Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы


ЖСТД 2 денгейіндегі түзету жұмысының мазмұны



бет7/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ЖСТД 2 денгейіндегі түзету жұмысының мазмұны.

Оқытудың екінші кезеңі – сөздің бірінші түрі.

Логопедиялық ықпалдың негізгі міндеті: балаларды екі сөзді сөйлемді дұрыс құрауға үйрету, жеке күнделікті қолданатын сөз тіркестерін жаттату, сөздің екпінді буындарын айтуға үйрету, бөтен сөйлеу тілін түсіну көлемін кеңейту. Бұл кезеңде логопедиялық жұмыс 2,3,4 аморфты сөзді ешбір грамматикалық байланыссыз біріктіру мүмкіндігі бар балалармен жүргізіледі. Балалардың аморфты сөздері 1-2, сирек 3 буыннан және сөздік- дыбыстық еліктеуден тұрады. Сөздің сандық қоры және аморфті сөйлемнің көлемі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ баланың сөйлеу тілінің аномальды даму кезеңінің сипаттық белгісі- сөз өзгеру қабілетінің толық болмауы. Сөйлеу тлі дамуының қарастырылып отырған денгейдегі балалрдың әр түрлі буындық құрылымдағы сөздерді қайта айту қабілеті сөздерді сөйлемге біріктіру мүмкіндігімен тығыз байланысты. 2,3 сөзді тіркес пайда болғанда, еліктеу бойынша 2,3 күрделі сөзді қайталап айту мүмкіндігі туады (машина – матина, асина, балапа – бапалан, алалан).Қолданыстағы сөздердің фонетикалық құрамы сөйлеу тілінің ерте онтогенезінің дыбыстарымен шектелген.Балалармен жүргізілеті логопедиялық жұмыстың басты шарттарының бірі- сөйлеу тілінің мәндік жағының дамуына себеп болатын іс-шараларды өткізу.Логопедиялық жұмыстың қорытындысы: ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша осы кезеңде балалар екі сөзді сөйлемді синтаксистік және грамматикалық дұрыс құрастыруды, атау және ілік септігін кейбір сөзде қолдануды, үстеуді қолдана отырып өз қалауын білдіруді үйренуі тиіс. Балалар жаттанды сөздегі екпіннің орнын менгеріп, екі немесе үш күрделі сөздің ырғақты-интонациялық құрылымын айта білуі тиіс. Сөйлеу тілін түсінуінде балалар заттар мен олардың қызметін сәйкестендіруі, басты белгілерін суреттеу бойынша затты тануы тиіс.



Оқытудың үшінші кезеңі – қос құрамды сөйлем Логопедиялық ықпалдың негізгі міндеті: балаларға сөйлемді дұрыс құрай білуге, үш құрамды сөздердің ырғақты-буындық құрамын қайталауын, сөйлеу тілі түсінуінде грамматикалық формаларды ажыратуын үйрету. Бұл кезеңде сөйлем көлемі 2-3 сөзге дейін артқан балалармен жүргізіледі. Белсенді сөздік қоры жаңа сөздермен толғанмен, ол сөздер нақты бағытта қолданылмайды. Мысалы, балалар заттың атын іс-әрекеттің атымен шатастырады, я керісінше. Бір сөзбен әр түрлі заттарды атайды, керісінше бір затты әр жағдайда әр түрлі атауы мүмкін.Үшінші кезеңін аяғында балалар бастауыш пен баяндауышты жекеше және көпше түрінде үйлестіре бүлулері керек. Бұл кезде дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. Сөйлеу тілі түсінуінде кейбір грамматикалық формаларын, жеңіл әңгімелерді, ертегілерді түсінуі қалыптасады.

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет