Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет3/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#50773
1   2   3   4   5   6   7   8
Грамматикалық тапсырма: «Сазгерлік» сөзіне фонетикал талдау жасаңдар
 
Түсіндірме диктант
МОМЫШҰЛЫНЫҢ КІТАБЫ
Александр Бектің "Волоколамск тас жолы" кітабы бүкіл дүние жүзінің көп елдерінде басылып шықты. Ол — ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, грек, фин, араб тілдеріне аударылды. Финляндияда, Кубада әскери академияда арнаулы сабак ретінде өтеді.
Подполковник Мұқан Омарбаев Ташкент каласындағы Рахимов станциясының маңында тұрады. Ол екеуміз төрт жыл майданда бірге болдық. Ол — менің сонау соғыстан бері арамыздан қыл өтпеген ескі досымның бірі. Осыдан 2-3 жыл бұрын Ташкентке соқтым. Мұқан елдің хал-жайын сұрап, мәз-мейрам болып қалды.

  • Бауыржанның халі қалай? — деді ол бір сөздің ретінде. — Көріп жүресің бе?


  • Көремін. Аман-есен.


  • Менде Бауыржанның "Москва үшін шайқас" дейтін кітабы бар, — деді подполковник. — Сендерді сағынған сайын сол кітапты бір оқып қоямын. Ал енді бұл — нагыз ерлік кітабы ғой, шіркін! Сонымен бірге мен оны адалдықтың, арлылықтың, адамгершіліктің, отаншылдықтың жарғысы деп білемін.




Грамматикалық тапсырма: «Адалдықтың, жарғысы, әскери» сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
 
Бақылау диктант
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ
Шоқан (толық аты — Мұхамед-Қанапия) Көкшетау облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның әкесі Шыңғыс — Абылай ханның шөбересі, Ресей патша әскерінің полковнигі, қазақ сұлтаны. Отбасында үлгілі тәрбие алады, сауат ашып, сурет салуды үйренеді.
Шоқан 1853 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусын бітіреді. Оның араласқан адамдары Г.П. Потанин, Н.Ф. Аненский, П.П. Се-мёнов-Тяньшанский, Ф.М. Достоевский сияқты көрнекті тұлғалар болды. Уәлиханов Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді. Ғылым академиясы мен Орыс География қоғамы жұмыстарына белсене араласады. Ол Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістанды аралай жүріп, осы жерлерді мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты құнды мәліметтерді жазып алды. Тарихшы публицист, географ, музыка танушы, археолог, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлиханов туған халқы үшін көп еңбек етті, оның салт-дәстурін, әдет-ғұрпын, дінін, тілін және тұрмыстық ерекшеліктерін зерттеді. Оның аса маңызды еңбектері: «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қыргыздағы шамандық іздер», «Қырғыз шежіресі», «Жоңғария очерктері», т.б. Шоқан Уәлиханов Алтынемелдегі Көген-Тоған елді мекеніне жерленген. Оның туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсанында мемориалды кешен салынды. (141 сөз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет