4
Модуль 1.
Денсаулық пен салауатты өмір салты туралы түсінік (2 сағат).
Сабақ 1.1.
Денсаулық. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі әдістері (1 сағ).
Мақсаты:
Адам өміріндегі денсаулықтың маңызды
рөлін оқушылар санасында
қалыптастыру, салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері мен дағдыларын
жасап шығару.
Міндеттері:
- Физикалық,
психикалық, әлеуметтік денсаулық туралы түсінік беру.
- Денсаулыққа әсер ететін факторлармен таныстыру.
- Салауатты өмір салтына анықтама беру.
- Салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттіліктері
мен дағдыларының
қалыптасуына жағдай жасау.
Түйінді ұғымдар: денсаулық; физикалық, психикалық, әлеуметтік денсаулық;
денсаулыққа әсер етуші факторлар; салауатты өмір салты; салауатты өмір салтын
негізгі құраушылар; денсаулықты
сақтау мен нығайтудың әдістері; қоғамдық
денсаулық.
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс,
кіші топтардағы жұмыс,
шығармашылық жаттығу.
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магниттік тақта), флипчартты қағаз,
маркерлер, мультимедиапроектор, А-4 қағазы; стикерлер.
Сабақ барысы
1.
Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлайды.
2.
Бой сергіту. «Қошемет сөздер» ойыны.
Оқушылар жұп болып, бір-бірімен тілдеседі: бір-бірін атап шақырады.
Амандасып, бір-біріне қошемет сөздер айтады. Әр қайсысының алдында 3 минут
ішінде барынша көбірек оқушылармен сөйлесіп қалу тапсырмасы тұрады.
3.
«Ми шабуылы».
Сұрақ: Денсаулық деген не?
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады.
Сонан соң, оқытушы оқушыларды денсаулық
тұжырымдамасын анықтауға
шақырады.
Сонымен қатар, оқытушы БДҰ-ның жарғысы бойынша, «денсаулық - аурулар мен
физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық,
жан-сезімдік және
әлеуметтік саулық жағдайы болып табылатындығын» хабарлайды. Бірақ, бұл
анықтама денсаулықты қауымдастық пен дербес деңгейде бағалу үшін қолданылуы
мүмкін емес. БДҰ-ның пікірінше, медико-санитарлық статистикада дербес
деңгейде денсаулықтағы пайда болатын ауытқушылықтар
мен сырқаттардың
жоқтығы түсіндірілсе, қауымдастық деңгейінде – өлім-жітім, ауру мен мүгедектік
деңгейінің төмендеу барысы түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: