Тиімді тамақтану:
1 Тиімді тамақтануда адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
2 Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
3 Асқазан, жүрек-қан тамырлары т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады..
27.Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері
28.Халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығы
Әлеуметтік жағынан әлсіз топқа белгілі бір жағдайларға байланысты үйінен, асыраушысынан немесе еңбек ету қабілетінен айырылған (туғаннан болмаған) азаматтарды жатқызады.
Кіріс тұрғысынан алғанда, әңгіме өмірлік жағдайының қиын болуына байланысты кірісі төмен немесе ешқандай ақша табуға мүмкіндігі жоқ азаматтар туралы.
29. Салауатты өмір салтын насихаттауды басқару және денсаулықты нығайту бойынша ұлттық бағдарламалар мен кеңестер.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
• жеке бас гигиенасын сақта;
• күн тәртібін орында;
• денешынықтырумен айналыс;
• дұрыс тамақтан
• ағзаңды шыңда
• белсенді және көңілді
бол.
«Денсаулық» кешенді-мақсатты бағдарламасы. Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, білім алушылардың, әсіресе жоғары сыныптағылардың оқу күні ересектердің
жұмыс күні ұзақтығынан біршама артып түседі және тәулігіне 12-14 сағатты құрайды. Соңғы онжылдықта қосымша пәндер пайда болды, материалдың көлемі оған бөлінген сағаттардың қысқаруымен қатар біршама өсті. Осының бәрі оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне, күн режимінің бұзылуына, ұйқы, демалу, серуендеу уақытының, қозғалыс белсенділігінің қысқаруына әкеп соқты, бұлолардың физикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер етеді. Бағдарламаның мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын қалыптастыру.
Негізгі іс-шаралар: Дене шынықтырусауықтыру жұмысы, қызығушылықтары
бойынша спорт бірлестіктеріне,
студияларына қатысу. Білім беру үдерісіне
қатысушылар ортасында жайлы
жағдайларды, қолайлы психологиялық
ахуалды сақтау және ұстау. Салауатты өмір
салтын насихаттау. Оқушыларға
медициналық қызмет көрсетуді жақсарту.
Сырқаттануды ескерту жөніндегі алдын алу
іс-шаралары. Толыққанды, теңгерімді,
тиімді тамақтануды ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |