға созылған 
осы қозғалыс қарапайым халыққа, әрине, оңай тиген жоқ. 
Бұл бұрынғыдай жай ғана көшу емес еді. Бұл сұлтандарға 
берген бай­феодалдармен қатар, бір жағынан, тақталасынан 
туған жаугершіліктен мезі болған, екінші жағынан, байлар 
мен сұлтандардың езгісі мен қысымынан қашқан мыңдаған 


[
 
 77  
]
адамдардың үй­ішімен, малымен ауа жөңкуі еді. Және бұл 
бірнеше жыл бойы, алысқа, танымайтын, білмейтін жерге 
азапты сапар шегуі еді. Жөңкіле көшкен елге жол бойы да 
көшіп келген жерде де тауқымет аз болған жоқ. Оның үстіне 
Моғолстанда болып жатқан ағайынды Есен Бұға мен Жүніс 
арасындағы тартыс та босқындардың жағдайын қиындата түсті. 
Мұндай саяси­әлеуметтік жағдай елдің наразылығын туғызбай 
қойған жоқ, халық енді бұл дағда рыстан құтылудын жолын 
іздеді. Оны қиялдан, әлеуметтік утопиядан тапты. Өйткені 
қиыншылықтан, қоғамдық езгіден құтылудың басқа жолын 
халық білмейтін. Ал мұндай ел күйзелген мезгілде әр түрлі 
қиялдың, арманның, утопиялық идеялар мен әңгімелердің 
пайда болып, ел арасында тарайтыны белгілі
47
. Міне, XIV­
XVI ғасырларда орын алған қоғамдық, әлеуметтік, саяси 
оқиғалар, елдің басынан кешірген азабы ежелгі утопиялық 
түсінік пен сюжетті жаңғыртып, оны Асан Сәбитұлының 
есіміне байланыстырып, жаңаша әңгімелеп, әпсана түріне 
айналдырған. Сөйтіп Асан Қайғының Жерұйықты іздегені 
жайын да әпсаналар туып, ел арасына тарады
48
. Құтты қоныс 
іздеу туралы утопияның Асанға телінуі тегін емес еді. Асан 
Сәбитұлы Жәнібек пен Керей сұлтандардың елді атамекені – Еділ­
Жайықтан көшіргеніне, қазақтар мен ноғайлардың бөлгеніне 
наразы болды. Ол қазақ пен ноғай ұлысының бірлігін жақтады, 
Орманбет ханның дәстүрін сақтап, елді ыдыратпауды қалады
49

Өзінің осы ойын ол толғауларында айқын айтады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет