Емтихан билеті №1



бет22/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Психологиялық – билікті нақты индивидтің мінез-құлқы арқылы түсіндіреді, сол мінез-құлықтың субъективті ниеттемесін, адамдар санасындағы биліктің көздерін ашуға тырысады.


  • Релятивистік (французша «relation»- қарым-қатынас деген сөз) – билікті екі әріптес арасындағы қарыс-қатынас ретінде қарастырады, біреуі екіншісіне белгілі бір ықпал етеді.




    1. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық.

    Саяси әлеуметтендіру мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңінен көтеріледі. Себебі сол кезеңде батыстық саяси жүйенің негізгі институттары дағдарысқа түскен болатын. Қоғамда сыбайлас жемқорлық күшейді, нәсілдік кемсіту жойылмады, саяси билікке адамдар қанағаттанбады. Бұл билік институттарына сенімсіздікті, саяси абсентеизмді, билікке жаппай қарсы шығуды күшейтті. ХХ ғасырдың 70 жылдары Батыс Европада соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар күшейді. Бұрынғы құндылықтар /жеке табыс, байлық/ өз мәнін жойды. Мысалы, хиппилер қозғалысы. Ғалымдар осы құбылыстардың мәнін ашу үшін бар күштерін салды. Бұл саяси әлеуметтендіру мәселесінің өзектілігін тудырды.
    Сонымен саяси әлеуметтендiру көптеген ғалымдардың айтуы бойынша адамның саяси кеңiстiкте өзiн-өзi ұстауына, белгiлi бiр билiк қызмет атқаруына көмектесетiн сала. Саяси әлеуметтендiру екi жақты процестi қамтиды:
    • жеке адамның белгiлi бiр норма, құндылық, күткен рөлiн игеруi;


    • белгiлi бiр саяси әрекет, мiнез-құлық түрлерiн қолдануы.


    Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:



    • қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;


    • қоғамның мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;


    • саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.


    Д.Истон мен Дж.Деннис саяси әлеуметтендіруді 4 кезеңге бөледі:



    1. саясаттану, яғни баланың ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын сезінуі;


    2. жекелеу, мұнда бала саяси билікті президент, полицейлер тұлғасы арқылы жекелеп сезінеді;


    3. дәріптеу, яғни саяси қайраткерге тек жақсы қасиеттерді тану;


    4. институттандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы (партия, сот, парламент, әскер т.б.) қабылдау.






    1. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау.

    «Әлеуметтік бақылау» - терминін айналымға алғаш рет енгізген француз социологы және криминологы Жан Габрие́ль Тард (1843-1904), оны бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын.

    Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Қылмыс – бұл мәселені зерттеуде оның динамикасына әсер ететін өте көп факторларды атауға болады. Мысалы әлеуметтік жағдай айналысатын іс түрі, білім, кедейшілшік бұл өз алдына жеке фактор, декласстау, яғни индивид және әлеуметтік топ арасындағы байланыстардың құлдырауы мен нашарлауы, қылмыстық жағдайда, нарықтық қатынасқа өтудің әсері зор. Бұл бәсекелестік, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердің пайда болуымен сипатталады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет