Гвинеядан Камерунға, Габонға және Конго ойпатына (Заир) дейін созылады.
Ормандарының флорасы бай және ерекше тұт, бұршақ, пальма, аннон, панданус, т.б. тұқымдастардан тұратын ағашты өсімдіктердің 13 мыңнан астам түрі бар. Мұнда бірнеше эндемиктік тұқымдастар, эндемиктік түрлер көп. Бамбук арасында түрлі эндемиктер көптеп кездеседі. Эпифиттер, мысалы, мүйізді папортник және рипсалис кактусы.
Судан-Замбези
Ол оңтүстік Мавританиядан, Сенегалдан, солтүстік-шығыс Гвинеядан және солтүстік Кот-Дивуардан Суданға, Солтүстік-Шығыс және Шығыс Тропикалық Африкаға дейінгі африкалық саваннаның кең аумағын қамтиды.
Құрғақ аймақ - Судан-Замбезийоблысының флорасы ерекше. Қараған түрлері, жапырақты тропикалық ормандар мен терминалия, комбретум, изоберминия түрлері, саваннада таралған дәнді өсімдік түрлері (піл шөбі, африка тарысы, т.б.) тән. Жуан діңгекті баобаб, көптеген суккуленттер өседі.