Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет16/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
1.3.9. Зерттеу дерегін нәтижелеу

Азықтың орташа үлгісі ауалы-құрғақ күйде зерттеледі. Оның дерегін мал азықтандыруда пайдалану үшін табиғи ылғалдылықтағы (ТЫ) немесе абсолютті-құрғақкүйдегі азыққа (АҚ)ауалы-құрғақ азықтағы зат мөлшері (а, %) мен алғашқы ылғал (АЫ, %) және гигроскоптік ылғал (ГЫ, %) бойынша келесі жолмен есептейді:


ТЫ = а (100-АЫ) : 100, % АҚ = а х 100 : 100, %

Азық химиялық құрамы, %



Қоректік зат

Ауалы құрғақ үлгіде

Абсолютті-құрғақ азықта

Табиғи ылғалды азықта

1. Алғашқы ылғал
2.Гигроскоптік ылғал
3. Жалпы ылғал
4. Құрғақ зат
5. Органикалық зат
6. «Шикі» протеин
7. «Шикі» май
8. «Шикі» жасұнық
9. «Шикі» күл
10.АЭЗ

-

-
-
100,0




Ескерту. "Шикі" май мөлшері - абсоютті-құрғақ күйіне дейін кептірілген азықта, қалған қоректік заттар — ауалы-құрғақкүйіндегі азық үлгісінде анықталады.

Ауалы-құрғақ күйіндегі азық үлгісін нығыз жабылатын шыны ыдыста сақтап, қажетті жағдайда зерттеулерді қайталайды. Абсолютті-кұрғақ затқа шаққандағы зерттеу нәтижесін ғылыми зерттеулер жүргізгенде, ал табиғи азықтағы көрсеткіштерін шаруашылықтағы мал азықтандыруда пайдаланады.




Білім деңгейін тексеру сұрақтары
Мал өнімділігіне азықтандырудың ықпалы. Пән дамуына үлес қосқан ғалымдар. Азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші. Негізгі қоректік заттар тобы. Өсімдікпен салыстырғанда мал денесінде қай қосынды болмайды? Құрғақ зат құрамы? Алғашқы және гигроскоптік ылғалдылықты анықтау температурасы. Протеиндегі азот мөлшері. Майдағы көміртек мөлшері. Азық протеиніне не жатады? Протеиннің қоректенудегі маңызы. Белоктан тыс азотты қосындылар атауы. Оларды қай мал жақсы игереді? Мал азығында қолданылатын азоттық қосындылар. Азық көмірсулары, олардың қоректік маңызы. Жеңіл және қиын қорытылатын көмірсулар?Жасұнықты қай мал жақсы қорытады?
Ac қорыту жолындағы микроорганизмдердің мал қоректенуіне себептесуін не деп атайды? Майдың коректенуіндегі маңызы. Ауыспайтын май қышқылдары. Мал денесінде белок қай қосындыға дейін ыдырайды? Витаминдердің қоректенудегі қызметі. Азық витаминдері қай топтарға бөлінеді? А витаминінің өсімдіктегі түрінің аты. Е, Д, В6 витаминдерінің атауы. Каротинге, В тобының, Д дәрумендеріне бай азықтар. Азық минералдық заттары қай топқа жатады? "Шикі" күлді анықтау температурасы, құрамы. Биологиялық пәрменді заттар қызметі. "Шикі" жасұнық, АЭЗ, органикалық зат құрамы.
Ауыспайтын аминқышқылдары. Протеин алмасуын көрсететін элемент. Микроэлементтер. В12 витамині құрамына кіретін микроэлемент. Органикалық затты есептеу. Пішендегі клетчатка мөлшері. 1 г май тотыкқанда бөлінетін энергия. Көк балауса ылғалдылығы. Йод қай қосынды құрамына кіреді? Малға улы қосындылар. Майы көп азықтар. Көмірсуларды құратын элементтер. "Шикі" протеинге кіретін қосындылар. Крахмалға бай азық. Азотты протеинге айналдыру коэффициенті. "Шикі" май кіретін қоректік заттар тобы. Тек мал денесінде кездесетін қосынды.
Амидтер қай заттар тобына жатады? Тек өсімдікте болатын көмірсу. Қан құрамына кіретін элемент. Кобальт қай витамин құрамында болады? Қай азық протеині құнарлы? Майда еритін витаминдер қайсысы? Күнжара мен шротта канша протеин болады? Балық ұнында қанша клетчатка болады? Сақа мал денесінде қанша су болады? Азотсыз заттарға қайсысы жатады? Қай витаминнің жетіспеушілігі рахитке соқтырады? Өсімдіктің қай бөлігі майға бай? Микроэлементтер. Органикалық элементтер. А витаминінің алғашқы түрлері? Азық азотын анықтау әдісінің авторы. Қай қосынды мал денесінде болмайды? Каротинге қай азық бай? Мақта дәніндегі улы зат.

II. АЗЫҚ ҚОРЕКТІЛІГІ


Мал организмінде үздіксіз жүретін зат алмасуына қоректік заттар азықтармен жеткізіледі. Демек, азық қоректілігі оның мал тіршілігі мен өнім өндіруіне қажет қоректік заттар жеткізу деңгейімен бағаланады. Ол жеткізу дәрежесі қоректік заттардың азық құрамында шоғырлануына, малғажегізілгеннен кейінгі қорытылуы мен игерілуіне байланысты болады. Сондықтан азық қоректілігін осы көрсеткіштерімен бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет