«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Критерий Дескрипторлар



бет10/15
Дата09.05.2022
өлшемі92,19 Kb.
#33373
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Критерий

Дескрипторлар

Балл

Эссені бағалау – 15 балл

көлемі 250-300 сөзге дейін

1

жоспар құруы

1

дәйексөздің дұрыстығы

1

жазу сауаттылығы (пунктуация, орфография)

1

әртүрлі көзқарастарды мысалға алу

1

мәтіннің логикалық, тізбектей берілуі

1

фактілі дәлелдер (аргументтер) бар

1

тақырып толық ашылған

1

өзіндік ұстанымы ұсынылған

1

ойлардың үйлесімділігі

1

салыстыру әдісін қолдану

1

мазмұнын айқын етіп жаза алуы

1

қорытындылау

1

қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау (сілтемелерді рәсімдеу)

1

әдебиеттер тізімінің болуы

1


Презентация
Презентация (латын тілінен praesento – көрсету) – бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) көрсетуге арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.

Презентацияның мақсаты – аудиторияға презентация объектісі туралы толық ақпаратты ыңғайлы формада беру.

Презентация маркетинг және PR құралдарының бірі болып табылады.

Презентация мәтіннің, гипермәтіндік сілтемелердің, компьютерлік анимацияның, графиканың, бейненің, музыканың және дыбыс тізбегінің (бірақ барлығы бірге болуы міндетті емес) бір ортада ұйымдастырылған комбинациясы болуы мүмкін. Сонымен қатар, презентацияда ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжеті, сценарийі және құрылымы бар.

Презентацияның ерекшелігі оның интерактивтілігі болып табылады, ол пайдаланушының басқару элементтері арқылы өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беру үшін жасалған. Техникалық сипаттамалар көрсетілім орнына байланысты өзгереді.

Өзіндік оқу үшін жасалған презентация құрамында бар барлық элементтерді қамтуы, тармақталған құрылымы болуы және презентация объектісін жан-жақты қарастыруы мүмкін. Ол, әдетте, гипермәтін элементтерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бейне көрсетілім үшін жасалған презентация интерактивті элементтерді қамтымайды, презентация нысаны туралы бейнені қамтиды, сонымен қатар мәтіндік және аудио тректер болуы мүмкін. Бұл презентацияның нұсқасы жарнама болып табылады. Электрондық жарнама үшін жасалған презентация хаттың көлемін азайту мақсатында мультимедиялық құралдарды аз пайдалана отырып жасалады.

Ұялы телефондар мен смартфондарға арналған қосымшалар форматындағы презентация портативті құрылғыларда қарау кезінде жасалады.

Білім беру мекемесіндегі іс-шараларға арналған танымдық презентация, сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,

шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:



  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

  7. Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

  9. Егер сіз жалғыз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз мәтініңіздіі басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Презентация оқу жұмыс бағдарламасының 2 және 6 аптасына сай тақырыпқа жасалады. 2-апта тақырыбы: 1. Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын және өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз. О. Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің 2. Библиографиялық очерктерін қараңыз. 3. Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы презентация дайындаңыз.

6-апта тақырыбы: 1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді талқылаңыз.

2. «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
Презентацияны бағалау критериі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет