Тақырыбы: «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» Мақсаты



бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#77690
  1   2   3   4
Байланысты:
Наурыз


Тақырыбы: «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстурін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін, ұлттық салт – дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. 
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар, т.б. 
Барысы:
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық (Шашу) шашу шашылады.

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.


Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар


Келген мына мерекеге қараңдар
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер
Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар
Тойла бүгін тауларым мен боз далам
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам
Қайта оралған намысымдай наурызым
Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым
Наурыз мерекесімен құттықтап, сайысымызды салтанатты түрде ашуы үшін сөз кезегін ___________________________________________________________________береміз

Көктем келді наурыз келді


Жер көгерді тал гүлдеді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан
Наурыз келді тойға ұласқан
Наурыз тойы құтты болсын
Жер көгеріп малға толсын
Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,
Көптің көңілі жай болсын!
Сайысымызға әділ төрелік етіп, сайыскерлеріміздің өнері мен біліміне баға берер әділқазыларымызбен таныс болыңыздар
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет