РЕФЕРАТ Зат және энергия алмасу. Тағам рационы. Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау. Энергия алмасу ерекшелігі.
Орындаған: Еркинбекова Асель Тобы: 101-Б Фармация Қабылдаған: Егизбаева А.Н.
Алматы 2023
ЖОСПАР КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зат және энергия алмасу
Тамақтану
Тамақтану режимі
Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау
Энергия алмасу ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зат алмасу-тірі организмдерге тән қасиет.Қоршаған ортамен зат алмасу-барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп,басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Нәруыздар аминқышқылдарына,көмірсулар глюкозаға, майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін энергия бөліп ыдырайды.Олар қан мен лимфаға өтіп, біздің денеміздің мүшелерінің барлық жасушаларына жеткізіледі. Жасушаларда біздің организмімізге тән нәруыздар, майлар мен көмірсулар биосинтезінің химиялық реакциялары жүреді. Бұл биосинтезге күрделі органикалық қосылыстар ыдырағанда бөлінген энергия жұмсалады. Яғни, биосинтезбен бірге бұрын синтезделген заттардың ыдырауы жүреді. Демек, бір процесс барысында энергия жұмсалады және жинақталады,ал келесі процесс барысында, керісінше энергия бөлінеді. Осылай организм сыртқы ортадан оттек, органикалық заттар, минералды тұдар мен су алады. Сыртқы ортаға зат алмасудың соңғы өнімдерін:көмірқышқыл газын, су мен минералды тұздардың артық мөлшерін, сондай-ақ несепнәр (мочевина), зәр қышқылының тұздары мен басқа заттарды бөледі. Демек, организм мен сыртқы орта арасында зат және энергия алмасу үздіксіз жүреді, оның негізінде өзара тығыс байланысты, бір-бірінен ажырағысыз екі процесс жатыр. Бұл- пластикалық алмасу және энергетикалық алмасу.
Пластикалық алмасу- биосинтез реакцияларының жиынтығы; жаңа жасушалар, олардың органоидтері иен жасушаарлық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасушаның бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады.
Энергетикалық алмасу- жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс.
Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері бір мезділде жүреді, олар өзара тығыз байланысты, бірақ жүру қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас кезде организм өседі әрі дамиды, оның жасушалары қарқынды бөлінеді. Бұл кезде пластикалық алмасу басым жүреді. Қартайған кезде, керісінше, энергетикалық алмасу басымырақ жүре бастайды.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мерзімділігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
Таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;
Түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;
Кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
Аралық тамақтану:
Таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;
Түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран.
Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді болатын сияқты: таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түнгі уақытта жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар, тамақты түнгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.
Сондай-ақ тамақты бірқалыпты қорыту үшін тамақтық температуралық режимінің маңызы зор. Ыстық тамақтық температура 50— 60 С аспауы тиіс, ал суық тамақтық температурасы, әдетте, 10оС төмен болмауы керек.
Оксиспирография – адам денесінде газ алмасуын зерттеуге, яғни белгілі
бір мерзім ішінде сіңірілген оттегі мөлшерін анықтауға арналған аспап. Ол оттегіне толған резеңке сильфонынан, құрғақ
көмір қышқылды газ сіңіргіш пен клапанды қораптап тұрады. Аспаптағы ауа
өкпеге, өкпеден (аспапқа) қайтып оралған кезде оттегі азаяды да, оның
мөлшері теңестірілген сильфонға әсер етеді. Дем шығарған кезде ауа көмір
қышқылды газ сіңіргіштен сильфонға оралады. Біртіндеп оттегі азаюына
байланысты сильфонның қақпағы жылжып төмен түседі де осы сәтте
таспаның қаламына тиіп, оны жылжытады. Таспа минутына 50 мм жылжиды.
Тағамның құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді. Энергетикалық алмасуды кейде диссимиляция (лат. dissimilis - бөліну) деп те атайды. Соңғы кезде катаболизм (гр. katabole - төменге карай құлдырау) сөзі жиірек қолданылады.
Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30%-ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60-70%-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады. Ағзаның жұмсаған энергиясының мөлшері белгілі бір уақыт аралығында бөлінген жылудың мөлшерімен есептеледі. Жұмсалған энергия джоульмен, калориямен өлшенеді. 1 ккал 4,19 кДж-ға тең. 1 калория дегеніміз — 1 грамм суды 1°С көтеруге қажетті жылу мөлшері. Энергияны өлшеу бірлігі - джоуль (Дж).
Энергетикалық алмасу кезіндегі ағзалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тынысалу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшыкеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. Энергетикалық алмасу кезінде ағзадағы барлық қимыл-әрекет, ой еңбегі және т.б. жұмыстар жүзеге асады. Сондықтан да ағза өзінің тіршілігін жалғастыру үшін оқтын-оқтын тамақтанып тұруы қажет.
Ересек адамдар орташа есеппен тәулігіне 7117 кДж энергия жұмсайды. Олай болса, ағзаға тәулігіне 7117 кДж энергия бөлінетін құрамында ағзалық заттары бар тағам пайдаланылғаны дұрыс. Адамның энергия жұмсауы орындайтын жұмысына, көңіл күйіне, мамандығына және т.б. жағдайларға байланысты. 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 1 кг дене салмағына тәулігіне орташа 210- 270 кДж энергия жұмсалады.
Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең.
Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады.
Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген карамайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.
Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (гр. аеr- «ауа») жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 ккал, оттекті кезеңінде 674 ккал энергия бөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді.
1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДж энергия бөлінеді. Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Х.Қ.Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева. Адам физиологиясы. Алматы, 2007.
В. Қ. Қасымбеков. А. Т. Қалдыбаева «Қалыпты физиология» оқу құралы, Ақтөбе 2016
Достарыңызбен бөлісу: |