Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады


Мәліметтер қорларының негізгі түрлері



бет3/26
Дата08.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#36560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Мәліметтер қорларының негізгі түрлері

Мәліметтердің сақталу принциптері бойынша мәліметтер қорын бірнеше негізгі типтерге бөлуге болады.:

  • иерархиялық;

  • желілік;

  • реляциялық;

Иерархиялық мәліметтер қорлары 60 жж басында қолданылды. Олар қарапайым ағаш түрінде құрылған. Осы жердегі мәліметтер екі категорияға бөлінеді: басты және бағынышты. Осылайша, объектінің типі басты, ал иерархияның төменірек сатыларында орналасқан объектілер – бағынышты болады. Иерархиядағы ең жоғарғы объект – түбірлі, ал басқалар тәуелді объектілер деп аталады.
Желілік мәліметтер қорлары. Олар иерархиялық мәліметтер қорларымен бір уақытта қолданыла бастады. Бұл қорларда кез келген объект басты да, бағынышты да бола алады.
Реляциялық (англ. Relation - қатынас) мәліметтер қоры 70 жж бастап, бағдарламалауда қолданыла бастады.Осындай қорларда объектілер мен олардың арасындағы байланыстар баған мен жолдардан тұратын тік бұрышты кестелер түрінде көрсетіледі. Әрбір кесте мәліметтер қорының объектісі болып табылады.
Реляциялық мәліметтер қорының кестелерімен келесі әрекеттер жасауға болады:

  • кестені құруға немесе оның құрылымын анықтауға:

  • кестенің құрылымын өзгертуге;

  • кестенің атын өзгертуге;

  • кестені дискіден жоюға;

Мен мәліметтер қорларының мысалы бола алатын кішігірім қосымшаны жазу мақсатында Delphi визуалды бағдарламалау тілін таңдадым. Себебі, осы тілдің басқа объекті бағытталған тілдерге қарағанда мәліметтер қорларымен жұмыс жасауға мүмкіншілігі көп.

    1. Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары

Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қоры кестелерінің бірнеше форматтарын қарастырайық.
Delphi бағдарламалау тілінің өзіндік кестелер форматы жоқ, бірақ ол көптеген сыртқы форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдарға ие.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорларының серверлік кестелеріне:

  • DB2;

  • Informix;

  • InterBase;

  • Microsoft SQL Server;

  • Oracle;

  • Sybase жатады.

Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын мәліметтер қорының локальді кестелеріне:

  • Microsoft Access;

  • dBase;

  • FoxPro;

  • Paradox жатады.

Delphi көмегімен құрылған қосымша мәліметтер қорына BDE (Borland Database Engine) мәліметтер қорларының арнайы процессоры арқылы қол жеткізеді.
BDE – мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін драйверлер мен динамикалық түрде байланысқан кітапханалар (*.dll файлдары) жинағы.
Мәліметтер қорларының BDE процессоры dBase және Paradox типті мәліметте қорларының кестелерімен өте эффективті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мәліметтер қорларының кестелеі мен қосымшаларының өзара орналасуына байланысты, мәліметтер қорларды екі үлкен топқа бөлуге болады:

  • локальді;

  • клиент-серверлік;

Локальді – кестелері, олармен жұмыс істейтін қосымшалар орналасқан компьютерлерде болатын мәліметтер қоры.
Локальді мәліметтер қорлармен жұмыс істейтін қосымшалар – бір ярусты (single-tiered applications) деп аталады, себебі қосымша да, мәліметтер қоры да бір компьютерде (яруста) орналасқан.
Кестедегі мәліметтерді алу сондай-ақ көп қолданушылық та бола алады. Осындай вариант сервер мен компьютерлер желісін көздейді. Мәліметтер қорын ұйымдастырудың бұл тәсілі файл-сервер деп аталады.
Осы архитектураның бірқатар кемшіліктері бар:

  • Мәліметтер қорларының көшірмелерін жасау жән олармен бөлек компьютерлерде жұмыс істеу үшін бүкіл мәліметтер қорының белгілі бір мерзім сайын жаңарту қажеттігі туады. Бұл желілік трафикті жоғарлатады және бүкіл жүйенің жылдамдығын азайтады;

  • Бір қолданушы мәліметтерді өзгерткен жағдайда олар басқа қолданушылардың мәліметтер қорларының локальді көшірмелеріне бірден бармайды, сондықтан кезкелген қолданушы ескірген ақпаратты көре алады;

  • Қолданушлардың жұмыстарын синхронизациялау қажет. Ол қолданушы жұмыс істеп жатқан жазбаларға басқа қолданушылар үшін уақытша тыйым салуға негізделуі қажет. Осылайша, бір жазбаға бірнеше компьютерден бір уақытта қол жеткізу мүмкін емес болады;

  • Мәліметтерді алуға бақылау жасауды ұйымдастыру, қолданушыны идентификациялау және мәліметтердің бүтіндігін қолдаумен бірқатар қиындықтар бар.

Келтірілген кемшіліктер клиент-серверлі мәліметтер қорында жоқ.
Клиент-сервер мәліметтер қоры – кестелер желінің серверінде орналасқан, ал осы кестелермен жұмыс істеуге арналған қосымшалар серверге қосылған қолданушлардың компьютерлерінде (клиент) орналасқан мәліметтер қоры.
Клиент-сервер мәліметтер қоры сұраулар көмегімен SQL (Structured Query Language) тілінде жұмыс істейді. SQL-сұраулар серверде орналасқан мәлметтер қоры кестелерімен жасалатын кез келген операциялары үшін орындалады.
Мәліметтер қоры клиент-сервер қосымшаларында бүкіл ақпараттық жүйе екі түрлі бөлікке бөлінеді:

Мәліметтер қоры клиенті – сұрауларды қалыптастыру және серверге беруді, сондай-ақ алынған нәтижелерді көрсетуді қамтамасыз ететін қолданушының қосымшасы.
Мәліметтер қоры сервері – қашықтықтағы мәліметтер қоры басқаратын және клиенттердің сұрауларының орындалуы мен оның нәтижелерін беруді қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама.
Клиент-сервер мәліметтер қоры жұмыс істейтін қосымшалар екі ярусты немесе көп ярусты қосымшалар (two-tiered and multi-tiered applications) деп аталады.
Осындай архитектураның келесі артықшылықтарын ажыратуға болады:

  • Бүкіл мәлімет қоры емес, тек қажетті ақпаратты жіберу. Бұл желінің трафигін төмендетеді.

  • Мәліметтермен жасалатын жұмыстың бір бағдарламамен, яғни мәліметтер қоры серверімен орындалатынына байланысты мәліметтердің қауіпсіздігін және қолданушылардың жеке топтары үшін ақпаратты алу құқығын орнату мүмкіншілігін қамтамасыз ету.

  • Мәліметтерді өңдеу мен оларды алу жолын қамтамасыз ету үшін қажетті кодты қысқарту есебінен клиенттік қосымшалардың қарапайымдалуы.

Сервер мен мәліметтер қорының өзін жүргізу үшін арнайы маман қажет. Оны мәліметтер қорының администраторы деп атайды.
Delphi мәліметтер қорларымен жұмыс істеудің күшті құралы болып табылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет