Емтихан билеті №1



бет31/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Білім беру[1] — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымынбілімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.[2]


ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 21



  1. Саяси тұрақтылық пен саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері.

Саяси тұрақтылық және ұлттық қауіпсіздік. XXI ғасырдың саяси тарихы бүкіл әлемнің бет-бейнесін түбірімен өзгертті, ол тұлға мен қоғамның қауіпсіздігі тұтас алғанда жекелеген елдер мен дүниежүзінің саяси өмірінде болып жатқан процестермен сөзсіз өзара байланыста екендігін барынша айқын көрсетті. Революциялар мен контрреволюциялар, партиялардың қарама-қарсы ұрандары және ұлтаралық қарама-қайшылықтар саяси қатынастардың дәстүрлі қалыптасқан жүйесін әлсіретті, саяси күрестің төтенше формаларының үстемдік етуіне алып келді, бұдан күрделі қатынастағы және бір-бірімен жауласушы көптеген ұлттық мемлекеттердің арасында салқындық жарқыншақтарының пайда болғанын да білеміз. Аталмыш жағдайда елдердегі мемлекеттілікті сақтауға бағытталған кез келген әрекет (күш салу) халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз ететін саяси тұрақтылықтың бағдарламасымен байланысты болуы тиіс. Сондықтан да саяси тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің және олардың арақатынасының проблемасы кез келген қоғам мен мемлекеттер қоғамдастығы үшін аса қолданбалы мәнге ие бола отырып, таза зерттеушілік міндеттердің шеңберінен әлде-қайда шығып кетіп жатады. Соған байланысты бұл проблема бірқатар саясаттанулық, әлеуметтанулық және зандық пәндердің тақырыбы болып табылатындығына қарамастан аз зерттелгенін қадап айтуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет