Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Балалардың есін дамытудағы жұмыстар Орындаған: Қожықов Б. Т. Тексерген: Курмантаева А. А. Ақтөбе 2021 ж Мазмұны


Есте сақтаудың диагностикасы мен жылдамдығын анықтау



бет6/9
Дата30.03.2022
өлшемі72,24 Kb.
#29297
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Есте сақтаудың диагностикасы мен жылдамдығын анықтау
Сізге 7-8 мәрте қайталап жаттап алып қателеспей еске түсіріп айтып беру үшін жүздіктерден құралған 20 сан берілді. Ол сан қатары мынандай болуы мүмкін: 659, 826,184,927,541,239,486,712,594,172, 368,513,649,278,153,497,351,916,276,148

Оны жаттау былай өтеді:

Әрбір кезекті тыңдағаннан кейін (тәжірибеші қатарды басынан аяғына дейін өзі оқиды) сандардың арасындағы интервалда бір адам барлық сан қатарын еске түсіруге тырысады. Оның дұрыс жауаптарын тәжірибеші белгілеп отырады.

Есте жаңғыртудың нәтижелері барлығын тыңдағаннан кейін еске түсіріледі. Мұнда көлденең – есте сақтауға тырысқандары көрсетіледі, ал тігінен - әрбір дұрыс жауаптың мөлшері беріледі.

Нәтижелерді талдау және қорытындылау.

Тәжірибе қорытындысы бойынша есте сақтау процесінің жылдамдығы мен динамикасын анықтау үшін жасалған. Егер қисық жайлап жоғарыға көтерілсе, (біріншіден соңғы жауапқа дейін), онда ол адамның есте сақтау динамикасы жақсы, егерде қисық графиктердің кейбір бөлшектерінде жоғары көтеріліп, ал кейбір жерінде көлденең кетсе, онда ол адамның есте сақтау динамикасы орташа. Егер қисық біресе төмен, біресе жоғары орналасса онда ол адамның есте сақтау динамикасы нашар.

График бойынша есте сақтау жылдамдығын былай анықтаймыз: егер де 8-10 қайталауда адам 15-20 ға дейін санды есте сақтап айтып берсе, онда оның есте сақату жылдамдығы үздік. Егер де адам 10-нан 15-ке дейін санды есте сақтаса онда оның есте сақтау жылдамдығы жақсы. Егер де нәтижесі 8-ден -10-ға дейін сандар болса, онда оның есте сақтау жылдамдығы орташа. Егер нәтиже қорытындысы 6-8 саннан тұрса, онда ол есте сақтау жылдамдығы нашар адамды көрсетеді. Ал нәтижесі 4 немесе одан аз сандар болса, онда ол адамның есте сақтау жылдамдығы өте нашар.

Естің басым түрлерін анықтау үшін әртүрлі жолмен есте сақтау үшін материал беріледі: көру немесе есту. Осы жағдайда әртүрлі жолмен есте сақтаған материал жеке-жеке бағаланады, теңестіру нәтижесінде естің басым түрін анықтайды. Есте сақтау үшін мысалы 4 түрлі сөздер тобы беріледі:



  1. Қол, шкаф, перо, сағат, үстел, ой, терезе, қарбыз, жемпір.

  2. Радио, аяқ, терек, аяз, шайба, қарға, кесте, карта, батырма, шам.

  3. Машина, дауыс, столба, кілем, иіссу, станок, топ, жиһаз, етік.

  4. Рамка, ат, таразы, скрепка, жолбарыс, костюм, айыр, жар, гүл, сан.

Бірінші жағдайда бірінші қатардағы сөздер оқылады. Кейін екінші қатардағы, екінші жағдайда, ол өзі 3 және 4 қатардағы сөздерді оқиды (сөздер алдын-ала бетке жазылуы керек, әрбір қатарды оқу үшін он секунд беріледі). Содан кейін адам қатарды есіне түсіріп қайталайды.


Салыстыра келіп одан қорытынды жасалады. Қай түрі есте қалады екен, қай түрі продуктивкалау. Алдын ала 2 жинақ әзірленеді, әрқайсысында 20 сөзден. Бұл сөздер дерексіз мағына береді:

  1. Санкция 1. Бейне

  2. Фантазия 2. Абстракция

  3. Бағыттау 3. Субстанция

  4. Қорытынды 4. Қарым-қатынас

  5. Мүмкіндік 5. Өмірлік бағыт

  6. Эстетика 6. Талқылау

  7. Интуиция 7. Мүмкіндік

  8. Қызығушылық 8. Интонация

  9. Шыдам 9. Күмән

  10. Түсінік 10. Зұлымдық

  11. Ойлау 11. Мағына

  12. Кеңістік 12. Тұрақтылық

  13. Нақыл 13. Қабылдау

  14. Аулақтық 14. Бағытталу

  15. Заңдылық 15. Ойластыру

  16. Жалғыздық 16. Шаттану

  17. Білу 17. Алдау

  18. Қабілет 18. Тыныштық

  19. Индукция 19. Аналогия

  20. Шығарма 20. Немқұрайдылық

Диагностика екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, сізге бірінші қатардағы сөзді араларына 1 секунд салып оқиды. Сосын сіз еш көмекші құралдарсыз сол қатарды еске түсіресіз.

Екіншісінде 2 қатарда осылай оқылады. Бірақ мұнда сізге әрбір естілген сөзге белгі қоюға мүмкіндік беріледі. Екінші қатар тыңдалғаннан кейін, сіз белгіңіздің көмегімен еске түсіріп айтасыз. 1-2 жағдайда да. Осы қорытынды бойынша ойыңызды жинақтап қайталап отырасыз. [1. 190]

Даярлық тобындағы балалардың есі арнайы тапсырмаларды еске түсіру матеиралды сақтау құрылысы. Мұндай топшылаудың көпшілігі оның есінде толық туындайды. Туынды есте сақтау біріншіден еске түсіру материалы ойындарды мектеп жасына дейінгі балаларда формаланады. Бұл мектептегі балалардың орташа дамуы механизмдік және психологиялық ес. Бұл оқушылар салыстырмалы жеңіл шарттарға емес, егер ол қызығушылық туғызса және баланың өдері қызыққан болса онда олар тез есте сақатйды. Мұндай есте мектептегі оқушылар риза болып үйдегі тапсырманы орындауда, көрген естігендерді білуге бағаланады. Естің дамуы баланың ойлауының дамуымен байланысты. Алғашқы қызығушылық бұл экспериментте мектепке дейінгі фактордың келесі нұсқауды таңдайды. Мына элементтер қатарына нұсқаулар қажет:

1. Кейбір тең емес сұрақтардың таңдалуы, салмақты

2. Ұзын және қысқа сұрақтарды таңдау.

3. Орташа және ұзын қысқа сұрақтардың топтарын құру

4. Дұрыс логикалық ұйымдастырудың өте қысқа жауапкершілігі.

Ойын үстінде бала затты ойыншықпен немесе кезедйсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына ауыстырып қана қоймай, зат жануа басқа адамдар орнына өзін де қолдайды. Соынмен, ойын баланы символдарды қолдануы оның психикасының дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір обьектіні екінші обьектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық функциялардың дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-ойының мазмұндық жағы және басқа адамдарға тән қабілеттері елеулі өзгереді. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек оңай ажыратылады. Ойын шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына әсер ететін заттарға айналатын іс-әрекетттер мен сюжеттер мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Тілдің дамуына ойын үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысында қатысты өз тілектерін тсүінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұлғайтатын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздықтар тілдің дамуына себепкер болады. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде жалпылама мағынасын қолдануды үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды сөздің жаллама мағынасын қолдануды үйретеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табьылады. Мәселен затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда таңдалынған нәрсе біріншіден жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі, екіншіден осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастады.

Образдық немесе бейнелеу есі. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда да, қайта жаңғыртуда да көрініп тұратынын айтамыз. Осыған байланысты суретшілер мен архитекторлар, жазушылардың есі көбінесе нақты көрнекі болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын еске түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдына жақсы келтіретін болады. Мысалы: Францияның карикатурашысы Говарни бір көрген адамның бет-ажарын тануда орасан зейінді болады. Ол көшеде серунедеп жүріп, кенеттен қасындағы жолдасына, қарашы мынау адам есіңізде ме» деп айтады екен. Танысы: «Жоқ білмеймін десе», «қалай білмейсіз осыдан 10 жыл бұрын пәлендей көшеде кездестірген жоқ па едік. Сонда бұл адамның есте сақтау қабілетінің күшті екенін көріп тұрмыз. Сонымен қатар образдық ес табиғат суреттерін, жиһаздарды, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жаңғыртуға көмектеседі. Іс жүзінде естің әртүрлі өзара байланысты жағдайда кездеседі, кез келген әрекет процесінде белгілі бір материал екі және одан да көп ес түрінің көмегімен есте сақтайды.

Механикалық есте қалдыру бұрын қабылдау арқылы алынған бейнелерді форма немесе мағына жағынан ешбір өзгеріссіз дәлме-дәл келуін негіздейді. Механикалық ес көбірек қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген дейді.

Мектеп жасына дейінгі баланың интеллектуалдық дамуы: қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады, бұлай болу себебі бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа бірақ алдағы дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстырудан үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балада өмірлік мәселелерді үш түрлі көрнекі, әсерлі, бейнелі ұғымға сүйенген логикалық пікірлесу тәсілдері шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын ол соғұрлым практикалық байқап көруді жиі қолданады. Есейген сайын ол көрнекі бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді. Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту негізіне ақыл ой материалдық заттар мен жасалынатын шынайы елестеткен ішкі ықшамдалған әрекеттерге және жасалынатын шынайы елестеткен ішкі ықшамалған әрекеттерге және ақырында нақты заттар, елестер немесе ұғымдардан бүтіндей ішкі жағдайын жүзеге асатын іс-әрекетінде ауысады.

Ушинский есте сақтаудың белсенді шығармашылық материалының оқушының қабілетінің дамуын, және есінің қалыптасуына түсінік қажет деп айтқан. Көптеген белсенді форма туындысы еске түсіру болып табылады. Еске түсіру процесс уақытша байланыста белсенді түрде еске түсіру оқушыға түсіндірілген қысыммен байланысты.

Ушинскийдің бақылау белгісі бойынша оқушылар ұмытып қалғанын есіне түсіруге қарсы болады, бұл ерекшелікке оқушыларды сілтей отырып, Ушинский былай деп жазады:

«Есте сақталған бұл еңбек әрқашанда қиын, ол үшін балаларды жасынан үйрету қажет». Даярлық тобының балалары оқу процесінде сыртқы сапалы жақтарын тексереді. Олар өздерінің назарында материал қайталанды ма? Тәрбиеші айтқандай назар аударды ма?

Осыған негізгі қорытынды береді. өзін-өзі бақылаудың жалпы сапасы оқушының дұрыс жақтарын тексеріп материалды дұрыс қарастырды ма? Осы тұрғыда бақылау 3-4 сынып оқушыларында бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет