Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау



бет19/30
Дата21.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#102778
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Укрепление зд кулпаш

Туберкулез:
қол алысу
ортақ дәретхананы қолдану
ыдыс-аяққа, төсек-орын мен киімге жанасқан кезде жұқпайды
Туберкулезбен кім ауруы мүмкін?
Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Байланыстың жақын болғанына қарай, ауру қауібі жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің азаюы әсер етеді: басына түскен қатты ауру, дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекция. Туберкулезді әсіресе мектеп жастағы балалар мен егде адамдар қабылдағыш. Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. Ағзаны қорғауға және сол немесе басқа аурулардың пайда болуыны иммунитеттік жүйе жауап береді. Туберкулездің дамуы мен өршуі ағзаның әлсіз иммунитеттік жүйесінің нәтижелері болып табылады.
Туберкулезді дамытуға әсер ететін факторлар:
Негізгі фактор – иммунитеттің азаюы, оның себептері:
шылым шегу;
күйзеліс жағдайлар;
жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбау ;
жаман тұрмыстық жағдай;
маскүнемдік;
нашақорлық;
АИТВ/ЖИТС;
созылмалы өкпе ауруы болуы мүмкін.
Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек
Салауатты өмір салты!
Шылым шекпеңіз – ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін азайтады;
Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын азайтады;
Құнарлы тамақтану;
Жиі тексеріліңіз –Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Зерттелу тегін;
Вакциналау - туберкулездің таралуын ескертетін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияларға аса жақын және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауруы ықтимал.

Егер бала Манту сынамасын бағалау нәтижесі бойынша жұқтырса, аурудың анықтау үшін оны туберкулезге қарсы диспансерде қосымша тексереді және алдын алу мақсатында, ауру дамымау үшін ем тағайындайды. Жұқтырған балаларға профилактикалық ем міндетті түрде жасалады, ол туберкулез талшықтарының көбеймеуін тоқтатады және аурудың дамуын ескертеді. Шипажай және амбулаториялық түрдегі бейінді балалар мекемелерінде профилактикалық ем жасалады. Жұқтырған балаларда аурудың пайда болу қауібі профилактикалық ем жасаған кезде біршама азаяды. Әсіресе қауіп тобына туберкулезбен ауыратын ата –аналары немесе туыстарымен байланыста болған балалар кіреді.


емдеу туралы бірнеше сөз
Ауыр антибиотиктер қабылдау керектігіне, жанама әсер болатынына қорықпаңыз. Қазіргі заманғы жағдайда, әсіресе ауру уақытылы анықталған жағдайда туберкулез жақсы емделеді,. Ең бастысы емді үзбеу, себебі дәрі-дәрмекпен емделмеу, туберкулездің ауыр, емге қонбайтын, орнықты дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет