«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет2/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
 
 
 
 
 
 



 
 
Модуль 1.
Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат). 
Сабақ 1.1. 
Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ). 
Мақсаты:
Адам өміріндегі денсаулықтың маңызды рөлін оқушылар санасында 
қалыптастыру, салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларын 
жасап шығару. 
Міндеттері: 
- Физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық туралы түсінік беру. 
- Денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру. 
- Салауатты өмір салтына анықтама беру. 
- Салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларының 
қалыптасуына жағдай жасау. 
Түйінді ұғымдар: денсаулық; физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық; 
денсаулыққа әсер етуші факторлар; салауатты өмір салты; салауатты өмір салтын 
негізгі құраушылар; денсаулықты сақтау мен нығайтудың әдістері; қоғамдық 
денсаулық. 
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топтардағы жұмыс
шығармашылық жаттығу. 
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магниттік тақта), флипчартты қағаз, 
маркерлер, мультимедиапроектор, А-4 қағазы; стикерлер. 
 
 
Сабақ барысы 
1. 
Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды. 
2. 
Бой сергіту. «Қошемет сөздер» ойыны. 
Оқушылар жұп болып, бір-бірімен тілдеседі: бір-бірін атап шақырады. 
Амандасып, бір-біріне қошемет сөздер айтады. Әр қайсысының алдында 3 минут 
ішінде барынша көбірек оқушылармен сөйлесіп қалу тапсырмасы тұрады. 
3. 
 «Ми шабуылы». 
Сұрақ: Денсаулық деген не? 
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады.
Сонан соң, оқытушы оқушыларды денсаулық тұжырымдамасын анықтауға 
шақырады. 
Сонымен қатар, оқытушы БДҰ-ның жарғысы бойынша, «денсаулық - аурулар мен 
физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық, жан-сезімдік және 
әлеуметтік саулық жағдайы болып табылатындығын» хабарлайды. Бірақ, бұл 
анықтама денсаулықты қауымдастық пен дербес деңгейде бағалу үшін қолданылуы 
мүмкін емес. БДҰ-ның пікірінше, медико-санитарлық статистикада дербес 
деңгейде денсаулықтағы пайда болатын ауытқушылықтар мен сырқаттардың 
жоқтығы түсіндірілсе, қауымдастық деңгейінде – өлім-жітім, ауру мен мүгедектік 
деңгейінің төмендеу барысы түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет