Эндокринология


Салыстырмалы диагностикасы



бет43/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   285
Салыстырмалы диагностикасы

  • Психогенді полидипсия невротикалық және психикалық бұзылыстар кезінде, бас миының органикалық патологиясында сұйықтықты тым артық қабылдаумен сипатталады. Психогенді полидипсия кезіндегі диурез қантсыз диабетте дамитын диурезбен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады. Салыстырмалы диагностикасы құрғақ тамақпен сынақты жүргізуге мүмкіндік береді.

  • Бүйректік қантсыз диабет кезінде вазопрессин дәрісінің әсері болмайды (полиурия мен полидипсияны тосқауылдау).

  • Қантсыз диабет себептерінің салыстырмалы диагностикасы. Ең алдымен гипоталамус-гипофизарлы аймақтың біріншілік және метастаздық ісікті жоққа шығару қажет. Сонымен қатар, қантсыз диабеттің егде жаста даму мүмкіндігін естен шығармаған жөн.



Емі
Вазопрессиннің синтетикалық туындысы — десмопрессин (адиуретин) екі түрде қолданылады: таблетка және мұрынға спрей ретінде. Таблетка түріндегі десмопрессин тәулігіне 3 рет 0,1–0,4 мг мөлшерде тағайындалады. Интраназальды спрей тәулігіне бірнеше рет беріледі. Нефрогенді қантсыз диабетінің ем жоспары өнделген емес. Сонымен қатар, десмопрессин, тиазидті диуретиктер (парадоксальды антидиуретикалық әсер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, литий дәрілерін жоғары мөлшерде тағайындау әрекеттері орындалып жатыр.


Болжамы
Операциядан кейін дамитын қантсыз диабет жиі- өткінші, ал идиопатиялық қантсыз диабет — керісінше, тұрақты. Адекватты ем қабылдайтын науқастарда қантсыз диабет болжамының нашарлауы жөніндегі мәліметтер жоқ. Егер қантсыз диабет гипоталамус-гипофизарлы жеткіліксіздік шеңберінде дамыса, болжам қантсыз диабет ағымымен емес, аденогипофизарлы жеткіліксіздік ағымымен анықталады.


2.8. «БОС» ТҮРІК ЕРШІГІ СИНДРОМЫ


«Бос» түрік ершігі синдромы (БТЕС) — біріншілік немесе нейрохирургиялық араласудан кейін дамитын түрік ершігі диафрагмасының жетімсіздігі, нәтижесінде оның қуысына бас миының жұмсақ қабығының еніп, гипофиз қысылып, жаншылып, клиникалық локальды және зат алмасулық-эндокринді симптомдармен көрінеді (2.10 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет